Музыкада шек жоқ

14 декабря 2017
0
3239

Галина Калашникова – қаламызда танымал адам. Ол – орыс халық аспаптары оркестрінің шығармашылық жетекшісі жəне бас дирижері. Бұған қоса ол Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның əртісі, аккордеонда керемет ойнайды. Бұл жерде оның жеке бағдарламасы бар. Галина Александровна əріптестерімен бірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы, əсіресе «Жаһандық əлемдегі Қазақстанның заманауи мəдениеті» атты бөлігінің мақсат-мүдделерін жүректеріне жақын қабылдады.

Біз ол кісімен «Зенит» зауытының Мәдениет сарайында өткен Оралдық ірі кәсіпорындардың бірінің ардагерлеріне арналып ұйымдастырылған концерттен соң кездестік. Көрермендердің ыстық ықыласы мен құшақтарын толтырған гүлдерге қарап-ақ, сол орыс халық аспаптар оркестрінің, «Николенька» балалар қасық ұрғыштар ансамблінің, облыстық филармония әртістерінің өнері баршаны тәнті етті деуге болады. Қазақ композиторларымен қатар, орыс композиторларының шығармалары да орындалды. Ал соңында баршаға белгілі Қазақстан Республикасының әнұранына айналған Шәмші Қалдаяқовтың әнінің мелодиясы естілгенде, зал түгелдей орнынан тұрды…

– Бізді қай жерде де жылы қабылдайды, – дейді Галина Александровна. – Мысалы, жуырда біздің филармония Ақсай қаласында гастрольмен болды. Біз өнер көрсеткен қалалық Мәдениет үйіне кіру тегін болды. Көрермен қазақ халық әндері мен заманауи композиторлардың шығармаларын тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Бағдарламаға Жайық өңірінде тұратын өзге де халықтардың әндері де қосылды. Өзіміздің миссиямызды көп ұлтты аймағымыздың өнері мен мәдениетін тарату және насихаттау деп білеміз. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» сияқты тағдыр шешетін бағдарламаны іске асыру басталған шақта. Филармония қызметкерлерінің гастрольдері тек қаламыз бен облыс көлемімен шектелмейді. Олар республиканың өзге де өңірлеріне шығып тұрады. Мысалға, көрші Атырау қаласынан оралды, ол жақта батыс қазақстандық өнер ұжымдарының концерттеріне қашан да риза.

– Галина Александровна, орыс халық аспаптары оркестріне жетекшілік ететіні-ңізге қарамастан, қазақ композиторларының шығармашылығы, халық музыкалық өнері репертуарыңызда ерекше орын алады екен…

– Өте дұрыс айтасыз. Бұл әрқашан да солай болған. Бірақ соңғы кезде бұған ерекше көңіл бөлініп, алдыңғы жоспарға шығып келеді. Оның үстіне біздің ансамбль өзімен өзі емес, қалалық әкімдіктің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанында жұмыс жасайды. Бірнеше күннен соң біздің шығармашылық ұжымның 20 жылдығына арналған қайырымдылық бастамамен концерт өтеді. Оған Ресейден де қонақтар келмек. Біз оларды өзіміздің музыкалық дәстүрлерімізбен, жетістіктерімізбен ғана емес, музыкалық аспаптарымызбен, әсіресе өзіміз ойнайтын қазақ ұлттық аспаптарымен таныстырамыз.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top