Су санауыштарын үйден салыстырып тексеру

20 февраля 2014
0
3265

Суды есептеу аспаптарын орнату су ресурстарының тұтынуын үнемдеуді қамтамасыз етудің аса тиімді тәсілі болып табылады. Ол операция суды тұтынуды төлеумен байланысты қаржы қаражаттарының шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Есептеу аспаптарын қалыпты пайдалану үшін су санауыштарын тексеру және салыстырып тексеру үнемі өткізіліп тұруы тиіс. Ол неге қажет? Көпшілігі су санауыштарын салыстырып тексеру неге қажет екендігін білмейді, ол не екендігін де білмейді. Жай тексеру мен салыстырып тексерудің айырмашылығы неде?

Су санауыштарын тексеру су санауыштарының техникалық қызмет көрсетуіне жатады, ал салыс-тырып тексеру – ол осы өлшем құралы өлшеуі тиіс параметрді дұрыс өлшейді ме, соны түсіну үшін өлшем құралдарымен жүргізілетін операция. Мысалы, дүкеннен алма сатып алғанда біз сатып алушылар ретінде дүкендегі таразы дұрыс өлшейтіндігіне және бізді алдамайтындығына сенімді болуымыз керек. Сатып алушы да өз алдына таразысының «біздің пайдамызға» алдамайтындығына сенімді болуы тиіс. Яғни, нарықтың әр қатысушысы сол таразылардың көрсеткіштерінің дәлдігіне сенімді болуы тиіс. Су санауыштарымен де жағдай солай! Өйткені олар жай суды ғана есептемейді, олар тұтынылған ресурске біз төлеуге тиіс біздің ақшамызды есептейді. Сонымен қатар бізге суды сататындар да санауыштардың көрсеткіштерінің дәлдігіне сенімді болулары тиіс.

Әр су санауышы мерзімді салыстырып тексеруді қажет ететін өлшеуіш аспап болып табылады. Әр өлшеуіш аспаптың, біздің жағдайымызда су санауышының өлшем қателігі болады. Өлшем қателігі паспортта көрсетілгеннен аспауы тиіс. Абоненттердің назарына салғым келетіні, әр су санауышының паспорты болады, онда кез-келген техникалық аспаптағыдай оны пайдалану мерзімі және бірінші салыстырып тексеру мерзімі тіркелген, ол санауыштың клеймосында көрсетілген. Санауышты орнатқан күннен бастап емес, клеймода көрсетілген күннен бастап салыстырып тексеруаралық интервалы басталады. Біздің елімізде аспаптарды зерттеудің салыстырып тексеруаралық интервалы дайындаушы-зауыттармен емес уәкілетті мемлекеттік органдармен белгіленеді. ҚР 07.06.2000 ж. №53 «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабының 1-тармағы бойынша «мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізу саласында қолданылатын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шыққанда, пайдалану және олардың типін бекітуден кейін импорт бойынша кіргізгенде немесе метрологиялық аттестаттаудан кейін және Мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде тіркегеннен кейін салыстырып тексеруге жатады». Оларды одан әрі пайдалану үшін санауыштарды салыстырып тексеру қажет. Салыстырып тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғында «Санауышты қай жерде салыстырып тексеруге болады?» деген орынды сұрақ пайда болады. Салқын және ыстық су санауыштарын салыстырып тексеруді «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы зертханада жүргізеді, сонымен қатар БӨЛШЕКТЕМЕЙ және пломбаларын алмай үйден де жүргізеді. Сізге бар керегі – маманды шақыруға өтінім беру, содан соң салыстырып тексерілетін аспапқа еркін қолжетімдікті қамтамасыз ету және салыстырып тексеру құнын төлеу. Санауыштарды салыстырып тексеру УПСЖ-3ПМ салыстырып тексеру қондырғысы арқылы орнында алмай жасалады. Бұл тұрғындар үшін ең ыңғайлы рәсім болып табылады, және ол арқылы сіз құбырлар жарылады деп немесе ағып кетеді деп қорықпайсыз. Бұл процесс барлығы 30 минут уақыт алады. Бұл жаңа санауышты сатып алғаннан қолайлы және тез болып табылады, ал жаңасының және салыстырып тексерілген санауыштардың салыстырып тексеру мерзімі бірдей.

Салыстырып тексерудің оңды нәтижесі кезінде пломба қойылады немесе лейбл жапсырылады, сондай-ақ салыстырып тексеру әрекетінің мерзімі көрсетуімен санауышты салыстырып тексеру туралы паспортта белгі қойылады. Ал жағымсыз нәтиже алынғанда су санауышының есептеу құралы ретінде одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы хабарлама беріледі.

Б. Мусиев

ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top