Өз өлкеңді танып және сүйе біл

30 ноября 2017
0
4107

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бағдарламаның «Қазақстанның киелі орындары» атты бағытында киелі жерлердің мәдени-географиялық белдеуі туралы айтылған.
«Осы «Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен орны бойынша әр қазақстандықты біліми тұрғыдан дайындау қажет» – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл ретте балалар мен жасөспірімдерді дайындауда экскурсиялар, экспедициялар мен жорықтардың рөлі ерекше.

Президенттің тапсырмасымен

Тәжірибе – ақиқаттың критерийі екені белгілі. Екінші жағынан, физик Людвиг Больцман айтпақшы, «жақсы теориядан артық тәжірибе жоқ». Педагогика мен туристік-өлкетану саласында қалайша теория мен тәжірибенің арасындағы тепе-теңдікті табуға болады? Оқытудың осы екі әдісін қолдана білген педагог қана – шын шебер. Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығында бұл бағытта көп тәжірибе жинақталған. Мысалы, экскурсиялық жұмыстарда аймақ пен еліміз бойынша сапарлар балаларды Отанымен жақсырақ таныстырады және сол Отанға деген махаббатты күшейтіп, нығайтады.

Әсіресе бұл, маңыздылығын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен, көпфункционалды мектеп экскурсияларына қатысты. Дәл осындай экскурсияларды ұйымдастыру мәселелері бойынша Мемлекет басшысы арнайы тапсырмалар берді. Бұл таңғалатындай емес, себебі экскурсиялар – туризмнің ең маңызды бөлігі. Бұл тек демалыстың бір түрі ғана емес, балалар мен жастардың патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен олардың мәдени деңгейін көтерудің маңызды құралы.

Экскурсиялар түрлі мектеп пәндерімен, бірінші кезекте географиямен тығыз байланысты.

Қазақстанда түрлі табиғи ландшафтты аймақтар бар: таулар, каньондар, далалар, шөлдер мен ормандар, өзендер мен теңіз де бар. Табиғи нысандардан өзге тарихи орындарға бару туған өлке тарихын зерттеудің бір бөлігі ретінде қолданылып, оқушыларды халықтың мәдени мұрасымен және ұлы тұлғаларымен таныстырады.

Мектеп экскурсиялары тек тарихи не географиялық нысандарға ғана ұйымдастырылмайды, сонымен бірге кәсіп-орындарға да апарады, соның арқасында мектеп оқушыларына олардың жұмыстары мен қазіргі тарих туралы мәлімет беріледі, болашақ мамандық таңдауға көмектеседі. Оралдық зауыттар мен фабрикалардың тарихын, еңбек қаһармандығын, еңбек династиялары мен дәстүрін зерттеу қазақстандық қоғамның рухани негіздерін игерудегі үлкен үлес болып табылады.

Бүгінгі таңда облыстың оқу орындары басшылығының алдына әр оқушының туған жеріндегі және Қазақстанның өзге де аймақтарындағы жорықтарға қатысуын, тіпті Астанаға дейін баруын жылма-жыл қамтамасыз ету міндеті қойылған.

«Өмір мектебі – қоршаған орта» концепциясына сай қоршаған ортаны «шиыршық» әдісі бойынша игеру жүргізілуде. Республикалық «Туған өлкенің ескерткіштерінен – Қазақстанның киелі орындарына» экспедициясы аясында жергілікті табиғи және тарихи ескерткіштерден бастап Астана мен өзге аумақтарға дейінгі оқушылар экскурсиялары өткізіледі.

Жас өлкетанушылар тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін сипаттап, туған өлкенің ежелден бүгінге дейінгі тарихы бойынша, жерлестерінің өмірі мен шығармашылығы туралы, олардың ғылыми, мәдени мұрасы туралы мәліметтер жинайды. Отбасының шығу тарихын зерттей отырып, балалар белгілі рулардың шежіресін жасайды.

Төрт жыл бойына «Менің қалам» (5-6 сыныптар), «Туған өлке» (6-7), «Менің Отаным – Қазақстан» (7-8), «Қазақстан және әлем» (8-9) тақырыптары бойынша экскурсия жетекшілерін дайындайтын «Жас экскурсовод» модульдік бағдарламасы табысты іске асуда. Мұндай модульдік бағдарлама патриоттық тәрбие, өлкетану және іздестіру-зерттеу жұмыстары, балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы мемлекеттік білім саясатын іске асыруға бағытталған.

Оқушылардың саяхат кезінде алған білімдерінің сапасын арттыру үшін оларды түрлі халықтардың мәдениетін зерттейтін этнография негіздерімен таныстыру қажет. Облыстық туризм орталығында этнографиялық үйірме жұмыс жасайды. Мұнда іске асырылатын оқу бағдарламасы – қазақ халқының тарихи-мәдени салт-дәстүрлері мен рухани мұрасын зерттеу, этнографиялық іздену, халық ауыз әдебиетін зерттеуге бағытталған туристік-өлкетану, шығармашылық элементтері бар мәдениеттану бағытында.

ОБЖТжЭО директоры Виктор Фомин мен оның әріптестері оқушының этномәдени білім алуы Жайық өңірінің тарихы мен мәдениетіне, киелі орындарына балаларды бейімдеу дамыған тұлғаның қалыптасуына керемет мүмкіндік екенін жақсы түсінеді.

