Бизнес әр түрлі болса да…

3 августа 2017
0
1873

Қасым Серікқалиевтің өзінің туған ауылы Қарақамыста наубайхана ашуы барлық жерлестері үшін елеулі оқиға болды. Бұрын елді мекенге нан-тоқаш өнімдері тікелей Орал қаласынан, үш жүз шақырымнан аса жерден әкелінетін және ауыл тұрғындарына нан жаңа піскен, балғын түрінде жетпейтін. Ал көктемде өзен суы көтеріліп, арнасынан тасыған кезде ауыл тұрғындарына нан жеткізілмей қалатын. Өйткені ауыл сыртқы әлеммен байланысын уақытша үзеді. Алдын ала ұнды мол алып, нанды үйден пісіргендері болмаса, қалған ауыл тұрғындарына нансыз қалу қиынға соғатын.

Бүкіл отбасы айналысатын іс

– Біз үшін 2015 жылдың желтоқсан айы нағыз мереке болды, – деді Саралжын ауыл округі әкімі К.Б. Бисенғалиев. – Өзіңіз ойлап қараңызшы: ауыл КСРО ыдыраған соң жыл санап күйрей бастады, адамдар өз ауылдарынан облыс орталығына және басқа да ірі елді мекендерге көшуге мәжбүр болды, осындай күндердің бірінде– нағыз орталықта жаңа өндіріс нысаны пайда болды! Жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл оқиға біз үшін нағыз елеулі оқиға болды. Бұл нысанның ашылуы бізге туған ауылымызда өмірдің жақсара түсетініне үміт отын жаққандай болды, бақытты басқа жақтан іздемей, өз ауылымыздан табатынымызға қуандық.

Наубайханамен бір шатырдың астында өндіріс тауарларын сататын дүкен ашылды.

Қасым Серікқалиев жас кә-сіпкер. Бастапқыда өз кәсібін ашатындай тәжірибесі де болмағанын, алғашқы кезден көмек қолын созған ата-анасының арқасында осындай жетістікке жетіп отырғанын мойындайды. Ата-анасынан көмек көп. Әкесі Болат Киндейұлы нан-тоқаш өнімдерін және басқа да керек-жарақтарды жеке жүк көлігімен тасиды. Кеңес кезінде саудада жасаған Қасымның анасы дүкенде сатушы болып қызмет істейді.

Бірақ олар барлығы да бір ауыздан мемлекетке ризашылығын білдіреді, өйткені бизнестің алға басуына мемлекет көп қолдау көрсетуде. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту аймақтық қор арқылы бар болғаны төрт пайыз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен сегіз миллион теңге көлемінде несие алды. Қалғаны, дәлірек айтқанда, он пайызы мемлекет арқылы төленуде.

Несие жаңа ғимарат және барлық технологиялық жабдық алуға жұмсалды.

Қыс айларында, ғимаратты жылыту қажет болғанда Серікқалиевтердің қызметкерлері жеке қазандық жұмысшылары арқылы арта түседі. Қарақамыс-тық кәсіпкер болашаққа жоспарды ойланып-толғанып отырып құрады. Шығаратын өнім көлемін өсіріп, ассортиментін кеңейткісі келеді, яғни өз ісін дөңгелентіп, қаладағыдан кем қылмағысы келеді. Ауылдастарының нансыз отырған күндері де болды, көпшілігі қазіргі уақытқа дейін нанды үйінен пісіреді. Бұл жерде ауылдық іскер адам несімен ұтады? Әрине, ең алдымен тауардың сапалы болуымен және бағасының қолжетімді болуымен ұтады.

Қиындықтар тек шыңдай түседі

Эльдар Сембиевтің тағдыры осыған ұқсас. Ол да жас, жасы жиырма сегізде. Түрлі мекемелерде, оның ішінде көршілес Атырау облысындағы көмірсутек кен орнында да жұмыс жасаған. Бір жылдай уақыт бұрын, облыс орталығында өзінің қағаз майлықтар шығаратын өндіріс орнын ашқан кезде оның қолында аз ғана жиған тиын-тебенінен басқа ештеңе де болмаған. Бірақ кәсіпкер болу бала күнгі арманы болғандықтан ата-анасы баласына қолдау көрсетті.

