Табыстың заңдылығы

9 ноября 2017
0
2354

2016 жылдың наурыз айында Оралдың өндірістік өмірінде елеулі оқиға орын алды: Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «АlagеumElectric» холдингінің құрамына кіретін «UralElectric» («Урал Электрик») ЖШС кәсіпорны жұмыс жасай бастады. Жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-құрылымдардың қолдауымен ол жақсы дамуда.

Әлемдік брендті технологиялар

Кәсіпорын ТМД нарығында сұранысқа ие болып отырған өнім – бөліп таратқыш электр шкафын шығарады. Оларды тұрғын үйлерде, әсіресе біздің өңіріміз үшін маңызды мұнай ұңғымаларына қызмет көрсету жұмыстарында кеңінен қолданады. Жаңа өнімнің алғашқы ірі партиясы әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ кен орнын игеруші «ҚПО б.в.» компаниясына сатылуы да кездейсоқтық емес.

– Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының нарығын игеруден басқа, барлық өнім көлемінің 90%-на дейінгі бөлігін Ресей Федерациясына сату жоспарымызда бар, – дейді басқарушы директор Алмас Үмбет. – Сонымен қатар Түркіменстан мен Тәжікстан нарықтарына шығу да жоспарлары бар. Біздің зауыттың әлеуеті мұндай жоспар жасауға мүмкіндік береді.

Мәселенің мәні «UralElectric» («Урал Электрик») ЖШС әлемге танымал «АВВ» компаниясының жаңашыл түрік технологиясын пайдаланады. Айтпақшы, кәсіпорынның құрылтайшылары қатарында түрік компаниялары да бар. Зауыттың «АВВ» брендімен өнім шығаруға құқық беретін сертификаттары да бар.

Егер трансформатор қосалқы станцияның жүрегі деп алсақ, электр шкафтары электр қуатын тұтынушыларға тікелей таратуды қамтамасыз етеді. Шкафтардың қуаты 1,4 пен 35 киловольт аралығында және түрлі күрделілікте шығарылады. ІР-54 және ІР-64 күрделілік санаттары экологиялық ластануы жоғары жерлерде жұмыс жасайтын мұнай компанияларына арналған. Неғұрлым санат жоғарылаған сайын жабдықтардың ауа кірмейтін қасиеті де жоғарылайды. IP-23, IP-31, IP-33 санатты тарату шкафтары тұрғын үйлер мен өзге де өндірістік емес ғимараттарда қолданылады.

Зауыттың күрделілігі жоғары санатты, алдыңғы қатарлы түрік технологиясымен өндірілген өнімі бірегей болып табылады: Қазақстанда электротехникалық бұйымдардың мұндай түрлерін шығаратындар аз.


Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.

Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек.

Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қол жетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауынан.
2017 жылғы 31 қаңтар


Жоғары сапаға – басымдылық!

Кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру үшін өнім сапасын жоғарылатуға көп көңіл бөледі.

Жуырда ғана таратушы электр шкафтарын шығаруда «Компас» (2D) бағдарламасы қолданылатын-ды. Онымен жұмыс барысы көп уақыт алатын, бұйымды құрастыру кезінде көп мәселе туындайтын. Өнімді шығару кезінде бөлшектердің сәйкес келмей қалуы жиі кездесетін. Бүгінде заманауи бағдарлама қолданылады. Алдыңғы қатарлы D-модельдеу мүмкін болатын қателіктерді жобалау кезінде-ақ ескеруге мүмкіндік береді, ал бұл жұмыс уақытын 30%-ға дейін үнемдеуге болады.

Зауыт «DURMA» атты түрік фирмасының заманауи жабдығында жұмыс жасайды. Бұл июге, нығыздауға арналған білдектер, автоматты тесік ойғыш білдек. Одан өзге ұнтақты сырлау сияқты арнайы желілер қолданылады.

Зауытта ISO 9001 сапа менеджменті жүйесі енгізілген. Алмас Үмбет пен оның әріптестері сапа менеджменті марафондық немесе спринтерлік дистанция емес екенін түсінеді. Бұл – қатаң бәсекелестік жағдайындағы бұйымның маркетингтен бастап утилизацияға дейінгі тіршілік кезеңін қамтитын эстафеталық жарыс. Сапа жөніндегі кейбір менеджерлердің жарыстың басқа кезеңдерінде жеңіліс тапса да, белгілі бір кезеңінде жеңуге тырысуы негізсіз, себебі тек қана біріктірілген жүйе арқылы табысқа қол жеткізуге болады.

