Құрбаншалу – Алла тағалаға жақындау дегенді білдіреді

8 сентября 2016
0
2229

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИСЛАМ ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛДІГІ

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» (Кәусар, 108/3), – деп әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған.

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Биылғы 2016 жылдың Құрбан айт мейрамы қыркүйек айының 12,13,14 күндері Орал қаласында арнайы белгіленген орындарда ғана атқарылады. Барлық мешіттерде құрбан малдарын шалуға рұқсат етілмейді. Құрбандық малдарын сатуға және союға рұқсат еткен орындар тізімі төменде көрсетілген:

1. «Ел Ырысы» мал базары, Орал – Самара тас жолында орналасқан, қатынайтын автобустар 6, 13, 39, 45.

2. «Кублей» ЖШС, орналасқан жері: Рыбцех 55, қатынайтын автобустар 7, 17.

3. «Уральские колбасы», орналасқан мекен жайы: Промзона көшесі, 16, қатынайтын автобустар 1, 4, 5, 33, 35.

4. «Заря Востока» мал базары, Орал – Саратов тас жолында орналасқан (Восток, Зачаганск, 7 километр), қатынайтын автобустар 2, 7, 45.

5. Жеке кәсіпкер «Құспанов С», орналасқан мекен жайы: Ақтөбе көшесі, 295, қатынайтын автобустар 29, 43.


Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға тән, Аллаһтың сәлемі және  игілігі пайғамбары Мұхамметке, үй ішіне, әрі барша үмметіне болсын.

«Айт» сөзі араб тілінен алынған, «қайту, оралу, мейрам, қуанышты күн» деген мағыналарды білдіреді. Қуанышты сәт саналуының себебі – отыз күн оразадан кейінгі ауыз ашу болса бірі, екіншісі – қажылық жасап күнәдан тазарғаннан кейінгі құрбан шалып,   мейрамдап атап өткендіктен айт деп аталады. Яки айт деп аталу себебінің өзі  олар әр жыл сайын мұсылмандарға құлшылық ғибадаттарын орындағаннан кейін қуаныш, жақсылық алып келеді.

Мұсылман үмбеті үшін ерекше құрметке ие, асыл дініміздегі екі үлкен мейрамдардың бірі Ораза айт мейрамы болса, екіншісі – Құрбан айт мейрамы. Тарихқа қарайтын болсақ пайғамбарымыздың өзі бұл екі күнді үмметі үшін мейрам ретінде белгілеп кетті.

كما رُوِيَ أنه قدم للمدينة و لأهلها يَوْمان يلْعبونَ فيهما فقال : ما هذا اليومان ؟ قالوا : كُنَّا نلعب فيهما  في الجاهِلية ، فقالَ عليه الصلاة وَالسلام : إنَّ الله قدْ أبدلكما بهما خيرا منهما عيد الفطر وَ عيد الأضحى

Риуаят етілгендей пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мединаға келген кезде Медина халқының екі күнді мейрамдап ойын-сауық салып жүргенін көреді. Сөйтіп пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады:

– Бұл қандай күндер, – деп сұрақ қояды.

Медина халқы:

– Біздер жаһилиятта (қараңғылық кезде) бұл күндері ойын-сауық құратын едік, – деп жауап береді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларға:

– Расында Алла Тағала ол екі күндеріңді  сендерге ол екеуінен де жақсыра болған Ораза және Құрбан айт мейрамдарымен ауыстырып берді, – деген екен.  [3]

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Аллаһ жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады. Cондай-ақ, құрбандық шалуға байланысты мынадай аяттарды келтіруге болады: «Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген түрлі пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!» (Хаж сүресі, 27-28). [4]

Қасиетті Құранда тағы бір аятта:

فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ السَّعْيَ قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَى فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانْظُرْ مَاذَا تَرَى قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ (102) فَلَمَّا أَسْلَمَا وَتَلَّهُ لِلْجَبِينِ (103) وَنَادَيْنَاهُ أَنْ يَا إِبْرَاهِيمُ (104) قَدْ صَدَّقْتَ الرُّؤْيَا إِنَّا كَذَلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (105) إِنَّ هَذَا لَهُوَ الْبَلَاءُ الْمُبِينُ (106) وَفَدَيْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ (107) وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآَخِرِينَ (108) سَلَامٌ عَلَى إِبْرَاهِيمَ (109) كَذَلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (110) إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ

«Ұлы  (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: «Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?», – деді. Ол: «Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың» деді. Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады.  Біз, оған: «Әй Ыбырайым!», – деп, дыбыстадық. «Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді  осылайша  сынаймыз»  – дедік. Шын мәнінде бұл бір ашық  сынау еді. Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. Кейінгі  нәсілдерге, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді. [1]

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады.

