«Сот кабинеті» дегеніміз не?

30 апреля 2015
0
7551

Сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режиміне «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz)арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.

Сот кабинетіне кіру үшін, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.

Пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін төмендегілердің бірін таңдайды:

• Талап арызды (өтінішті) беру.
• Апелляциялық/жекеше шағымды беру.
• Кассациялық шағымды беру.
• Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар.
• Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз.

Пайдаланушы «іс бойынша құжаттар» бөлімі арқылы:

– пікір;
– қарсы талап арыз;
– талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз;
– сот отырысының хаттамасына ескертулер;
– аудио-бейнежазбаларға және сот отырысының қысқаша хаттамаларына ескертулер;
– сот актілерінің көшірмелерін беру туралы өтініштер;
– әділет органдарына атқару парағын жолдау туралы өтініш;
– атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыз;
– сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқаларын) қайталап беру туралы өтініш;
– өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш;
– төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындау үшін атқару парағын беру туралы арыз;
– басқа да өтініштер.

• Өтініш беру

Пайдаланушы осы сервистердің бірін қамтитын файлды қосымшасымен бірге электрондық құжаттарды беру жүйесіне жүктейді.

Электронды құжаттарды жолдау тәртібі

– Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді;
– өтініш пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі;
– электрондық құжаттың жолданғандығы-жөнелту туралы талонның толтырылуымен расталады;
– электрондық құжаттың тіркелуі-тіркеу туралы талонның толтырылуымен расталады;
– пайдаланушы берілген электрондық құжат тіркеуге қабылданған жағ-дайда, «құжаттарды қосымша жолдау» функциясын пайдалану арқылы қажетті құжаттарды қосымша жолдай алады;
– пайдаланушының жүктеген әрбір файлының көлемі 10МВ-тан аспауы қажет.

Қандай жағдайларда мемлекеттік баж төленуі тиіс?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 535-бабына сәйкес төмендегі мәселелермен сотқа жүгінген жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеуге міндетті:

1) Талап арыздар;
2) Ерекше талаппен іс жүргізу арыздары;
3) Ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздар (шағымдар);
4) Сот бұйрығын шығару туралы арыздар;
5) Атқарушылық парақтың телнұс-қасын беру туралы арыздар;
6) Төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарын беру туралы арыздар;
7) Сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және басқа да құжаттарының көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздар;
8) Азаматтық істер бойынша апел-ляциялық, кассациялық шағымдар және сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар.

Мемлекеттік бажды қалай төлеуге болады?

1) «Электронды үкімет» төлем шлюзі арқылы «онлайн-төлем» бағаны толтырылады, одан әрі, мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат (*pdf форматындағы электрондық төлем) автоматтық түрде Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеліп, жолданады;

2) Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер арқылы, электрондық терминалдар, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы төленген жағдайда төлем туралы түбіртектің скан-көшірмесі Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеліп, жолданады.

Эльмира Каримова,
Батыс Қазақстан облысы,
Зеленов аудандық № 2 соты кеңсесінің бас маманы

ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top