«UralElectric» («Урал Электрик») ЖШС-де енгізілген ISO 9001 стандарты жүйелік тәсіл тұрғысынан да, оны енгізген ұйымдар саны тұрғысынан да бірінші болып табылады. ISO 14001, OHSAS 18001, SA 8000 және ISO 9001 барлығын қоса алғанда біріктірілген менеджмент жүйелері үшін де осы стандарт негіз болады.

Шындығын айтқанда, кәсіп-орын өнімін тұтынушылар «UralElectric» («Урал Электрик») ЖШС-нің таратушы электр қорғандары туралы жақсы пікірде. Яғни, кәсіпорын дұрыс бағытта.

Жастар командасы

Зауыттың басты байлығы – адамдар. Бір қызығы, бұл жерде өз түсінігінде айтылатындай ардагерлер деген жоқ. 30 адам жұмыс жасайтын ұжымда толығымен тек жастар. Жұмысқа орналасатындар – оралдық жоғары оқу орындарын бітірген жергілікті жастар.

Бірақ теория мен тәжірибе деген екі бөлек нәрсе. Негізінде жақсы нәтиже теория мен тәжірибенің үндесуінен пайда болады. Сондықтан жаңа кадрларды зауытта тек тәжірибе жағынан ғана емес, қосымша теориялық тұрғыдан да үйретеді. Себебі таратушы электр қорғандарын шығару – жан-жақты арнайы дайындықты қажет ететін ерекше сала.

Зауыттың тәжірибелі жұмысшылары қызықты етіп өткізетін сабақтар кезінде жастар көп сұрақ қояды: олар электр қорғандарының «ішкі» техникалық құрылысын жақсы білу табысты жұмыстың кепілі екендігін түсінеді.

Бүгінде зауыт ай сайын 40-50 миллион теңгенің өнімін шығарады. 2018 жылдың ортасына қарай жоспарланған штатты 150 адамға дейін кеңейту іске асып, кәсіпорын толыққанды жұмыс жасаған жағдайда, ол жылына 1,5 миллиард теңгенің өнімін шығара алады.

Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың жан-жақты қолдауы арқасында жаңа өнім саласын – таратушы электр қорғандарын шығаруды жолға қою үшін керемет жағдай жасалғандығын айта кету керек. Ал бұл жаңа жоба бастауы үшін маңызды қадам. Ал Алмас Үмбет пен оның басқарып отырған кәсіпорнының бастапқы қадамы лайықты болды. Енді тек алға қарай ұмтылу қажет.

Батыс Қазақстан мен барлық Каспий маңы аумағындағы, Солтүстік Каспий шельфін қоса алғандағы көмірсутегін өндіруді кеңейту «UralElectric» («Урал Электрик») ЖШС-не өз өнімін сату аймағын өрістетуге, әлеуетті тұтынушылармен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғын үй құрылысына да қатысты: жаңа заманауи технологиялар бойынша өндірілген таратушы электр қорғандарын тұрғын үйлерде де орнату қажет. Сондықтан да зауытта өз өнімдерін сатуға мүмкін болатын жаңа аймақтар туралы, Қазақстан мен әлемдегі электр техникасы саласындағы жаңалықтар мен осы саладағы өндіріс сапасын жақсарту туралы барлық ақпаратты зерттеп отырады.

Осы мәселе бойынша ірі маманның бірі, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, техникалық ғылымдар докторы, академик Виктор Киянский бірде былай деген:

«Сапа – бұл өнімнің формасы мен мазмұны диссонанста емес, араларындағы шекара білінбестей болып бір-бірімен гармониялы түрде үйлескенде ғана пайда болады».

Жас кәсіпорынның өнімі «жалтырап» қана тұрған жоқ, яғни сырт келбеті ғана көз қызықтырмайды, сапасы да сенімді. Ол одан әрі сенімдірек бола алады. Бұл мәселе бойынша зауыт ұжымы жұмыстануда, себебі кемелдену жолында тоқтамау қажет.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top