Жан-жақты қолдау

20 июля 2017
0
1658

Зелёнов ауданы – облысымыздың солтүстік жағында орналасқан және бұрынғы Приурал ауданының аумағы кіретін ең ірі аудандардың бірі. Ол дәстүрлі түрде алғашқы ауыл шаруашылығы аумағына – далалық зонаға жатады. Ол аумақтарда дәнді, майлы және мал азықтық дақылдарының, көкөніс пен картоп өсіру, жеміс-жидекті өсіру қолға алынған. Бұл жақтарда мал шаруашылығы да жақсы жолға қойылған, оның ішінде шошқа, қой өсіру мен сүт шаруашылығы дамытылған, құс өсіретін фермалар да аз емес.
Аудан Ресей Федерациясының үш облысымен – Орынбор, Самара және Саратов облыстарымен шекаралас. Ауданның үстімен халықаралық дәрежедегі үш автожол өтеді – Самара-Шымкент, Орал-Саратов, Атырау-Самара, көршілес елдермен жалғастыратын темір жолдар да бар. Осының барлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне өзіндік әсерін тигізеді.

Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша тұрғындар саны елу алты мыңнан асып түскен. Экономиканың әр саласында өз істерін ашып, жұмыстанып жатқан адамдар да жеткілікті. Биылғы мамыр айының басына шағын бизнестің 2878 шаруашылық етуші нысаны тіркелген. Жылдың басымен салыстырғанда бұл сан 9%-ға артық. Олардың ішінде 2593-і, яғни 90%-ы жұмыс жасап тұрғаны. Бұл салада еңбектенетін зеленовтықтардың жалпы саны – 4800.

Міне, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры А.Н. Қартқожақовамен кездесу алдында осындай ақпарат жинақтадым. Өткен жылы газетіміз аудандағы шағын бизнестің дамуы туралы, БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімшесі мен жергілікті билік өкілдерінің көрсетіп жатқан қолдауы туралы жан-жақты жазған болатын. Бір жылдың ішінде не өзгеріс болды – Қартқожақова Әсел Нәбиоллақызына қойған менің алғашқы сұрағым осы болды.

– Ең алдымен, кәсіпкерлердің және филиал қызметкерлері қаржылық емес көмек көрсететін кәсіпкер болуға тырысқандардың саны көбейді, – деді ол. – Биылғы бес айдың ішінде 335 адамға бір мыңнан аса кеңес берілгенін айтсақ та жеткілікті. Жекелей алғанда кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері мен әдістері бойынша, бизнесті ашу мен жүргізу бойынша, сәйкесінше қаржы институттарымен қарым-қатынас бойынша кеңестер берілген. Іскер адамдар бізге көбінесе бизнес-жоспар құру, бухгалтерлік есебін жүргізу мен құқықтық мәселелер, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды түсіндіру бойынша кеңестерге бола келеді.

Қазір біз ауданда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырумен айналысудамыз. Бұл бұрынғы жылдары біздер үнемі жұмыстанған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен бірдей. Енді осы өзгертілген бағдарлама аясында облыстың басқа аудандары сияқты «Bastau-Бизнес» сынамалы жобасын қолға алдық. Ол алдындағы үйреткіш жобалардың барлық жақсы жақтарын жинақтаған бағдарлама. Қажетті курстарды жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандардың екі легі – барлығы отыз бес адам өтті. Болашақ бизнесмендер көктемде өз істерін жүргізудің, жергілікті жерлерде билік өкілдерімен қарым-қатынастың, өз тауарлары мен қызметтерін нарықта жылжытудың қыр-сырын үйренді. Отыз бес адамның он сегізінің өз ісін ашуына аз қалды, олар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан жылына алты пайыз мөлшерлемемен жеңілдікті несиелеу мүмкіндігіне ие болды. Бөлінетін несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығын, яғни мал шаруашылығын, дәнді дақылдар мен бақша өнімдері шаруашылығына арналған. Өсімдік майын шығару, тазарту қызметтері, ағаш өңдеу бойынша қызықты жобалар бар. Айтпақшы ағаш өңдеу демекші… Курстарымызды тәмамдаушылардың бірі Октябрь ауылында ағаш өңдеу бойынша цех ашпақшы болды. Аудан басшылығы оған қолдау білдіріп, бір жарым гектар жер бөлді. Несие мәселесі де оң шешімін тапты, енді кәсіпорынның ашылатын күнін ғана күтіп отырмыз.


Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.
Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратегиямыз үш қарапай-ым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.

…Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан. 2015 жылғы 30 қараша


– «Bastau Бизнес»-ке әркімнің келуі оңай емес шығар. Оған іріктеу қалай жүргізіледі? – деп сұрадым Әсел Қартқожақовадан.

– Бизнестің әліпбиін үйренгісі келетіндердің тізімдері ауылдық және елді мекендердің әкімдіктерімен құрылады, одан соң аудандық жұмыспен қамту қызметіне, сосын бізге – Кәсіпкерлер палатасына жеткізіледі. Тілек білдірушілердің шегі жоқ, және де олардың жасы әр түрлі. Курстарды Астанадағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері жүргізеді. «Bastau Бизнес»-ті тәмамдағаны туралы сертификатты алған соң үйренушілеріміз біздің филиалдың көмегінсіз қалмайды. Мамандар оларға бизнес-жоспар құруға, құжаттарды, әсіресе жарғылық құжаттарды заңды тұрғыдан сүйемелдеуге көмектеседі.

– Статистикаға сүйенсек, ауданыңызда шағын бизнестің шаруашылық етуші нысандары өсіп отыр, тіпті дағдарыс та оған кедергі келтіре алмай отыр екен…

– Бар мәселе кәсіпкерлік қабілеті бар адамдар мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламалары арқылы көрсеткен қолдауын үнемі сезінгендіктерінде… Мұндай көмек көрген іскер адамдарға тек олардың қажетті органдарға барып бизнесін тіркеп, бюджетке тұрақты салықтарын төлеп, жаңа жұмыс орындарын туғызу ғана қалады. Бұндай мысалдар жеткілікті.

Переметный ауылында Бадиғажамал Мусиеваның шаруасы өрлеп тұр. Екі жыл бұрын ғана ол жұмыссыздар қатарында жергілікті жұмыспен қамту қызметінде тіркеуде тұрған. Соңынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен несие алып, ол қаржыға тоқу машинасын сатып алды. Ал биыл арнайы грант алған соң, оның шеберханасында түрлі киімдер мен тіпті аяқ киімдерді машинамен тоқу кезінде пайдаланылатын компьютер пайда болды.

24 маусымда Бадиғажамал Мусиева Оралдағы «Қазақстанның үздік тауары-2017» конкурс-көрмесіне қатысып, оның өнімдері көрмені тамашалаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Біздің күнделікті іс-әрекетіміздегі жаңа да маңызды бағыттардың бірі – бұл ауыл шаруашылық кооперативтері. Биылдың өзінде ғана БҚО кәсіпкерлер палатасы филиалының белсенді көмегінің арқасында бес ӨКК құрылды: «Батыс ет», «Чаган», «Зеленов ет», «Зеленов сүт», «Жасыл ауыл». Ауданда барлығы он осындай кооперативтер табысты жұмыс жасауда. Мысалы, Зеленое ауылындағы «Жасыл ауыл» ӨКК инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында мемлекеттің көмегін пайдаланбақшы. Мақсат – модульді мал сою бөлімін ашу. Бұдан өзге кооперативтердің өндірістік шығындарының жартысын мемлекет өзі өтейтіндігіне сенімді бола алады. Әдетте бірнеше шаруа қожалықтарынан тұратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауылдық жердегі өзге шаруашылық жүргізуші нысандардан  артықшылығы – олар күштерін біріктіріп, жеке-жеке келгенде шеше алмайтын мәселелерді іске асыру. Болашақ солардың қолдарында деп айтуға болады.

Суреттер БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан алынды
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top