Даму драйвері

21 сентября 2017
0
1974

Биылғы жылы қаланың шеткері аудандарындағы аулаларды абаттандыру қолға алынған болатын: «Строитель», «Северо-Восток», сондай-ақ Павлодар көшесіндегі аулалар абаттандырылды. Тұрғындар болса, жолдардың асфальтталып, бетон жабыны бар автотұрақтар пайда болып, өзге де инфрақұрылымның жақсаруына қуанышты. Жазда басталған жұмыстар қаланы көркейтіп, шұғыл түрде аяқталуда. Сонымен бірге республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың деңгейлі құрылысы мен жөндеуі жүргізілді.
Осы бағыттағы көлемді жұмыстардың бір бөлігін «Айдана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.

«Жиырмаға жуық аула биыл абаттандырылды, келесі жылға тағы да жиырма бесін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Аулаларды абаттандыру бағдарламасына сәйкес асфальттаудан өзге, тұрақтарды кеңейту, подъездер алдына арқалығы бар орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнаттық. Екі-үш жылда бұл бағдарлама толықтай іске асады, – деді «Айдана» ЖШС директоры Аветик Амирханян. – Облыс басшысы Алтай Сейдір-ұлы Көлгінов жолдар құрылысын, аулалар жағдайын қатаң бақылауда ұстайды, апта сайын жұмыс барысын өзі барып қарап кетеді. Біз қаржылай да, кез келген мәселені шешуде де, мысалы, шикізат уақтылы жеткізілмесе, қолдау тауып отырмыз. Өндірістегі маңызды мәселенің бірі – қаржының жеткілікті болуы, сондықтан әлсін-әлсін несие алып тұрамыз.

Қазақстан Президентінің саясатының дұрыстығы жылма-жыл еліміздегі оң өзгерістермен дәлелденуде. Бүкіл әлемде дағдарыс болып жатқанда, біздің елде ондай қатты білінбейді. Себебі біздерде «Бизнестің жол картасы-2020», «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, «Жұмыспен қамту картасы» және басқа мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істеп тұр, оларды іске асыруға үлкен қаражат бөлінуде, – деп жалғастырды сөзін ел дамуының негізгі драйверлерінің бірі – инфрақұрылымды жақсартуға белсенді қатысып жүрген құрылыс фирмасының басшысы.

Қазақстан азаматтары жұмыспен қамтылған, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Жұмыстың көптігі сондай демалыс күндері де, мереке күндері де: 1 мамыр, 9 мамыр сияқты мерекелерде де жұмыстан қалмаймыз, өйтпесек тағы болмайды – маусымдық жұмыс болғандықтан: көктем-жаз-күз мезгілдерін пайдаланып, жаңбыр жаумай тұрғанда жоспарланған жұмыстарды бітіруіміз керек. Жұмысшы мамандықтары әрқашан да сұранысқа ие, әсіресе қазіргідей ел бойынша жаппай жол құрылысы, бизнес-орталықтар, мәдениет ошақтары, саябақтар мен тұрғын үй құрылысы қарқындап тұрған шақта. Жұмыс жоқ деп жылайтындарды түсінбеймін, тыңдағым да келмейды. Ниеті болса, жатып ішер еріншек болмаса, екі қолға бір күрек қашанда табылады».

«Айдана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі бағытта жұмыстанады: жол құрылысына қажет материалдар – бордюрлар, жаяу жүргінші жолдарына төселетін тас төсемдердің түрлерін шығару және облыс пен қала аумағындағы жол құрылысы.


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 128,3 мың шақырымды құрайды, оның 97,4 мың шақырымы жалпы қолданыстағы автожолдар болса, ал 23,5 мың шақырымы республикалық маңызы бар және 73,9 мың шақырымы облыстық, аудандық маңызы бар жолдар.

Басымдықты автожолдар жобаларын осы бағдарлама аясында іске асыру Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының бүтіндік және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыруға, іске асырылып жатқан 2020 жылға дейінгі көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту мен интеграциялаудың мемлекеттік бағдарламасының шараларын толықтыруға, елдің макроаймақтарын сәулелік принцип бойынша толықтай интеграциялауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Өндірістік желі заманауи ресейлік жабдықта жұмыс жасайды, шикізат Қазақстаннан: Ақтөбеден – қиыршық тас, Павлодардан битум алынады. Бұрын барлығы Ресей Федерациясынан алынатын, темір жол тарифтері қымбаттағаннан бері бағалар екі есеге өсіп кеткен. Жобалық-сметалық құжаттамада битум бағасы тоннасына 72 мың теңге болса, қазір ол 135 мың теңгеге дейін жетіп қалған.

Батыс Қазақстан облысындағы жолдар жағдайы әлі де маза бермей тұр, тоз-тозы шыққан трассалар мен асфальт жолдың жоқтығы тек жергілікті тұрғындарға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға да өз залалын тигізіп отыр. Бұл мәселені Алтай Сейдірұлы ең басты да өзекті мәселенің бірі деп көрсетіп, былтыр аймағымызға премьер-министр жұмыс сапарымен келгенде жолдарды қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін азайтпауды сұрады.

