«Ақ жол» фракциясы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдайды

1 февраля 2017
0
1820

Ақ жол Демократиялық партиясы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды қолдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ жол» ҚР ПМ партияның парламенттік фракциясынының депутаты Азат Перуашев хабарлады.

«Біз үшін кәсіпкерлікті қолдау және экономика аясындағы Елбасының бастамасы маңызды», — деп атап өтті Азат Перуашев.

Бүгін Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы және оның басымдылықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырмасы алдымызда тұр.

«Ақ жол» парламенттік фракциясы  депутатының айтуынша, алғашқы басымдылық — экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыртылуы. Соның ішінде, сандық технологияны қолданумен құрылатын жаңа индустрияның өсуі.

«Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Жаңа индустрияның қалыптасуының маңызды шарты – инновацияны қолдау және өндіріс қарқынын арттыру.

Бұл талаптар «Ақ жол» партиясының бағыттарымен үндес, — деді депутат.

Бір апта бұрын, 25 қаңтар күні біздің фракция Парламентте Үкіметке вейчерлі қор жүйесі арқылы инновация мен стартаптарды қолдау саласында сауал тастаған болатын. Біздің ойымызша, мемлекеттік қаражатты пайдалануына, экономиканың технологиялық және инновациялық сипатына әсер етуіне, іскерлік белсенділікке жатпайтын бұл бағыт  біздің дамуымыздың талабына сәйкес келмейді және айтарлықтай жандануы тиіс.

Президенттің Жолдауын орындау аясында бұл іс алға жылжиды деп ойлаймын. Тек вейчерлі қаржыландыруда ғана емес, және де жалпы технологиялық және инновациялық мемлекеттік қолдауда алға жылжиды,- деп есептейді Азат Перуашев.

Екінші міндет жиынтығы —  жаңа индустрияның қатарласа әзірленуімен қазақстандық экономиканың ұлттық базалық салалығының дамуына жан береді.

Бұл жерде Мемлекет басшысы заманауи технологияның және  автоматтандыруды жаппай енгізу негізгі факторы болып табылатын еңбек өнімділігінің көтерілуін талап етеді.

Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыда қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырылды.

«Біз қызмет ететін кәсіпорындарды ғана жаңғыртып қана қоймай, индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа жобаларға деген амалдарды өзгеру қажет. 2016 жылдың желтоқсан айында, индустрия күнінде Мемлекет Басшысы мемлекеттік қаржының есепсіз шашылып, кәсіпорындар ашылғанмен өнімдер сұранымға лайық емес екенін алға тартып сынаған еді.  Үздік деп танылған әлем тәжірибесінде өндірістік үрдістің және кәсіпорын жабдықтарының сапасы талапқа сай келе ме, болмаса өнеркәсіп озат технологиялар сапында болғанын және болмағанын ешкім бақылап жатқан жоқ. Нәтижесінде өзге елдердің өнеркәсібінде өндірістен шығып қалған жабдықтарды ескі технологиямен ұсынып жеткізілген. Сондықтан, мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобаларда жоспарланған  технологиялары мен техникалық регламенттерінің үздік деп танылған әлем тәжірибелеріне сәйкес келетінін бағалау қажет.

Бұл қадам біздің өніміміздің экспорттық әлеуетін көтеруге әкеледі. Елбасы Үкімет алдына қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндетін жәй қойған емес. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құру тапсырылды, — деп атап өтті А. Перуашев.

 

Президент предлагает не изобретать велосипед

В ходе брифинга в Службе Цетральных коммуникаций партия «Ак жол» в лице Азата Перуашева высказалась в поддержку Послания Президента народу Казахстана:

«Как прагматик и реалист Нурсултан Абишевич предлагает не изобретать велосипед, а встраиваться в глобальные цепочки производства сбыта товара и услуг. Это можно сделать, прежде всего, за счет привлечения транснациональных корпорации. Это действительно очень практичное и прогрессивное поручение. Практически Президент говорит о смене парадигм, в поддержку добросовестного и качественного бизнеса, продукция которого отвечает самым высоким требованиям. Здесь важен сам принцип выстраивания уже существующей международной сети системы производства и реализации продукции. Конечно, транснациональные корпорации ориентированы на крупный бизнес. Но с точки зрения действующих систем, и для малого и среднего бизнеса есть близкий механизм вхождения в систему через инструменты международного франчайзинга, когда передовые мировые компании предоставляют свои технологии и процессы местным компаниям. Конечно, эти начинания невозможно усилить без должного финансирования и инвестиции. Поэтому поручения Президента разработать инвестиционную стратегию крайне важно, как инструмент реализации».

