«Кублей» ЖШС көкжиекті кеңейтуде
Биылғы жылы консерві өнімдерін шығаратын жетекші қазақстандық компания – «Кублей» ЖШС-не 25 жыл болады. Нарықтық қатынастар мен әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-құрылымдар қолдауымен кәсіпорын дамып келеді.
Өзгерістер қажет
Кеңес Одағында ет-консерві саласы орталықтандырылған жүйе болатын. Оның негізін, сонымен қатар Қазақ КСР-да да ірі кәсіпорындар құрады. КСРО күйрегеннен соң нарықтық сипатқа ене бастаған кезде шағын зауыттар да көбейді. 1992 жылдың 2 қарашасында Орал қаласында етті консервілеп өңдейтін «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайда болды.
Басшылық алдында тұрған мәселелер өте күрделі-тұғын: инфляция жағдайында, шаруашылық байланыстар үзілген тұста Қазақстан мен ТМД-ның елдерінде бәсекелестікке төтеп бере алатын жоғары сапалы консерві өнімдерін шығаруды жолға қою міндеті болатын. Өзге ет-консерві зауыттарының жұмыс тәжірибесімен, әлемдік деңгейдегі осы саланың жаңа тенденцияларымен мұқият танысу, шаруалық ептілік сол кездегі өлшеммен заманауи өндірістік база салып, ет-консерві өнімдерін шығарып бастауға мүмкіндік берді.
Алғашында өнімнің бір түрі ғана – «Бұқтырылған сиыр еті» тәулігіне 5100 банка көлемінде шығатын. Бүгінгі таңда әр ауысымда 80 түрлі өнім 150 000 банка көлемінде шығарылады, оның ішінде етті, етті-өсімдікті, балық, деликатес, жеміс-көкөністі, тауық етімен дайындалған консервілер, дайын түскі астар, қазақтың ұлттық тағамдары, консервіленген сүт өнімдері де бар.
2009 жылы «Кублей» ЖШС ең танымал және әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие «Премиум» санатты жоғары сұрыпты «Бұқтырылған сиыр етін» шығаруды жолға қойды. Бұл өнім Қазақстанда ғана емес, елімізден тыс жерлерде де танымал. Саратов, Самара қалаларынан, тағы басқа ресейлік қалалардан келген қонақтармен тілдескен кездер болған. Олардың «Кублей» ЖШС өнімінің сапалы дәміне таң қалғанын білеміз. Сол дәмнің құпиясы неде деп сұрайды қонақтар. Тек жаңа технологиялар мен жоғары білікті мамандар ғана ма?
Табиғи шикізат
Ия, компания басшылығы әр кезде де технологиялық жаңалықтарды тездетіп енгізуге ерекше көңіл бөледі. Әлемдік өндірушілерден сатып алынатын өндірістік жабдықтар үнемі жаңартылып отырады, ол жабдықтар тағамдық қаңылтырды жоғары еуропалық сападағы материалдармен лактап-бояудан бастап Теміртау металлургиялық комбинатының қаңылтырынан өз ыдыстарын дайындауға дейін мүмкіндік береді. Жаңа цехтар, учаскелер, қоймалар мен төмен температуралы тоңазытқыштар іске қосылып, кірме темір жолдар жабдықталуда.
Бұның барлығы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының аймақтық филиалының көмегімен алынған банк несиелері арқасында мүмкін болып отыр. «Даму» қоры несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда зауыттың жалпы аумағы 15 мың шаршы метрді құрайды.
Алайда заманауи технология дегеніміз табысты істің жартысы ғана. Өз өндірісінде «Кублей» ЖШС тағамдық және гендік модификацияланған қоспаларды қолданбайды, олар тек табиғи, Қазақстан мен өзге де мемлекеттерде шығарылған жоғары сапалы шикізатты пайдаланады.
Кәсіпорында «ҚР СТ ИСО 9001-2009» сапа менеджментінің халықаралық жүйесі және «ҚР СТ ИСО 22000-2006 азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі» енгізілген. Барлық өнімдерін зауыт ГОСТ пен ҚР СТ-ға сәйкес, ҚР мен Кеден одағының, Ұйым стандарттарына сай шығарады.
Сапа мен қауіпсіздік тұрғысындағы компания саясаты заманауи сапа философиясына сәйкес іске асырылуда. Яғни өндірістік жұмыстың табысы оның барлық элементтерінің сапасымен анықталады, оның ішінде қызметкерлердің дайындығы мен кәсіпорын табысты болуына мүдделілігі, нарық жағдайындағы мобильдігі, қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаны қорғау туралы талаптарды сақтауы сияқты факторларға тікелей байланысты.