– Ол үшін маған тұрғылықты жерімді ауыстыруға тура келді,– дейді Эльдар. – Туған қалам Ақсайда бизнесіңді дөңгеленту мүмкін емес, сол себепті Оралды таңдадым.

Ал бірнеше жыл бұрын «Да-му» аймақтық қоры ұйымдастырған жас кәсіпкерлерге арналған курста алған білімім қалай көмектесті десеңізші. Мұндай теориялық дайындық бастапқы кезде байыпты қателіктерден аулақ болуға үйретті. Шетелге өзі барып құрал-жабдықтар әкелді, бағасын анықтап алды, тәжірибелі кәсіпкерлерден кеңес алды, таңдау жасамас бұрын түрлі әдебиеттердің беттерін парақтады.

– Эльдар, неліктен қағаз майлық шығаруды таңдадың және бастапқы кезеңде қандай қиындықтарды бастан кешірдің? – деп сұрады жас кәсіпкерден осы жолдардың авторы қызығушылық таныта.


Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі тура мағынасында нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді.

Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.

Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес…

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауынан. 2015 жыл


– Мен кезінде өз кәсібін жүргізіп, дамыту және аяққа тұрғызып, алға бастыру туралы кітаптарды көп оқыдым, – деп жауап берді Эльдар. – Авторы, өкінішке орай, есімде жоқ, бір шетелдік брошюрадан «Заманауи әлем әрдайым сұраныста болатын бір рет пайдаланатын заттарға қажеттілік танытады» деген жолдарды оқыдым. Қағаз майлықтарды біз тұрмыста жиі пайдаланамыз. Ал екінші сұраққа келетін болсақ… – жігіт ойланып отырып, сөзін жалғастыра бастады: – Қиындықтар, әрине болды. Өйткені тауар жаңа, бейтаныс, оған үйреніп, бағалап болғанша бірталай уақыт қажет болды. Супермаркеттер жаңа тауардан гөрі бұрынғы, тіпті шетелдік болса да үйреншікті брендті алады. Сол кезде БҚО кәсіпкерлік және инновациялық-индустриалдық даму басқармасынан көмек сұрауға тура келді. Бұл басқарманың мамандары маған үлкен көмек берді. Ісім алға баса бастады.

Московский көшесіндегі өн-діріс орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше рет жазып, көтерме сауда сатып алушылары келе бастады.

Бастапқы кезде күніне «Шаңырақ» майлығының бар болғаны жүз қаптамасын ғана шығаратын. Эльдар оны облыс орталығына өзі тасып, жарнамалап, сатты.

– Қазір біз өніміміздің бағасын түсіріп, қаптама бағасын елу-алпыс теңгеден өткізіп жатырмыз. Осындай маркетингтік амалға көштік. Ең бастысы, тұтынушылар біздің тауар туралы неғұрлым көбірек білсе екен дейміз. Бүгінгі таңда Орал қаласының көптеген супермаркеттерімен және базарларымен жұмыс жасап жатырмыз.

Нарық географиясы – әзірге Орал, Ақсай және облыс аудандары, бірақ бұл әзірге ғана. Эльдар көршілес республика аймақтарына таратуды ойланып отыр.

– Қаптама сыртындағы дизайныңыз жақсы екен. Оны жасаған кім?

– Мен өзім, – деп жымиды Эльдар Сембиев. – Қаптама сыртынан тауардың Қазақ-стандық, отандық екені көрініп тұрсын дедім. Тауарды жарнамалаған кезде міндетті түрде өнімнің экологиялық таза, еш қоспасыз екенін айтып отырамын. Бұл аллергиямен ауыратын адамдар үшін пайдалы. Шикізат сенімді жеткізушіден алынады.

Өз жоспарлары туралы Эльдар Сембиев әзірге айтпауды жөн санап отыр. Өз өндірісін кеңейткен кезде міндетті түрде мемлекет тарапынан отандық бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған бағдарламалардың бірін пайдаланып, жеңілдікпен қаржыландыру мүмкіндігіне ие болғысы келетінін ғана айтып қалды.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top