Табысқа жеткің келсе – үздік болуға тырыс

5 октября 2017
0
2958

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында бүгінгі жағдайда әлеуметтік жаңғыртылудың мәні мен мақсаты қоғамды жаңа индустриалдық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге бейімдеу екенін атап өткен болатын. Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғам игілігін кең қамтитын ұтымды теңгерімді табу қажет, құқық пен әділеттілік принциптеріне негізделген әлеуметтік қатынастарды нақтылау керек. Сонымен қатар қазақстандықтардың өз бетінше өмір сүріп, бастамашыл еңбекке икемделудің тиімді жүйесін құру айрықша бағыт болып табылады.

Ел тәуелсіздігінің екі онжылдығында шағын және орта бизнес секторы нөлден басталды, соның өзінен азаматтардың өз ісін бастауға деген құлшынысы байқалады. Дамыған елдерде шағын және орта бизнес секторы ішкі жалпы өнімнің қалыптасуына қомақты үлесін қосады. Бүгінгі таңда Қазақстанда да экономиканың осы секторын кеңірек дамыту үшін нақты қадамдар жасалуда. Осылайша, қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру үшін елімізде кәсіпкерлік саласын реттейтін нормативтік-құқықтық база қалыптастырылуда, бизнеске салықтық жеңілдіктер жасалып, кәсіпорын ашу процедуралары жеңілдетіліп, қаржылық немесе қаржылық емес кешенді қолдау көрсетіледі. Осы шаралар арқасында шағын және орта бизнес біздің елімізде де серпінді де жаппай сипатқа ие болып келеді.

Облыстағы табыспен дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі «KAZKON» Орал кондитерлік фабрикасы. Кәсіпорынға Марат Жаулыбайұлы Қаженов жетекшілік етеді. Ол «тәтті» істің қыр-сырын білетін маман.

Кәсіпорынның көптеген марапаттары бар, азық-түлік, сусын және көптеген елдердің тағам өнеркәсібінде қолданылатын жабдықтар қойылатын халықаралық «InterFood-2012» көрмесінің алтын медалі де бар. Ол көрмеге 100-ден астам компания мен 3,5 мыңнан астам келуші-мамандар қатысты.

«KAZKON» Орал кондитерлік фабрикасы «Кондитерлік өнімдер» номинациясы бойынша бірінші орын алды. Кәсіпорын тек Батыс Қазақстан аймағын ғана емес, Алматы мен Ресейдің кейбір облыстарын да тәттімен қамтып жүр.

Пірәндіктер өнімі МС (ГОСТ), яғни мемлекеттік стандарттарға сай өндіріледі. Құрамында сироп, ас содасы, ұн, тұз, өсімдік майы бар. Бір қарағанда аса бір ерекшелік жоқ сияқты. Бірақ қорытынды шығаруға асықпайық. Бұл пірәндіктердің өз құпиясы бар, бірақ кондитерлер оны ашпай отыр.

Бір кездері пірәндіктерді балы бар нан деп атаса керек, себебі ол ерекше бір дәмі бар бал, қарабидай ұны мен жидек шырыны қосындысынан тұрды. Қарапайым да татымды емес пе.

– Бүгінде рецептура өзгерген, – деп түсіндіреді мамандар. – Бірақ құрамында сол баяғы бидай мен қарабидай ұны, салымы бар пірәндіктерде тосап, және де дәмдеуіштер бар.

Цехта тәулік бойы қарбалас. Процесс бір минутқа да тоқтамайды. Қамыр илегіштер, пештер – барлығы өз істерін жасап жатады, процесті операторлар басқарып тұрады.

Дәл қазір итальяндық жабдықтар конвейермен шекерлі печеньесі «басылып» жатыр. Хош иіс цехты алып кетеді. Ұжымның көп бөлігі жастар. Қыз-жігіттер өздеріне осындай өндірісте жұмыс жасаған ұнайтынын, жалақы мен еңбек шарттарына разы екендіктерін айтты.

«Біздің стратегиялық мақсат-тарымыздың бірі – 2050 жылға қарай елдегі ЖІӨ-ге шағын және орта бизнестің салымын 50%-дан кем емес ету. Өршіл, бірақ қол жетімді мақсат», – деді өзінің «Қазақ-станның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Оның тапсырмасы бойынша Үкімет осы жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісті.

Айсәуле мамандығы бойынша филолог, академия бітірсе де мектепке баруға асықпайды.