Азат Перуашев: «Ак жол» поддерживает Послание Президента

Фракция«Ак жол» поддерживает послание президента страны Нурсултана Назарбаева, сказал депутат парламентской фракции партии «Ақ жол» МП РК Азат ПЕРУАШЕВ в Службе центральных коммуникаций. «Мы уверены, что продолжение и защита национальных интересов это не только право, но и обязанность любого государства и любого правительства. Партия «Акжол» благодарна Президенту страны за твердый акцент на этом вопросе», — сказал Азат Перуашев.
Он акцентировал внимание на том, что партия «Акжол» поддерживает поручение Президента по приоритетным отраслям экономики – горно-металлургическому и нефтегазовому комплексам, добыче и переработки сырья.
Как отметил Азат Перуашев, в аграрном секторе сделан упор на переработку сырья и производство экологически чистой продукции, которая должна стать национальным брендом государства.

«Требования по повышению отдачи по транспортно-логистической и строительной отраслей, конечно, поставлены высокие, но вполне оправданы с учетом постоянной финансовой поддержки государства и их системообразующей роли в отечественной экономике», — сказал Азат Перуашев.

Партии«Акжол» наиболее близки инициативы по кардинальному улучшению и расширению бизнес-среды. Одной из наших стратегических целей является достижение к 2050 году планового вклада бизнеса в ВВП страны не менее 50 процентов. Для этого Правительство приступило к реализации Программы занятости и развития массового предпринимательства.

Правительству так же совместно с НПП «Атамекен» поручено снизить издержки для бизнеса, отметил А.Перуашев.«При этом президент обратил особое внимание на снижение издержек по стоимости услуг для энергетики логистики и так далее. Это для бизнеса очень болезненный вопрос», — подчеркнул спикер.

В частности, он отметил: «К нам постоянно обращаются предприниматели по тому беспределу, который им ставят монополисты — за электроэнергию, газ или отопление: то с середины зимы отключая от отопления теплицы, то без всяких оснований  повышая тариф, то выставляя миллиардные цены за тех.условия на подключение. И тут же, какие-то мутные люди предлагают решать эти проблемы неофициальным путем. «Уверен, если правительство наведет порядок в этом вопросе, то тысячи предпринимателей сразу же почувствуют это на себе.  Вот недавно получил письмо изЗападно-Казахстанской области, где предпринимателям по письму монополиста предложено заключать договора на поставки его услуг, которые приводят к их удорожанию в два раза! Такие сигналы идут постоянно. «Поэтому поручение Главы государства о том, чтобы издержки предпринимателей на услуги монополистов были разумны, и такие издержки снижались, конечно, мы будем поддерживать», — сказал А.Перуашев.

В сегодняшнем Послании президент верно обозначил болевые точки нашего бизнеса. Это завышенная регулятивная нагрузка, тенденции аутсорсивной экономики и развитии связанной с ними корпоративной коррупции в квазигосударственном секторе. Партия Акжол приветствует поручение до 20-го года передать в частный сектор, либо ликвидировать все предприятия госсобственности, не отвечающих принципам честной конкуренции «Yelloupeydg», а также требованиям прекратить практику создания юридических лиц по каждой программе. «В этой связи, хочу напомнить, что депутатский запрос к Правительству ввести мораторий на создание новых предприятий с государственным участием, депутаты партии Акжол направили еще второго апреля 2014 года. Но тогда правительство нас не услышало.  В этом же ключе мы поддерживаем реализацию фонда Самрук Казына, Байтерек, КазАгро, которые могут и должны работать более эффективно, в интересах государственной экономики и не в ущерб частному бизнесу», — отметил Азат Перуашев.

Как подчеркнул спикер, особое удовлетворение членов партии «Акжол» вызывает требование главы государства кардинально пересмотреть подходы к проведению закупок в квазигосударственном секторе, в тех же холдингах, национальных компаниях. О проблемах излоупотреблениях в этой сфере депутаты Акжола говорят постоянно. «Но каждый раз госорганы нам отвечали на это «В Багдаде все спокойно!». Хотя партия приводила такие аргументы, после которых надо было возбуждать уголовное дел», — сказал Азат Перуашев.

