Табысқа деген ынтамен

7 сентября 2017
0
1598

«Бүгінгі таңда бәсекелестік үлкен болғандықтан, біздер түрлі шешімдер іздеп, бағаларды өзгертеміз, жұмысымызды жетілдіреміз. Мысалы, жаңа бағытта дамуды жоспарлап отырмыз: жылыжайларда көкөніс өсіруді қолға алмақпыз, – дейді, «Дарьинское» маркалы бөтелкедегі су және алкогольсыз сусындар шығаратын «Горбунков И.С.» ЖК директоры Сергей Горбунков. – Мемлекет кәсіпкерлік бастамаларға жеңілдікпен несие беру арқылы қолдау көрсетеді».

– Сергей Федорович, өндірісіңізге қажет суды қайдан аласыз? Және де оның құндылығы қандай?

– Облыс орталығынан 25 шақырым жердегі экологиялық таза аймақ Зеленов ауданының Дариян ауылында орналасқан жер асты су көзінен аламыз. Ол жерде ұңғымамыз бар. Ол су табиғи, қосымша минералдауды қажет етпейді. Ең бастысы – құрамында адам денсаулығында жетіспеушілігі зат алмасуды бұзып, қалқанша безінің ауруын тудыратын йод бар. Біздің суымызды дәрігердің шектеуінсіз іше беруге болады, ол тамақтың жақсы қорытылуына септігін тигізеді.

– Суды тазартудың кез келген әдісінде оның құрамындағы микроэлементтер, минералдар мен өзге де пайдалы заттар шайылып кететіні белгілі. Қажетсіз құрамдастар мен қоспаларды жою кезінде қалайша асыра сілтеуден қорғануға болады?

– Бұл үрдістің жолға қойылғанына көп болды және ол бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен суды қатты қоспалар мен қалқыма бөлшектерден тазартады. Одан соң органикалық қосындылардан, жағымсыз дәмдер мен иістерден арылтатын гранулды белсендірілген көмірді қолданатын сүзгіден өтеді.

Келесі кезекте ультра жіңішке тазарту мен ультракүлгінмен өңдеуден өтеді. Міне, содан соң ол тұтынуға дайын, яғни ыдыстарға құюға дайын суға айналады. Құю процесі автоматты түрде іске асырылады, арнайы желідегі жұмыс барысы қызметкерлердің суға тиіспеуін қамтамасыз етеді. Құйылып болған соң бөтелкелерге қақпақ жабылып, сатылымға шығарылады. Бөтелкелер сыйымдылығы 0,4 литрден 19 литрге дейін. Бір сөзбен айтқанда, цехта су арнайы камераларда сүзгілік және бактерицидті тазартудан өтеді. Адам ағзасына қажетті калий, кальций, магний, темір, натрий сияқты микроэлементтер мен судың пайдалы қасиеттерін сақтай отырып, мұқият тазарту дегенді тағы да ескерткім келеді. Кейбіреулер суды қайнатса жарайды деп ойлайды. Су құбырынан алынған суды белгілі уақытқа алып қойып, сосын қайната салса, жеткілікті деп сенеді. Бірақ олай емес. Зерттеулерге сәйкес, тек алып қойған суда хлор органикалық канцерогенді қоспалар, ауыр металдар тұздары, радионуклеидтер мен өзге де зиянды заттар сақталады. Қайнату да жеткіліксіз, себебі қайнау кезінде жеңіл ұшпалы заттар, хлордың бір бөлігі ғана буланады, ал пестицидтер, гербицидтер, нитраттар қалады. Тазартылмаған суға қарама-қарсы дистилденген суды алуға болады. Ол суда пайдалы заттар мүлдем жоқ, ондай суды үнемі тұтыну өз ағзаңызды қажетті заттардан құр қалдырасыз деген сөз. Сондықтан да тазартудың ең тиімді әдісі – заманауи өндірістік жабдықтармен ғана тазарту.


«Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.


– Судың сапасы дәлелденген бе?

– Әрине, жыл сайын оның құрамы мен пайдалы қасиеттері Алматыдағы гидрогеология институтында зерттеледі. Суымыз 1432-2005 Қазақстан Республикасының стандарттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

– Суыңызды кімдер сатып алады?

– Суымызды қалада да, облыс аумағында да сатып алады. Жеке тұлғалар – ұсақ ыдыстармен, ұйымдар мен кәсіпорындар кулерге арналған 19 литрлік ыдыспен алады, бірақ жеке тұлғалар арасында да 19 литрге дейінгі көлемде алатындар бар.

