Жұмысқа ынталандыру

29 июня 2017
0
2322

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы күйзеліске тұрақты нәтижелі экономиканың шынайы негізі бола алатынын айтты. Бүгінгі экономиканың күрделі мәселелерінің бірі – тұрғындардың жұмыспен қамтылуы. Соңғы жылдары жұмысқа орналастыру «Халықты жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар арқылы іске асырылуда. Мемлекет жұмыссыз азаматтарға және кәсіби білім алуға, жастар практикасынан өтуге, өз ісін ашуға ниет білдірген өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға мемлекет жарым-жартылай субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Бағдарлама үш бағыттан тұрады. Олардың бірі «Жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен қамтамасыз ету» болып табылады. Жобаны жүзеге асыруда, нақтырақ айтқанда әлеуметтік маңызы бар нысанның бірін жөндеуден өткізу кезінде жұмысшылар қатарын жұмыссыз адамдар ретінде Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған адамдар құрайды.

Екінші бағыт – «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру».

Былайша айтқанда, мемлекет кіші бизнесті дамыту үшін қаржы бөлді. Шарты тиімді – төмен пайыздық төлем, дәлірек, жылдық төлем 6%, сондай-ақ жеңілдік кезеңі де қарастырылған.

«Оқыту арқылы және жұмыс берушілер қажеттіліктері шеңберіндегі ауысу арқылы жұмысқа орналастыруға көмектесу» – бағдарламаның үшінші бағыты болып табылады. Уақыт өте келе өз мамандығымен жұмыс жасай алмай, жұмысқа орналаса алмай жүрген жұмыссыз азаматтарға орталық еңбек нарығында қажет етілетін мамандыққа қайта оқуды ұсынды.

2017 жылы жоба жұмысы аяқталған жоқ. Керісінше, шарты пайдалырақ, ал қайта оқу бағдарламасы қызықтырақ бола түсті. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 85 млрд. теңге бөлінді.

«Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы жасалды. Осы жобаның арқасында 21 мың жұмыссыз адам және өзін-өзі жұмыспен қамтушы жас қазақстандықтар жұмысшы мамандықтары бойынша тегін білім ала алады. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы талап етілетін мамандықтар мен кәсіпкерлік негіздері бойынша жаппай оқытуды қарастырады.

Ең алдымен, мектепті бітірген соң оқу орындарына түсе алмаған жастарды оқыту колледж базасында ұйымдастырылады. Оқыту мерзімі 2,5 жыл. Бұдан басқа, колледждер базасында, «Атамекен» оқу орталығында және кәсіпорындардың оқу орталықтарында қысқа мерзімді оқыту курстары (1 айдан 6 айға дейін) жүргізілетін болады. Осы оқуға биыл 26 мың адам ниет білдірді.

Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Қабашев Әнуарбек Бақтыгерей-ұлының айтуынша, бағдарламаның бірінші «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіби біліммен қамтамасыз ету» бағыты бойынша жылдың аяғына дейін техникалық және кәсіби білім беру бойынша 400 қала тұрғынын қамтамасыз ету жоспарлануда. Қысқа мерзімді курстарда талап етілетін мамандықтар бойынша еңбек нарығында – 176 адам. Қысқа мерзімді курстарға 78 адам жолданып отыр. Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру үшін қосымша республикалық бюджеттен 800 адамға 113,1 миллион теңге бөлу жоспарда.

Жыл басынан жұмысқа орналасу үшін қалалық жұмыспен қамту орталығына 3886 адам жолықты, олардың 1496-сы жұмыссыз деп танылды. Осылардың арасынан 2527 адам мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша ауылдық және қалалық жерлерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту және ынталандыру бойынша қолайлы жағдай жасалатын болады.


Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан. 2017 жылғы 31 қаңтар


Несие 18 миллион теңге көлемінде, 7 жылға беріледі және несиеге 6 % деңгейінде жылдық төлем сақталатын болады. Несиеге қолжетімдікті кеңейтуге бағытталған тағы да бір жаңа шара – несиеге кепілдік беру механизмін ендіру болып табылады, яғни жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 85%-ға дейін және әрекеттегі кәсіпкерлерге 50%-ға дейін. Елді мекендерде және шағын қалаларда микронесиелеу микроқаржы ұйымдарын тарта отырып, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатын болады. Қалаларда ауылдық жерлер секілді, микронесиелеу екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы іске асырылатын болады. Биылғы жылы 10 мыңнан аса адам микронесие алу мүмкіндігіне ие болады. Оның үстіне жаңадан бастағалы жүрген кәсіпкерлерді оқытатын болады. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы жүргізіледі, оған арнайы үйретушілер мен табысқа жеткен бизнесмендер мен практиктер тартылады. Биылғы жылы 15 мың адамды оқыту жоспарлануда.

– Екінші бағыт бойынша 76 адамға 294 мың теңге бөлінді, – дейді Әнуарбек Бақтыгерейұлы. – Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы бағдарлама негізінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға кеңес беріп, статусын анықтайды. Несиелеу мәселесі бойынша 300-ге жуық адам кеңес алды, олардың ішінен 205 адам несие алуға ниет білдірді. Микронесие беру шарты шын мәнінде пайдалы. Микронесие мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін 7 жылға беріледі. Микронесиенің максималдық сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Микронесие Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне берілмейді.

Негізгі қарызды жою бойынша жеңілдік кезеңіне ие болу мүмкіндігі және несие берушінің шешімі бойынша микронесиелеудің ұзақтық мерзімінің үштен біріне сыйақы ұсынылады. Микронесие беру екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылады.

«Еңбек нарығының тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы дамуы» деп аталатын үшінші бағыт жекелеген азаматтар категориясын жұмысқа орналастыруда адрестік қолдауды күшейтуді, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыруды және еңбек нарығы инфрақұрылымын дамытуды қарастырады.

Сондай-ақ, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар жастар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында талап етіледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына биыл 11,3 мың адамды жұмысқа орналастыру, жастар практикасына 12,7 мың адамды жіберу жоспарланып отыр.

– Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 120 адамға 18530 мың теңге бөлінді, – деп сөзін жалғастырды жұмыспен қамту орталығының директоры. – 49 жұмыс берушімен шарт жасалды, 53 адам қаланың 26 мекемесіне жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 277 адамға 73908 мың қаржы бөлінді. 279 жұмысшыдан түскен өтініштер бойынша жастар практикасына 274 адам жіберілді, 143 шарт жасалды. 200 адамға бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 1048 адамға 80951 мың қаржы бөлінеді.

Сол секілді, еңбек ресурстарының мобильділігін ұйымдастыру үшін мемлекет өз еркімен ҚР Үкіметі арқылы анықталған аймақтарға көшкен тұлғаларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді қарастыруда. Жыл сайын аймақтардың еңбек ресурстарына қажеттілігін және жұмыс берушілер талабын ескере отырып, ішкі ауысу квотасы орнатылуда. Көшуге ынталандыру үшін бастапқы бейімделуге және жол ақысы мен жүкті тасымалдауға кеткен шығынды өтеуге берілетін қаржыдан тұратын әрекеттегі әлеуметтік пакетті қолдану жалғасатын болады. Биылғы жылы 2,7 мың азаматқа көшкеніне субсидия төлеу жоспарланды.

Бұдан басқа, порталда вакансиялар мен ізденушілер туралы барлық мәліметті интернет- кеңістікте біріктіретін еңбек нарығының Бірыңғай ақпараттық базасы (электрондық еңбек биржасы) жасақталуда.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top