Как прокомментировал мажилисмен от партии «Акжол», в своем Послании глава государства четко зафиксировал ответственность Национального банка не только за инфляцию, но и за рост экономики. «Кроме того, он поручил национальному банку и Правительству принять комплекс мер по обеспечению долгосрочного фондирования в тенге. Это важно для предпринимателей. Вопрос отсутствия долгосрочного кредитования в тенге фракция «Ак жол» только за последний период ставит, как минимум трижды, а нам отвечали, что это не функция национального банка. Вкоторый раз убеждаемся, что президент знает и понимает   бизнесменов ближе и лучше чиновников, которые отвечают за эти участки», — сказал А.Перуашев.

В заключение, Перуашев добавил, что можно еще многое сказать по дальнейшей декриминализации экономических правонарушений, но он считает нужным добавить, что все эти меры необходимо рассматривать в контексте обозначенной президентом реформы политической системы, в рамках которой усиливается полномочие Правительства и Парламента. «На нас, как на представителей парламентской партии, ложится возможность не только оценить Послание, но и напрямую участвовать в его реализации. Можем заверить, что партия «Акжол» примет самое заинтересованное участие в объявленной сегодня третьей модернизации Казахстана» — подчеркнул Азат Перуашев.

 

Мәжіліс депутаттары Жолдауға үн қосты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына байланысты брифинг өтті. Оған Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гүлмира Есембаева, депутаттар Гүлжан Қарақұсова мен Нұртай Сәбильянов қатысты.

Жиында Мәжіліс депутаттары Жолдаудың мәні мен маңызын, оның алға қойған мақсаты мен міндеттерін айтып, өз пікірлерін білдірді.  Онда Г.Есембаева ел ішінде Елбасының Жолдауы дәстүрге айналғанын, оны Қазақстан халқының жыл сайын тағатсыздана күтетінін, өйткені, құжатта еліміздің соңғы жылдары атқарған жұмыстары қорытындыланып, болашаққа бағыт-бағдары көрсетілетінін атап өтті.

— Қазіргі кезде, — деді «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі, – елімізде көптеген бағдарламалар қабылданып, жұмыстар жасалып жатыр. Біз тәуелсіздігімізді нығайтуда тарихи кезеңдерден өтіп,  елімізді дамытуда мүмкіндіктің бәрін жасап келеміз. Бүгінде жүздеген ауруханалар мен мектептер, мыңдаған шақырым жолдар, жүз мыңдаған шаршы метр тұрғын үйлер салынуда. Осының бәрі бірлік пен берекенің, Қазақстан халқының Мемлекет басшысының айналасына топтасып, бірігіп жұмыс істегенінің арқасы деп білемін.

Осыған байланысты ол еліміздің екі тарихи кезеңнен өткенін, енді алдымызда үшінші жаңғырту кезеңі тұрғанын, бұл жаһандық бәсекеге қабілетті болу кезеңі болатынын айтты. «Өздеріңіз жақсы білесіздер, – деді Г.Есембаева, – Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіріп отыр. Біздің ел мұнымен тоқтамайды. Ендігі кезекте еліміздің мақсаты – 30 елдің қатарына қосылу. Оған Президенттің экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту мен басқа да тапсырмаларын орындасақ қана жете аламыз».

Осы жерде халық қалаулысы Елбасының биылғы Жолдаудағы тапсырмаларына, оның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

– Биылғы Жолдауда еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылды. Расымен де қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпірінде бәсекелестік күшейіп жатыр. Біздің елге де болашақта иық тіресе жүріп, басқа мемлекеттерге өз өнімдерімізді өткізуге дайын болуы керек. Бәскеге қабілетті болу дегеніміз – бизнестің қарапайым қағидасы, ережесі. Ол үшін әрине, әуелі халыққа кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, шағын бизнесті дамытуға жағдай жасауымыз керек. Елбасы Жолдауда осы жағын жақсы айтты. Бүгінгі таңда жер-жүзінде ІТ технологиясы дамыған, ауыл шаруашылығы шалқыған елдер ғана қара үзіп, алға шығып жатқанын білеміз. Егер мемлекет өз халқын жақсы өніммен қамтамасыз етіп, тағамдарын таза, сапалы жасағысы келсе, алдымен өз елінің ауыл шаруашылығын дамытудан бастау керек. Президент Жолдауда осы жағын қадап айтып, нақты тапсырмалар берді. Сонымен бірге білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтты. Мен Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі ретінде партияның Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындап, алған қойған мақсат-міндеттерін қолдайтынын айтқым келеді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – Жолдаудағы негізгі бағдарламалық құжат. Экономиканың дамуы  кәсіпкерлікті жан-жақты қолдап, дамытуға байланысты. Біздің бәсекеге қабілетті еліміз, әлем мойындаған Елбасымыз бар, – деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Осыдан кейін жиында Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова Президенттің Жолдауда қаржы жүйесі мен банк секторын дамыту, несие алу, оны тиімді пайдалану туралы тапсырмаларына қатысты өз пікірін білдірді. Ол әлемнің барлық елдері кәсіпкерлікті дамыту үшін халыққа несие берумен айналысатынын, оның өз ісін бастаған адамға және банктерге тиімді болу үшін барлық жағдайды жасайтынын айтты.