– Бәсекелестік жағдайы қалай?

– Бәсекелестік болуы керек. Ол өндірушілерді жаңа шешімдер, әдістер іздеуге, алға ұмтылуға ынталандырады. Бұл біздің бірінші бизнесіміз емес, біз алғашында авто қосалқы бөлшектерді алып-сатумен айналысқанбыз. Ал 2014 жылы дайын цех сатып алып, осы бағытта жұмыстана бастадық. Бізді мазалағаны қаржылық жағы болатын, ақша қажет болды. Шешуші рөлді «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы атқарды. «Даму» бизнесті қолдау мен дамытудың аймақтық қорында бізге бағдарламаның шарттарын түсіндіріп берді. Біздер несиеге он бес миллион теңге алдық, аз сома емес. Несиені өтеудің он төрт пайыздық мөлшерлемесінің жартысын мемлекет субсидиялайды. Айта кету керек, осы шарттарды олар басқа да кәсіпкерлерге ұсынады, сондықтан да өз істерін ашуға кіріседі. Көптен бері ойлап, бірақ іске асыруға жүрексініп жүргендер енді бел шешіп кірісе бастады. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар ретіндегі ҚР Президентінің қолдауы кәсіпкерлерге жол көрсетіп, кепілдік берді. Ал сүйікті ісіңмен айналысу жақсы істерге түрткі болатыны белгілі. Мемлекеттік құрылымдар бізге көрмелерге қатысып, өз тауарымызды жарнамалап, өткізуге жәрдемдеседі.

Біз тек газдалған және газдалмаған су ғана шығармаймыз, сонымен бірге түрлі сусындар шығарамыз. Жазғы маусымда сұранысқа ие лимонад, квас, кола, тархун, ситро және басқалары бар. Сироптар, хош иісті қоспалар мен өзге де концентраттарды біздің де стандарттарымызға сәйкес келетін Санкт-Петербургтегі сенімді өндірушіден сатып аламыз. Біздің ұстанымымыз – өздерін сенімді етіп көрсете білген танымал өндірушілермен әріптестік құру.

– Ақ Жайық тұрғындарына тағы да жаңалықтар күтуге бола ма?

– Мынау өндіріске қатысты ма? – Сергей Федорович кеңсесіндегі кулердегі бөтелке жақты ымдады. – Жабдықтар сатып алып, зауытта су құю үшін петформдарды дайындау, сондай-ақ ыдыстарға жапсыратын заттаңбаны Қазақстанда басып шығару арқылы шетелдік жабдықтаушыларға тәуелділіктен арылуды жоспарлап отырмыз.

Алайда, одан басқа да жоспарлар жетерлік, – бір мезетке ол үнсіз қалды, айтуға тұра ма деп ойланып қалғандай. Сосын сөзін жалғады: – Біздің 2,6 га жеріміз таза экологиялық аймақта орналасқан, айналасы қарағайларға толы. Неге өсімдік өсірумен айналыспасқа? Барлық коммуникациялар жүргізілген: электр жарығы, су, инженерлік жүйелері бар. «Жылыжай кешенінің» жобасымен жұмыстанып жатырмыз. Ол жерде қияр, қызанақ, тағы басқа көкөністер өсірмекпіз. Біздер тұрғындардың қандай жағдайда өсірілгені белгісіз, импортты күтіп отырғанын қаламаймыз, өзіміздің құнарлы жерімізде, зиянды химикаттарсыз өсірілген көкөністерді тұтынғанын қалаймыз.

– Әңгімеңізге рахмет. Табыстар тілейміз.


Бизнестің жол картасы-2020 – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму» қорының кепілдемесін алу процедурасы:

1. Кәсіпкер Банкке бизнес-жобасын алып келеді. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шарттарына сай болуы керек.

2. Банк несиені мақұлдағаннан кейін жоба бойынша құжаттар «Даму» қорына бағытталады.

3. «Даму» қоры экспресс-кепілдеме бойынша оң шешім қабылдаған соң Банкке Алдын ала Кепілдеме хатын жолдайды.

4. Алдын ала Кепілдеме хаты Банкке жеткен соң кәсіпкер, Банк пен «Даму» қоры арасында үш жақты кепілдеме шарты жасалады.


Суреттер «Горбунов И.С.» ЖК архивінен
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top