БҚО-да Шелл Қазақстан қолдауымен «Orle» жобасы өз жұмысын үшінші жыл бойы жалғастыруда
Өткен демалыс күндері, 5-6 тамызда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратында «Orle» жобасы аясында көкөніс өсіру бойынша трениң өтті, онда әлеуметтік осал топтарына жататын облыстың 20 тұрғыны қарқынды оқыту сессияларына қатысты. Қатысушылар жобаға қатысуға арналған ашық байқау арқылы іріктелді.
Бұл Орталық Азияның Еуразия Қоры мен Шелл Қазақстан компаниясының ынтымақтастығымен өңірде «Orle» жобасын іске асырудың үшінші жылы. Жыл сайын жобаға қатысуға деген жергілікті тұрғындардың қызығушылығы мен құштарлығы артып келеді. Бұны биыл келіп түскен өтінімдердің санынан да байқауға болады – жалпы 235 өтінім, олардың жартысынан көбі – БҚО-дан. Көкөніс өсіруден басқа, Orle-нің екінші бағыты бар – қолөнер (киіз басу).
Көкөніс өсіру негіздері бойынша оқытылған 20 адамның 7-сі өз ісін бастау үшін инвестиция ала алады. Комиссия сапалы және тиісті өтінімдерді бағалайды, онда өтініш берушілер өздерінің толыққанды бизнес-идеяларын, жылыжайда не өсіргісі келетінін және өз өнімдерін қалай сатуды жоспарлап отырғанын ұсынады.
«БҚО әкімдігіне, ауыл шаруашылығы басқармасына жобамызды техникалық қолдағаны және трениң өткізуге арналған залды ұсынғаны үшін алғыс айтамыз. Оқудан өткендердің арасында көп балалы аналар, тіпті әкелер, жұмыссыз жастардың өкілдері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар және көру қабілеті нашар бірнеше адам бар. Олар — Орал, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Бәйтерек аудандарының тұрғындары», – деп түсіндірді «Orle» жобасының үйлестірушісі Ақмарал Қарлыбаева. – «Трениңтер барысында олар жеке учаскеде пленкалы жылыжайлар салу бойынша білім алды, агротехника негіздерін және көкөніс көшеттерін өсіру әдістерін игерді, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларымен күресу әдістері туралы білді».
Сондай-ақ, трениңке қатысушылар бизнес-жоспарлау бойынша білім негіздерін меңгеріп, бизнес-жоспарлар жазу, көкөністер мен жидектерді өсіру кезіндегі кірістер мен шығыстарды есептеу бойынша практикумға белсенді қатысты.
Көкөніс өсіру бойынша трениңті жоба серіктестері – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастық қорының өкілдері жүргізді.
Алмагүл Исмағұлова – үш баланың анасы, үлкен қызында бала кезінен мүгедектігі бар. «Orle» жобасына ол оқудан өтіп, өзінің жазғы коттеджінде жылыжай қойып, сатылымға және өз отбасы үшін ерте пісетін қызанақ пен қияр өсіру мақсатында қатысуда.
«Мен үйде отырып, өз еңбегіммен ақша тапқым келеді, өйткені қазір көп уақытымды үлкен қызыммен өткіземін. Күйеуім соңғы 2-3 жыл бойы көкөніс бақшасына құмар болды. Біз сатуға сарымсақ, асқабақ, қызанақ өсіреміз. Интернетте оқып жүрміз. Біздің арманымыз – өзімізге үлкен жылыжай салу», – дейді Алмагүл Исмағұлова.
Орал қаласының тұрғыны Артур Каиршин өз учаскесінде лимонарий салғысы келеді. Ол жұмыссыз, 2-ші топтағы мүгедектігі бар.
«Мен жылыжайларда көкөніс дақылдарын қалай өсіру керектігін білу үшін «Orle 3.0» жобасына өтініш бердім. Менің жоспарым – лимон өсіру. Олар сырттан әкелінеді, мен бұл жемісті жергілікті жерде өсіруді үйренгім келеді. Трениңке қатысқаныма қуаныштымын. Ол керемет өтті. Егер бұрын маған өз ісімді айқын түрде елестету қиын болса, енді өз ісімді бастау үшін қай бағытта қозғалу керек екенін түсінемін», – деп бөлісті Артур.
Айдана Аманғалиқызы – көп балалы ана, құлпынай өсірумен айналысады, өзі тапсырыс бойынша сыйлық жиынтықтарын – шоколадпен қапталған құлпынай қораптарын дайындайды. Ол ерте пісетін құлпынай өсіре алатын жылыжай салғысы және табыстарын арртырғысы келеді.
