«Алтын сапа» байқауы – Тауар және қызметтің сапасын дәлелдеу
Бүгін Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы «Алтын Сапа» президенттік сыйлығы байқауы мен «Қазақстанның үздік өнімі» ұлттық байқауы мен көрмесінің рәсімдері мен бағалау әдістемесі бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинарға 50-ден астам аймақтық өндіруші қатысып, ұлттық байқаулар жөніндегі басқарушы директор Мерей Исаевадан байқау материалдарын дайындау бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Семинарға қатысушылар сондай-ақ «Парыз» ұлттық әлеуметтік байқауына қатысу талаптарымен танысты.
Жыл сайынғы «Алтын Сапа» президенттік сыйлығы байқауы мен «Қазақстанның үздік өнімі» ұлттық байқауы мен көрмесіне өтінімдер қабылдау әлі де жалғасуда.