Облыстық балалар мен жас-өспірімдердің туризм және экология орталығында саяхаттарға да кеңінен көңіл бөлінеді.

Тек соңғы бес жылда Сырым Датұлының өмірі мен қызмет жолына арналған Орал-Тоғанас-Жетікөл-Жымпиты-Қаратөбе-Орал бағытымен туристік-өлкетану экспедициясы, Орал-Чапаев-Қызылоба-Жаңақала-оба бағытымен «Жайық-Нарын» экспедициясы, Орал-Индер-Махамбет-Сарайшық-Атырау-Орал бағытындағы «Қазақстанның жеті кереметі» экспедициялары іске асты.

Қазіргі кезде де өткізіліп тұратын осы және басқа да экспедициялар барысында оқушылар туған жердің тарихын, мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін зерттейді.

Жайық өңірімен өткен жорықтарды балалар туған жердің табиғатымен жақынырақ танысып, өз бақылаулары мен әсерлері арқылы туған жер туралы жаңа нәрселерді біледі.

Экскурсиялар, экспедициялар мен жорықтар барысында жиналған барлық материалдар «Менің Отаным – Қазақстан», «Жайық толқыны», «Поющая юность» сияқты өлкетану конкурстарында, фестивальдер мен конференцияларда және экскурсиялық бағдарлау сайыстарында қолданылады.

Балалар мен ересектер үшін

Экскурсияларға қатысу оқушылардың белгілі бір дайындығын талап етеді. 10 жыл бойы Облыстық балалар мен жас-өспірімдердің туризм және экология орталығы экскурсиялық бағдарлау сайыстарын өткізіп тұрады. Олардың мақсаты – оқушыларға өлкетану жұмыстарының негізгі дағдыларын игеруге көмектесу, қалалық ортада бейімделуді үйрету. Ал орталықтың қосымша білім беру педагогтары өз кәсіби шеберліктерін көтеруге керемет мүмкіндік алады.

Экскурсиялық бағдарлау сайыстары Орал қаласы мен аудандарда өткізіледі.

Экскурсиялық жұмыстарда орталықтың инфрақұрылымы мен бөлімшелері белсенді түрде пайдаланылады. Мысалы, «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде тұрақты түрде демалады, олар үшін музейлер мен Орал қаласының көрікті жерлеріне, қала маңына экскурсиялар ұйымдастырылады.

Облыстық туризм орталығы жанындағы «Бивуак» туристік-сауықтыру кешені экскурсиялық жұмыстарын 1994 жылдың қаңтарынан бастады. Кешенде тақырыптары мен ұзақтығы жағынан (1, 3, 5 күндік) түрлі экскурсиялар ұйымдастырылады.

Мысалы, «Жүз жолдың бірі – сенікі» атты бір күндік экскурсияда оқушылар Орал қаласының оқу орындарына барып, оқытушылар мен студенттермен кездеседі, қала кәсіпорындарын көреді. «Қасиетті жерлер бойымен» үш сағаттық экскурсиясы балаларды әлем діндерінің негіздерімен таныстырады. Олар Қызыл мешітті, Михаил Архангел соборын, Ескі мешітті, Құтқарушы Христос храмын, жаңа мешітті, католик шіркеуін көріп шығады.

Облыстық орталықта өткізілетін экскурсиялар көп жылдар бойы табысты өтуде: оралдық музейлерді көрумен жалғасатын «Орал – Қазақстанның ежелгі қаласы», «Әдеби Орал», «Қарт
Жайықтың хикаялары», «На Яике городок – на Урале город».

Жайық өңірінің табиғаты керемет. Кең байтақ даласы, Нарын құмдары, ормандар, ұлылықтың белгісіндей қарт Жайық, өлкенің інжу-маржанына баланатын теңіз суындай суы бар Шалқар өзені. «Бивуак» кешені Шалқарға 2-3 күндік демалыстарды да ұйымдастырады.

Сонымен қатар «Жайық жеріндегі Чапаев» (аттас ауылдағы В.И. Чапаев музейіне барумен бірге), «Сырым Датұлы» (Сырым ауданындағы С. Датұлының музейіне барумен бірге), «Братья наши меньшие» (шағын зоопарк, табиғат және экология музейі), «Отқа оранған Орал…» (М. Мәметова музейі, Жеңіс алаңы, Мәңгілік алауға гүл қою)…

Экскурсия қатысушыларын вокзалдан «Бивуак» кешенінің қызметкерлері қарсы алып, оларды жайлы нөмірлерге орналастырады. Әр топпен жеке жұмыс жасалады. Экскурсиялар бағдарламасын тапсырыс берушінің тілегіне қарай өзгерте алады.

Экскурсиялық жұмыстар, экспедициялар мен жорықтар ұйымдастыру облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы жұмысының басты бағыты болды. Бұл жерде экскурсиялық қызмет көрсету, келуші топтардың жайлылығын қамтамасыз ету жұмыстарының сапасын жақсарту үшін тоқтаусыз жұмыстанады, Орал қаласы мен облыстың барлық мектептері мен мектептен тыс ұйымдарын әріптестікке шақырады. Жұмысқа деген осындай кәсіби және жауапты көзқарас өлке тарихына, оның киелі орындарына деген білімқұмарлықты балалардың ғана емес, олардың ата-аналарының да бойына сіңірді.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top