Марат Жаулыбайұлының өзі Санкт-Петербург қаласындағы әскери училищені тәмамдаған. Ішкі істер органдарында жұмыс жасаған.

Соңынан бизнеске біржола кетті. Қалаға цемент жеткізумен айналысты. Цементті Өзбекстаннан тасымалдап жеткізді. Әрине, жақын маңнан да осы құрылыс материалын шығаратын зауытты табуға болар еді, бірақ оған кепілді де тұрақты түрде жеткізуші керек болды. Және де Ташкенттегі бағалар біршама арзан еді. Соның есебінен жолға жұмсалған қаржы өтелетін еді. Өзбекстан экспортқа тек халықаралық биржа арқылы ғана шығатынды. Жаңа іс бастаған кәсіпкер халықаралық сауда шарттарын игеріп, тіркеуден өтіп, брокерлер жалдап, содан соң ғана сауда-саттыққа қатыса алатын еді. Шындығына келгенде, ол қазір де құрылыс материалдарын сатумен айналысады.

Тәттілер пісіруге кездейсоқ келді. Мүмкін, кейбіреулерге асыра айтқандық болып көрінер, бірақ ол мемлекеттік саясатты қолдауға тырысады. Шағын және орта бизнес тек бәсеке бар жерде дамып жетіледі. Ең бастысы, адамдарды жұмыспен қамту.

– Қалай табыс табу жолдарын іздеген кезде, түрлі нұсқаларды қарастырдық, біз ең алдымен кәсіпкерміз ғой. Идеялар көп болды – гипсті картон, құрылыс-монтаж көбігін өндіруден бастап, ойыншық шығаруға дейін. Біз Германиядағы көрмені көріп, ол жақтан пластик ойыншық үлгілерін алып келдік. Бірақ тағам өндірісі шындап ойландырды. Облысымызда кондитер өнімдерін шығару оңай көрінді: қажетті шикізат базасы бар, сол ұн мен жұмыртқа өзімізде өндіріледі. Және біздің астығымыз жоғары сапалы. «Белес», «Желаев НӨК» фирмаларымен көптен бері әріптестік орнаған.

Енді осы сала бойынша халықаралық көрмелерге барып, бизнестің ерекшеліктерін түсінуге тырыстық. Нәтижесінде Еуропадан жабдықтар сатып алдық. Қымбат болса да, сапасы жоғарылау. Бірнеше жүздеген килограммен ғана бастадық, уақыт өте келе көлемі өсті.

Марат Жаулыбайұлы жолыңда істі жіті түсінетін адамдардың кездескені өте маңызды екенін мойындайды. Бұл тұрғыда оның жолы болғыш. Ең бастауында бизнес-серіктестер ретінде ірі кәсіпорындар: «Болашақ-Т» ЖШС директоры Қайдар Жасенұлы Кощанов, «БКМК» ЖШС директоры Асқар Дыбысқалиұлы Кабанов, «Отделстрой ҚКФ» ЖШС директоры Валентина Павловна Михно сияқты тұлғалар қолдау көрсетті. Тағам өндірісіне кіріскен кезде «Сауда Инвест» ЖШС жетекшісі Андрей Викторович Барабашпен жұмыс жасай бастадық. Әріптестік әлі де жалғасып келеді.

Тұтынушылар сенімін жаулап алу қажет. Адамдар өздеріне үйреншікті нәрселерді қалайды.

Нарықта тауар түрлері жетіп артылады. Тұтынушыға сапасы белгілі болып қалған брендтер бар. Марат пен оның кондитерлер командасы өз орындарын жаулап алуға барын салды. Халық оларды таңдау үшін олар үздік болуға тура келді. Оған тек уақыт қана керек еді.

Алғашында өндірісте он шақты адам ғана жұмыс жасады, олардың екеуі фабрикада жұмыс өтілі бар кондитер болса да, шетелдік жабдықтар технологиясын білмеді. Оларды еуропалықтар оқытып, үйретті, машиналарды да солар орнатты.

Аяққа тұрып алғасын кәсіп-орын түрлі конкурстарға, оның ішінде халықаралық дәрежедегі конкурстарға да қатыса бастады. Олар ешқашан да қайырымдылық акцияларынан бас тартпайды. Осы тұрғыдағы алғыс хаттар басшылық атына көптеп келеді. Мектеп оқушыларының Ржев қаласына сапарын қаржыландырды. Жыл сайын «Мектепке жол», «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» акцияларына қатысады.

Суретке түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top