«Екі күндік оқу байқалмай өтіп кетті. Кураторлар өсімдіктерді өсіру туралы және өз бизнесін қалай дұрыс бастау керектігі туралы, шығындар мен кірістерді қалай жоспарлау керектігін мұқият түсіндірді. Менің ойымша, жоба керемет. Ол отбасыларға өз ісін дамытуға үлкен қолдау мен мотивация береді», – деп Айдана трениң туралы өз пікірімен бөлісті.
Ерлі-зайыптылар Тимур мен Эльвира Рахымғалиевтар — көп балалы жұп, олар оқуға 20 күндік сәбиімен келді. Анасы қаржылық сауаттылықтың негіздерін түсініп, көкөніс өсіру туралы білім алған кезде, әкесі баланы қарап, сонымен қатар отбасылық бизнес-жоспар жазуға қатыса алды. Ерлі-зайыптылар грант алғысы келетінін, сатылымға ерте пісетін құлпынай мен көкөністер өсірілетін жылыжай салғысы келетінін айтты.
Жобаның жаттықтырушысы, агроном Павел Кавунов «Orle 3.0» жобасының қатысушыларымен екі күндік жұмыстың нәтижелеріне риза екенін атап өтті. Барлық 4 оқу сессиясы барысында оның оқушылары оқуға қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.
«Адамдардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығы бар екені анық, олардың көздері жанып тұр», – деп атап өтті жоба жаттықтырушысы. – «Екі күндік оқудан кейін біз 4 күн бойы онлайн оқуды жалғастырамыз. Осыдан кейін барлық қатысушылар өздерінің бизнес-жоспарларын жаза бастайды. Өз учаскелерінде жылыжай орнатуға грант ұтып алғандармен біз жыл бойы ынтымақтасатын боламыз, жақтауды орнатқан сәттен бастап алғашқы ерте пісетін көкөністерді өсіруге дейін тәлімгерлік қолдау көрсететін боламыз».
Көкөніс шаруашылығы бойынша оқыту трениңтері әлеуметтік осал топтардың өкілдері үшін «Шелл Қазақстан» компаниясының серіктестігі мен қаржылық қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры іске асыратын «Orle 3.0» жобасының бөлігі болып табылатынын атап өткен жөн. «Orle» жобасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының (Шелл Қазақстан жұмыс істейтін аймақтары) тұрғындарына көкөніс өсіру және қолөнер дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ үздік қатысушыларға микробизнесті дамыту және экономикалық жағдайды жақсарту үшін бастапқы инвестицияларды алуға көмектесуге арналған.
«Orle» жобасының өткен екі кезеңінде көкөніс өсіру және қолөнер негіздерін оқытудан 118 адам өтті. Алған білімі мен жоба қолдауының арқасында 17 қатысушы өтеусіз ақшалай инвестиция алып, фермерлік саласында өз ісін сәтті бастады, ал 15 адам қолөнер саласында микро-бизнес бастады. Бұл жетістіктер жергілікті фермерлердің орташа табысының 27%-ға және қолөнершілердің табысының 31%-ға өсуіне әкелді.
Проект «Orle» при поддержке компании Шелл Казахстан третий год продолжает работу в ЗКО
В эти выходные, 5-6 августа, в здании областного управления сельского хозяйства прошел тренинг по овощеводству в рамках проекта «Orle», где участниками интенсивных обучающих сессий стали 20 жителей области из числа социально-уязвимых групп. Участников для обучения в проекте отобрали через открытый конкурс.
Это третий год реализации проекта Orle в регионе в сотрудничестве Фонда Евразия Центральной Азии и компании Шелл Казахстан. С каждым годом интерес и вовлеченность местных жителей для участия в проекте растет. Это показывает и количестве поступивших заявок в этом году — 235 заявок в общем (из ЗКО и Атырауской области), из них больше половины – из ЗКО. Помимо овощеводства, в Orle также есть второе направление — ремесленничество (войлоковаляние).
Из 20 человек, прошедших обучение основам овощеводства, 7 смогут получить инвестиции для начала своего дела. Комиссия будет оценивать качественные и релевантные заявки, в которых заявители представят свои полноценные бизнес-идеи, что они хотят выращивать в теплице и как планируют реализовывать свою продукцию.