Үстіміздегі жылы «Айдана» ЖШС Шыңғырлау, Ақжайық және Сырым аудандарында, сондай-ақ облыс орталығындағы жолдарды жөндеді. Бұл жобаларға өзге де мердігер компаниялар қатысқан болатын. Облыстық мәслихаттың 12-сессиясында Алтай Сейдірұлы айтқандай, жолдар құрылысына биыл 35,3 млрд. теңге бөлінді, ол қаржыға 502 шақырым жол жөнделмек. Саратов бағытындағы трасса жөнделіп жатыр. Республикалық: Жалпақтал, Жәнібек, Атырау мен Самара бағытындағы тас жолдардың 155 шақырымы тапсырылмақ. Облыстық және аудандық деңгейдегі жолдардың 127 шақырымы жөнделуде. Қала мен ауылдардағы 140 шақырым ішкі жолдар да жөнделуде. Қалпына келтіру жұмыстары қаладағы ірі автомагистралдардағы көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді, облыстың ірі елді мекендерін асфальт жолдармен қосуға мүмкіндік береді.

ЖШС жол құрылысымен айналысқаны бірінші жыл емес. Кәсіпорын беделге ие, нәтижелі жұмысының дәлелі ретінде облыс пен аудан орталықтарын абаттандыру мен инфрақұрылымын дамытуға, облыс экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін берілген түрлі кубоктар, дипломдар, алғысхаттар мен өзге де марапаттар бола алады. Директордың сөзінше, қаладағы аулаларды абаттандыру жұмыстарын тәмамдау жоспарда бар. Одан соң кезекті бағдарлама – балаларға арналған спорт алаңдары мен кей жерлерде спорттық кешендер құрылысын жүргізу. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тендерді ұтқан жағдайда құрылыс жұмыстарын сол бұрынғы қызметкерлер атқарады. Одан басқа облыс ауылдарындағы жолдар құрылысы да жалғасын таппақ.


Қазақстан – әлемдегі территориясы бойынша тоғызыншы орында. Инфрақұрылым құрылысы көптеген инвестицияны талап етеді, бірақ келешек ұрпақ үшін мұра болып қалатындай мәнге ие. Тек келесі үш жылда жолдар, электр желілері, коммуникациялар құрылысына 14 миллиард доллар бағытталатын болады. Бұл қаражаттың үштен бір бөлігі – халықаралық қаржы институттардағы біздің серіктестеріміз бөлген қаржы. Астанадан барлық облыс орталықтарына қарай күн сәулесі принципі бойынша автожолдар жүйесін саламыз, темір жолдар, көпірлер, электр желілерін, мектептер мен ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық нысандары мен тұрғын жайлар салатын боламыз. Бұл өз кезегінде ел аймақтарының қалыпты дамуына қол жеткізіп, экономикалық даму ғана емес, әлеуметтік-демографиялық жағдайындағы үйлеспеушілікті азайтуға мүмкіндік береді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру көптеген нәтижелерге қол жеткізеді. 2019 жылға дейін ірі қалалар арасындағы жол уақыты қысқарып, көршілес елдерге шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Электр қуатындағы қажеттілікті толықтай қамтамасыз ететін бірыңғай энергожүйе қалыптасады. Сонымен қатар бағдарлама аясында жарты миллионға жуық жұмыс орны ашылады.

Астанадағы VIII халықаралық экономикалық форум
«Бизнестің жол картасы-2020»


«Елімізде тыныштық, тұрақтылық, келісім орнаған, халық ертеңгі күнге сеніммен қарайды, шетелдік компаниялар мен қорлар миллиардтаған өз қаражаттарын Қазақстан Республикасының түрлі салалары мен өндіріс орындарына инвестиция ретінде құйып отыр. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірігіп жұмыстануы арқасында көптеген әлеуметтік жобалар мен акциялар ұйымдастырылып тұрады. Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын нақты қолдау туралы үнемі айтып жүреді, – дейді Аветик Рубенұлы. – ЖШС өз қаржысына біз көпбалалы отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмектесіп, мүгедектер мен жетімдер үйін қолдап отырамыз, соғыс және еңбек ардагерлеріне көңіл бөлуді де ұмытпаймыз. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясында қоғамды біріктіру, мемлекетті дамыту, экономиканы нығайтып, ұлттың көркеюіне бағытталған көптеген қоғамдық жұмыстар атқарамыз».

Ал серіктестіктің атауы неге «Айдана» деп аталатынына келсек, сонау 1973 жылы Оралға келген кезде бір жолдасының үйінде тұрып, соның моралдық қолдауымен орнықты. Соған алғыс ретінде фирмасын өзі орын тепкен даланың ұлы – сол жолдастың қызының атымен атауға бел буып, аймақтың дамуына барынша үлесін қосып келеді.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top