«Кублей» ЖШС өнімдерінің барлығы да қолдануға дайын тұрғандығы кездейсоқтық емес. Ет консервілерінде балғын табиғи ет пен дәмдеуіштер бар. Тағамды дайындау үшін тек гарнир қоса қою керек, тұтынушыларды дәмі мен иісі таң қалдыратын тағам күтіп тұр.
Қазіргі барлық үрдістер тездетілген заманда бұл да маңызды мәселе. Ғалымдардың пікірінше, қазіргі әйелдер өз өмірінің 8-9 жылын тамақ әзірлеп, үстел үстін жинауға, дүкен аралап, ыдыс жууға жұмсайды екен. Осы жағдайды ескерсек, пайдалануға дайын тұрған «Кублей» ЖШС консервілері тұтынушының уақытын үнемдейді, ал бұл түптеп келгенде олардың денсаулығына оң әсерін тигізеді.
«Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн.
Біз фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз керек. Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардың жеткілікті қаржылық дербестігін бекемдей түсу қажет. Сонымен бірге, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керек. Әкімдер өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тиіс, ал Үкімет жалпы мемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет».
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» атты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан.
2017 жылғы 31 қаңтар
Лайықты марапаттар
Зауыт өнімі түрлі ұлттық, шетелдік дәрежедегі арнайы және кәсіби көрмелер мен конкурстардың көптеген марапаттарына ие. 2011 жылы компания «Парыз» белгісімен марапатталды. 2013 жылы «Кублей» ЖШС «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесінде «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші орын алды. 2012-2014 жылдары компания тағам сапасы саласындағы жетістіктері үшін «Мінсіз» («Безупречно») белгісіне қол жеткізді.
2013 жылы «Сапалы өнім» көрмесі барысында кәсіпорын бірінші орын алып қана қоймай, «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша Қазақстан Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына ие болды.
2015 жылдың нәтижесінде «Кублей» ЖШС қаржылық-экономикалық реттеу нәтижелері бойынша рейтингте жоғары көрсеткішке қол жеткізді: қаржылық-шаруашылық жұмысының төрт номинациясының қорытындысымен ҚР кәсіпорындары арасында «алтын» алды.
2017 жылы компания «Салықтар сомасы» көрсеткіші бойынша ҚР кәсіпорындары арасында бірінші орын алды.
Ертеңге мақсат
Кублейліктер бұл жетістікке тоқтап қалмайды. Талғат Берекешев жетекшілік ететін кәсіп-орын кадр даярлау жұмысына көп көңіл бөледі. Оқыту кәсіп-орын есебінен іске асырылып, өндірістік тәжірибеден кәсіп-орын цехтарында өтеді. Осылайша жергілікті арнайы орта білім беру орындары студенттерін кәсіби дайындығы барысында теория мен тәжірибелік білім үндесіп жатады. Ал бұл өз кезегінде қажетті біліктіліктегі мамандармен қамтылуына көмектеседі.
Кәіпорында толықтай әлеуметтік пакет, лайықты да үнемі өсіп отыратын жалақы қарастырылған. Өздерінің 400 қызметкері үшін түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен сауықтыру шаралары өткізіліп тұрады. Кадрларды осылай қамқорлау, олардың қатарын жоғары білікті мамандармен толықтыру жалғасын таба бермек.
2016 жылы ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен мал сою цехы бар заманауи ет өңдеу зауыты іске қосылды. Мұнда малдар сойылып, жаңа суытылған ет шығарылады. Жаңа цехта 150 жұмыс орны ашылды.
Зауыттың материалдық-техникалық базасын дамыту, жаңа өндірістік желілер ашу жалғасын табатын болады. Нақтырақ айтсақ, мал-жануарлар үшін азық пен жартылай дайын өнімдер өндіру көлемін арттыру жоспарланған.
Алда әлі химиялық, физикалық және бактериологиялық тұрғыдан мүмкін болатын қатерлерді жүйелі сараптау үшін және ол қатерлерді бақылау үшін халықаралық стандарт принциптеріне негізделген менеджмент жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар күтіп тұр.
«Кублей» ЖШС жеткен жетістігіне тұрақтап қалмайды, өндірістік көкжиекті кеңейтіп, алға тек сеніммен қарайды.