Ақ құмдар қазынасы
«Аққұм», «аппақ құмдар», «қозғалатын құмдар», «ежелгі қала жаңғырығы»… Бұл атаулардың барлығы Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарының аумағында орналасқан, өлкетанушылар мен білімқұмарлардың қызығушылығын тудыратын жерге қатысты айтылған.
Және де бұл жерден бұлақ көзі де алыс емес. Сусыған құмдар арасында кейде пайда болып, кейде жоғалып кететін көл бар. Оның атауы – Жұмбақкөл. Халық арасында сол көлді көрген адам бақытты да табысты болады деген сенім бар.
Бұл экзотикалық жер шындығында бірегей. Елестетіп көріңізші, қайыңдар мен басқа да өсімдіктер ортасында аппақ құмда тұрсыз, жел қуған құм қиыршықтары түрлі өрнектер құрайды, алыс шетелге шығып, алты қырдың арғы жағын кезудің керегі жоқ.
Бұл құмдар қалайша пайда болды екен? Бұл жұмбақтың жауабын ғалымдар да, өлкетанушылар да іздеген. Бұл оазистің тарихын аңыз қылып айтатын байырғы тұрғындар не дейді екен?
Баяғыда, шамамен XII-XIV ғасырларда бұл жерде қалмақ ханы Алшағырдың ордасы және ірі сауда орталығы болып табылатын ежелгі қалашық болса керек. Алайда хан қыпшақ Қобыланды батырдан жеңіліс тапқан. Кеңес уақытында археологиялық қазбалар мен зерттеулер жүргізілгенде, бұл жерден қару бөлшектері – жебе ұштары, қисық қылыштар, қорғандар мен тағы басқа әскери атрибутика табылған. Одан өзге құмыра сынықтары мен тұрмыстық заттар, сондай-ақ сәндік бұйымдар, соның ішінде алтын монеталар табылды.
Бұл жер ғалымдар, өлкетанушылар және басқа да рухани мәдениетке бей-жай қарай алмайтындармен зерттеліп, бейнеленген, олардың қатарында Л.Б. Аристархова, М.П. Петров, А.А. Чибилев, А.З. Петренко, М.М. Фартушина бар. Аққұмдар Сырт алды ойығының ежелгі атыраулы құм жазығында, Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылынан он шақты шақырым жерде орналасқан. Аумағы 128 шаршы шақырым, солтүстікке қарай алмұрт пішінінде созылған формада. Оңтүстіктегі ені 6-8 шақырым, солтүстіктегі ені – 1-2 шақырым, ұзындығы – 16 шақырым.
Құм төбелердің биіктігі әр түрлі, олардың биіктігі құмдармен тығыз байланысты тұз күмбездерінің жергілікті қозғалысы мен өсуіне байланысты, шамамен жылына 1-2 миллиметрге жуық. Орталық бөлігіндегі құмдар орташа адырлы, адырлы-қырқалы немесе қырқалы-шағылды болып келеді, ал шеттеріне қарай ірі шұңқырлармен бөлінген ұсақ адырлы болып келеді. Адырлы белестердің биіктігі оңтүстікте 10-12 метр, солтүстікте биігірек – 15-20 метр. Құмдар Қалдығайты және Қалдығайтының Қуағаш атты арнасы арасында орналасқан. Құмдар тек «өз аумағында» ғана көшеді. Жергілікті тұрғындар соңғы онжылдықтарда құмдардың аумағы азайғанын айтады, «олар көшіп кеткендей», бұрынырақта Егіндікөлде құм жауып тұрғандай болатынды.
Ақсақалдардың сөзіне сенсек, осы құмдар арасында пайда болатын көл бар. Аз ғана уақытқа… Мүмкін, бұл шөлдерде болатындай сағым шығар? Алайда, аңшылар сол көлге суға түскендерін айтқан. Жұмбақ та сырлы көл түрлі жерлерде «туады», және оны бүгін көрсеңіз, ертең таба алмай қалуыңыз мүмкін. Табиғат метаморфозасы. Тұрғындардың сөзінше, бұл құбылыс құм астындағы тұщы судың қорына байланысты, яғни жер асты сулары әр жылдары солтүстіктен оңтүстікке, әлде кері қарай шұңқырларды толтырып, көшуіне байланысты. Судың бар екені рас, себебі ұсақ өзен арналарын құрайтын бұлақ көздері көп. Ылғал көп болған жылдары су тоғандары пайда болып, қиындық тудыратынын ғалымдар да растайды. Әдетте, мұндай жағдай көктемгі және күзгі мезгілде болып тұрады. Бұл жерлердің ерекшелігі туралы ауыл маңындағы емдік қасиеті бар бұлақ көзі болғаны да айғақтайды. Байырғы тұрғындар Аққұмдарды қасиетті санайды.