«Мы благодарим акимат ЗКО, управление сельского хозяйства за техническую поддержку нашего проекта и представление зала для проведения тренинга. Среди тех, кто прошел обучение, есть многодетные мамы и даже папы, представители из числа безработной молодежи, мамы, воспитывающие детей с инвалидностью и несколько человек с инвалидностью по зрению. Это жители Уральска, Теректинского, Таскалинского, Бурлинского районов и Батерека, – пояснила координатор проекта Orle Акмарал Карлыбаева. –В ходе тренингов они получили знания по строительству пленочных парников на приусадебном участке, освоили основы агротехники и методы выращивания овощной рассады, узнали о методах борьбы с вредителями и болезнями растений.
Также участники тренинга овладели основами знаний по бизнес-планированию и приняли активное участие в практикуме по написанию бизнес-планов, расчетам доходов и расходов при выращивании овощей и ягод».
Обучение по овощеводству провели партнеры проекта — представители Фонда местных сообществ Енбекшиказахского района Алматинской области.
Алмагуль Исмагулова, мама троих детей, ее старшая дочка – инвалид детства. На проект Orle женщина пришла, чтобы пройти обучение и на своем дачном участке поставить теплицу – выращивать ранние помидоры и огурцы на продажу и для своей семьи.
«Я хочу зарабатывать деньги своим трудом, находясь дома, так как сейчас большую часть времени провожу со старшей дочкой. Муж последние 2-3 года увлечен огородом. Мы выращиваем на продажу чеснок, тыкву, помидоры. Учимся в интернете. Мечтаем о своей большой теплице», – рассказала Алмагуль Исмагулова.
Артур Каиршин, житель Уральска на своем участке хотел бы построить лимонарий. Он безработный, инвалид 2 группы.
«Я подал заявку в проект Orle 3.0, чтобы получить знания, как выращивать овощные культуры в теплицах. В моих планах – заниматься выращиванием лимонов. Они у нас – привозные, а мне хотелось бы научиться выращивать этот фрукт в местных условиях. Рад, что принял участие в тренинге. Он прошел на 5 баллов. Если раньше представлял себе свое дело облачно, то теперь уже ясно понимаю, как двигаться, чтобы начать свое дело», – поделился Артур.
Айдана Амангаликызы – многодетная мама, занимается выращиванием клубники, сама изготавливает на заказ подарочные наборы – клубнику в шоколаде. Хотела бы поставить теплицу, где могла бы выращивать раннюю клубнику и зарабатывать больше.
«Два дня обучения пролетели незаметно. Кураторы все досконально объясняли и про выращивание растений, и про то, как грамотно начать свой бизнес: как планировать расходы и доходы. Считаю, что проект отличный. Он дает большую поддержку и мотивацию семьям, чтобы развивать свое дело», – высказала свое мнение о тренинге Айдана.
Супруги Тимур и Эльвира Рахимгалиевы – многодетная пара, они пришли на обучение с 20-дневным младенцем. Пока мама постигала азы финансовой грамотности и получала знания о выращивании овощей, папа нянчил малыша и параллельно успевал участвовать в написании семейного бизнес-плана.
Супруги рассказали, что хотели бы получить грант, построить теплицу, где будут выращивать раннюю клубнику и овощи на продажу.
Тренер проекта, агроном Павел Кавунов отметил, что доволен результатами двухдневной работы с участниками проекта Orle 3.0.
В ходе всех 4 учебных сессий его ученики проявляли заинтересованность в обучении, задавали много вопросов.
«Чувствуется, что у людей есть интерес к сельскому хозяйству, глаза у них горят, – заявил тренер проекта. – После двухдневного обучения мы продолжим онлайн-учебу в течение 4 дней. После чего все участники уже начнут писать свои бизнес-планы. С теми из них, кто выиграют гранты на установку теплиц на своих участках, мы будем сотрудничать еще в течение года, оказывать менторскую поддержку – с момента установки каркаса до выращивания первых ранних овощей».
Отметим, что обучающие тренинги по овощеводству являются частью проекта Orle 3.0, реализуемого Фондом Евразия Центральной Азии при партнерстве и финансовой поддержке компании «Шелл Казахстан» для представителей социально уязвимых групп. Проект Orle призван помочь жителям из Атырауской и Западно-Казахстанской областей (регионы операционной деятельности компании «Шелл Казахстан») приобрести навыки овощеводства и ремесла, а также лучшим участникам получить первоначальные инвестиции для развития микробизнеса и улучшения экономического положения своих семей.
За прошлые две фазы проекта Orle обучение основам овощеводства и рукоделия прошли 118 человек. Благодаря полученным знаниям и поддержке проекта, 17 участников получили безвозмездные денежные инвестиции и успешно начали свое дело в сфере фермерства, а 15 человек запустили микро-бизнес в области рукоделия. Эти успехи привели к среднему увеличению доходов местных фермеров на 27% и ремесленников на 31%.