Сот кабинетінің тиімділігі

29 июня 2020
0
656

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz) ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасы іске қосылды.

Сот кабинетіне кіру үшін міндетті түрде электронды ЭЦҚ кілті болуы қажет.

Сот кабинетіне ЭЦҚ кілтімен тіркеліп кіріп, «авторизациялау» рәсімінен өткеннен кейін пайдаланушы «іс бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот актілерінің көшірмелерін сұрату,атқару парағын беру туралы арыздар, басқа да өтініштер бере алады.

«Сот кабинеті» электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.

«Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

«Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.

«Сот кабинеті» — бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді.

БҚО Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы Тлемберлиева Алия

 

«Цифрлық агент» (Digital agent)

«Цифрлық агент» (Digital agent) мобилді қосымшасы іске қосылғалы мемлекеттік мекемелердің жұмыс сапасын саралауға жол ашты. Әсіресе, шенеуніктердің жұмысына қатысты жиі сын айтатын тұрғындар үшін бұл таптырмайтын мүмкіндік болып отыр.

Бұл қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен іске қосылып, пайдаланушылар «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет сапасына қатысты шағымдарына лезде жауап беру күн тәртібінде тұр. Агенттік осы мақсатта «Цифрлық агент» (Digital agent) мобилді қосымшасын іске қосқан болатын. Бұл құрылғы қазір тұрғындар арасында кеңінен насихатталуда. Ұялы телефонға жүктелетін арнайы бағдарлама арқылы кез келген уақытта өтініш, талап-тілек білдіруге болады. Адамдар да бағдарламаны қолдануға жылдам бейімделуде. Аталған мобильдік қосымшаның артықшылығы қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау 5 балдық шкала бойынша жүргізіледі.

Жалпы,заңды және жеке тұлғалар талап арыздарын «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге мүмкіндігі бар болатын. Соған қоса, «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда «Цифрлық агент» (Digital agent) қосымшасы электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіріп, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын оңтайландырып отыр.

Жұртшылықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамын.

БҚО қылмыстық істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының жетекші маманы Б.А. Тлеккабулова

Обсуждение закрыто.

ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top