Аққұм ландшафтты қорықшасы деп аталатын 7,5 мың гектар аумақты алып жатқан жер жәннатын құмда өсетін өсімдіктер әсемдеп, көз қуантарлық көрініс құрап, жағымды әсер қалдырады. Қалдығайты өзені арнасының жоғарғы жағында Беккер бетегесі, құмдақ жусаны, шөл еркекшөбі, арша, Қаспий талдары өседі. Баянас өзенінің арнасы шиға толып кеткен.
Солтүстік бөлігінде құмдарда қалың өскен талдар, оңтүстікте Қаратал орман алқабы қоршалған. Қарасу жылғасының жағасында 400 гектар аумақта – қырыққұлақ тұқымдас қайың орманы, ал батпақты учаскелерінде – шымтезек мүгі, көкек зығыры, қойбүлдірген, бежір, батпақ жылантамыры, бұталар арасында – итмұрын, итшомырт, шеңгел өседі. Әдемі бейнелі жайылымдар алуан шөпті болып келеді.
Батыс жағында тобылғы, ешкісабақ, қаражеміс бұталары, сонымен қатар, мойыл, дала шиесі, орман алмасы басым келеді. Сұр бүлдірген жақсы жеміс береді, күз болғанда жергілікті тұрғындар көптеп жинайды. Өкінішке орай, соңғы жылдары ылғалдың аздығынан қайың мен көктерек шоқтоғайлары сиреп кетті, кейбір бұлақтар тартылып қалды. Эндемиялық өсімдіктердің тағдыры да алаңдаушылық туғызып отыр.
Жануарлар дүниесі де өте бай. Бұл жақтарда еліктер, бұғылар, орман түлкісі, қасқырлар мен қабандар мекендейді. Алып сусоқыр, қамыс мысығы сияқты Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарлар да бар. Алып сусоқыр өзінің тұқымдастарына қарағанда шырайлы көрінетін кеміргіш түрі, үлбірлі терісінің арқасында мамықты ойыншыққа қатты ұқсайды. Салмағы бір келідей, дене тұрқы 25-30 сантиметрдей. Көбіне жер астын мекендейді, үш метр тереңдікке дейінгі, ұзындығы бірнеше жүз метрге жететін көп қабатты жолдар қазады. Екі жылда бір тұқым беретін бұл жануар жойылып бара жатқан жануарлар қатарында.
Ал қамыс мысығы сияқты сүйкімдіні батпақ сілеусіні немесе алаяқ мәлін деп те атайды. Бұл жыртқыш та індерді мекен еткенмен, оларды өзі қазбайды, басқа жануарлардың «апартаменттерін» қолданады. Оның дене тұрқы 60-90 сантиметр, салмағы 8-12 килограммға жетіп-артылады. Оның ұзын аяқтары мығым келеді, денесі кербез, құлағында шашақтары бар.
Бұл жерде Егіндікөл ауылы маңындағы емдік бұлақ көзі де бар. Сауықтыру мақсатында жергілікті тұрғындармен қолданылатын бұлақтан басқа, Аққұмдармен жалаң аяқ жүріп өту де жеңілдік әкеледі.
Ғалымдар мен жергілікті тұрғындар Аққұм табиғи қорықшасының аумағын ұлғайтып, оны Баянас мемлекеттік ландшафтты қорығына айналдыру керек деген ойды ұстанады. Ол қорыққа Баянас және Қалдығайты өзендерінің, Егіндікөл, Шошқалы көлдерінің бассейндерін, Алмаз-тау мен Қособа тауларын да қосуға тырысады. Бұл флора мен фаунаның сақталып, келесі ұрпақтарға табиғатпен жаратылған қорғаудағы бірегей мекенді қаз-қалпында табыстауға мүмкіндік береді.
Басқа мемлекеттердің табиғат ескерткіштерімен сүйсінетін адамдар бар, бірақ біздің еліміздегі табиғат ескерткіштері де дес бермейді, тіпті кей уақытта олардан асып түседі. Аққұмдар елімізден тыс жерлерде де қазақ хандығын жаулаушылардан қорғаған халық батырына арналған «Қобыланды батыр» жыры арқылы танымал. Ол батырдың образы көптеген жыршылар, ақын-жазушыларды мазалаған. Эпос көптеген тілдерге аударылған, басқаларды халқымыздың батырлыққа толы өткенімен, қазақ мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырады. Аққұмдарды «Қазақстанның киелі орындары» қатарына енгізу әділ болар еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, «Шағын Отанға – туған жерге деген махаббаттан үлкен Отанға – өз еліңе деген махаббат басталады».