Хазірет Ибраһимнен (а.с.) бері келе жатқан қажылықта орындалатын құрбан (һәди) шалу Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін, хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да (удхия құрбаны) міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.

Қасиетті кітабымызда:

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ

«Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал». [1]

قُلْ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де.

Сафуат тафасир кітабында бұл жайында мынадай түсіндірмелер келген:

«Яғни Мұхаммед (с.ғ.с) айтқын: «Расында Раббыма құлшылық ететін намазым,  құлшылығым – яғни құрбандығым, тіршілігім және өлімімнің барлығы тек Алла үшін ғана сендердің  ортақ  қосуларыңсыз» – деп. (әнғам162) [2]

Құрбан айт мейрам болса да бұл күн алдындағы мұсылманның міндеттері, әдептері бар. Атап айтсақ:

1) Құрбан айт мейрамы болған түні тұрып намаз оқу, зікір айту және Құран оқумен айналысу жақсы амал болып табылады. Муғаз ибн Жабалдан келген хадисте:

عَنْ معاذ  أنَّ رسول الله قال : مَنْ أحيا الليالي الأربع وجبت لَه الجنة:ليلة التروية ، و ليلة عرفة،  و ليلة النحر، و ليلة  الفطر.

«Кімде-кім мына төрт түнде намаз оқыса оған жаннат уәжіб болады: Таруия түні, арафа түні,  Құрбан айт түні, Рамазан айт түні».

وَ عن عبادة عن رَسول الله قالَ: من أحيا ليلة  الفطر وَ ليلة  الأضحى لم يمتْ قلبه يوم تموت القلوب

Пайғамбарымыз (с.а.с) айтты: «Кімде-кім Рамазан айттың  және Құрбан айттың түнінде Алладан сауаб үміт ете отырып намаз оқыса, Алла Тағала жүректер өлетін күні (дін атаулы жоғалып, адамдар имансыз халде таң атырып кеш батырған кезде)  оның жүрегін аман қалдырады».

Тағы бір хадисте:

وَ قال النبي : « مَنْ قام ليلة العيد مُحتسباً لم يمتْ قلبه يوم تموت القلوب»

Пайғамбарымыз (с.а.с)  айтты: «Кімде-кім айттың түнінде Алладан сауаб үміт ете отырып намаз оқыса, Алла Тағала жүректер өлетін күні (дін атаулы жоғалып, адамдар имансыз халде таң атырып кеш батырған кезде)  оның жүрегін аман қалдырады».

2) Айт намазының таңы атқанда тәкбір айтуды көбейту де жақсы амалдардан. Анастан келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) айтты:

عَن  أنس أنَّ رسول الله قال : « زَينواالعيدين باالتهليل والتكبير والتحميد و التقديس

«Мейрамдарыңды ұлықтаумен, тәкбірмен, мақтаумен, құрметтеумен   зейнеттеңдер (көрікті қылыңдар)».

Тағы бір хадисте:
و عَنْ أبي هُريرةَ  رَضي الله عَنهُ : « زَينوا أعيادكم بالكبير»

Әбу Хурайрадан келген хадисте: «Мейрамдарыңды тәкбірмен зейнеттеңдер (көрікті қылыңдар).

وقال ابن عباس: واذكروا الله في أيام معلومات: أيام العشر، والأيام المعدودات: أيام التشريق. وكان ابن عمر، وأبو هريرة: يخرجان إلى السوق في أيام العشر، يكبران ويكبر الناس بتكبيرهما. وكبر محمد بن علي خلف النافلة.