–Біздің елде мемлекет пен кәсіпкерлер арасында әріптестік қалыптасып келеді. Алайда, несие беру ісінің ақсаңдап жатқаны да бар. Сондықтан Мемлекет басшысының шағын бизнесті қолдау туралы ойларымен толық келісемін және қолдаймын. Жалпы, елімізде несие беру, қаржы саласын реттеу жұмысын бақылайтын бір орган болғаны дұрыс. Ол Ұлттық банк болуы керек, – деді Г.Қарақұсова.
Брифингте келесі кезекте Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов сөз алды. Ол биылғы Жолдаудың еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалғанын, осы құжаттың негізінде кәсіпкерлікті, елді-мекендерде интернет жүйесі мен сандық технологияны дамыту көзделіп отырғанын атап өтті.

–Жасыратыны жоқ, қазір шалғай ауылдарда, басқа да жерлерде интернет жүйесінің жылдамдығын жақсарту керек. Жолдауда Президент осы мәселені көтеріп, сандық бағдарлама жасауды ұсынды. Бұл құжатта интернет жүйесінің жылдамдығы артып, сапасын жақсарту көзделген.  Елбасы кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу туралы да тапсырма берді.  Қазір кейбір жерде кәсіпкерлерге кедергі жасалып жатқаны рас. Соның кесірінен шағын бизнеспен айналысып жатқан адамдар ісін дөңгелете алмай келеді. Сондықтан Президент Жолдауда бизнеске кедергі кетірмеу туралы баса  айтты, – деді ол.

Сонымен бірге ол кәсіпкерлікті дамыту мәселесінде Елбасының ауыл шаруашылығына қатысты ойларымен толық келісетінін, өйткені, елдің берекесі мен мерекесі, халықтың өсіп-өркендеуі осы саламен тығыз байланысты екенін жеткізді.  Осы орайда Н.Сабильянов несиені ауыл шаруашылығын дамытуға деген ынтасы, жігері бар азаматарға берілу керектігін, солар отандық өнімді көбейтіп, тауарларды экспортқа шығарса елімізге пайда ғана әкелетінін айтты. «Биылғы Жолдауда Нұрсұлтан Әбішұлы бәсекеге қабілеттілік аграрлық секторға байланысты екенін, сол үшін осы саланы дамыту туралы нақтылы тапсырмалар берді. Оны дамытудың бірнеше жолын көрсетіп, мақсат-міндеттер қойды. Мысалы, қазір субсидия мәселесі де өзекті болып тұр. Бүгінде елімізде субсидияны ірі шаруа қожалықтары алса, болашақта оны шағын бизнеске де көбірек беру керек деп ойлаймын. Екінші мәселе, аграрлық сектормен нақты айналысатын құрылымдардың жұмысын бақылауды күшейту керек. Осы мақстата Президент «Бәйтерек» холдингі мен «ҚазАгро» компаниясын біріктіру туралы тапсырма берді. Бұл өте дұрыс шешім болды. Қазір «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 500-ден аса еншілес компаниялары болса, «ҚазАгрода» 7, «Бәйтеректе» 11 кәсіпорын бар. Солардың бәрі тізе қосып жұмыс істесе аграрлық сектор дамитыны сөзсіз», – деді ол.

Жиында Мәжіліс депутаты Жолдауда сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік сатып алу мәселесіне кеңірек тоқталғанын, Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосыламын десе жемқорлық деген жегіқұртпен күресуді тоқтатпай, мемлекеттік сатып алуда қатаң тәртіп пен бақылауды күшейту керектігін айтты.

теги: 

Добавить комментарий

ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top