Ибн Аббас айтты: «Белгілі күндерде Алланы еске алыңдар (зүлхижжа айының он күнінде) және санаулы күндерде (айт күндері)». Ибн Омар және Әбу Хурайра белгілі күндерде (зүлхижжа айының он күнінде) екеуі базарға шығып тәкбір айтатын, сөйтіп адамдарда оларға ілесетін еді. Және Мұхаммед ибн Әли нәпілден кейін тәкбір айтатын еді. [5]

3) Келесі әдебіміз Арафат күнінің таң намазының бастап бес күн бойы намаздардан кейін тәкбірлерді айту.

وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ

4) Құрбан айт намазын ертерек оқу құрбандықтарды сою үшін.

5) Құрбан айт намазының алдында ештеңе жемей бару.

عَنْ أنس  قال: كان رسول لا يَخرجُ يوم الفطر حتى يطعم، وَلا يأكل يوم الأضحى حتى يصلى

Әнастан келген хадисте: Пайғамбарымыз  (с.а.с)  Ораза айт күні тамақ ішпей шықпайтын еді, және Құрбан айт күні намаз оқығанша тамақ ішпейтін еді – дегенді жеткізеді.

6) Және бұл күндегі жақсы амалдардан жасалатын нәрсе шалған құрбандығын үш бөлікке бөліп беру яки бір бөлігін өзіне, екінші бөлігін жақын туыстарға үшінші бөлігін кедей-міскіндерге бөліп беру. [3]

Аллаһ Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да – Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған  қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар».

Кез келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болуы қажет:

1. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Ал, үйрек, қаз, тауық, түйетауық, елік секілді т.б. аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Бұларды құрбандық ретінде шалу харамға жақын мәкрүһ болып табылады. Өйткені мұнда мәжусиларға (отқа табынушылар) еліктеушіліктің нышандары бар. Қой, ешкі, сиыр және түйенің еркектері де, ұрғашылары да құрбандыққа жарамды.

2. Құрбандыққа жарайтын қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкінің міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.

3. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға кедергі келтіретін кемшіліктер болмауы қажет.

4. Құрбандық мал ғибадат ретінде бауыздалуы шарт. Шын мәнісінде Аллаһ пенделердің құлшылығына да, құрбандық шалуына да зәру емес. Құрбан шалудың бізге мәлім әрі беймәлім көптеген пайдалары мен хикметтері бар. Дегенмен негізгі мақсат – Аллаһ тағаланың разылығына бөлену. Мал шалғанда пенделердің ниетінің негізге алынатындығы Құран Кәрімде былайша баяндалған: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаһқа жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаһқа деген құрмет» (Хаж сүресі 37). [4]

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде біздерге былай деп ескерту жасаған:

عن البراء رضي الله عنه قال:سمعت النبي صلى الله عليه وسلم يخطب فقال: إن أول ما نبدأ به من يومنا هذا أن نصلي، ثم نرجع فننحر، فمن فعل هذا فقد أصاب سنَّتنا، ومن نحر فإنما هو لحم يقدِّمه لأهله، ليس من النُسُك في شيء

Расында бұл күндегі біздің алғашқы ісіміз – намаз оқу, кейін қайтып келіп құрбандық шалу. Кімде-кім осылай істесе расында ол сүннетімізге қол жеткізгені.  Ал егер  намаз оқымай құрбандық шалып қойса, онда оның құрбандығы жай ғана ет болады.  Құрбандықтан ешнәрсе таба алмайды – деген екен. [5]

حدثنا محمد بن عبيد الغبري. حدثنا حماد بن زيد. حدثنا أيوب وهشام عن محمد، عن أنس بن مالك؛
أن رسول الله صلى الله عليه وسلم صلى ثم خطب. فأمر من كان ذبح قبل الصلاة أن يعيد ذبحا

Бізге Мухаммад ибн убайд әл- ғобари, бізге Хаммад ибн Зайд, бізге Айюб және Һишам Мухаммедтен, Анас ибн Мәликтен жеткізді:

«Расында пайғамбарымыз (с.ғ.с) намаз оқыды кейін былай деп айтты: Кімде кім намаздан алдын құрбандық шалса, қайтадан шалсын» – дегенін. [6]

Жалпы құрбандық шалу өте сауапты істерден. Құрбандық шалу мұсылман адамға бұл дүниеде һәм ахиретте үлкен-үлкен сауаптар алып келеді. Сол себептен қадірлі жамағат шама-шарқымыз келгенше Алланың разылығын көздей отырып құрбандық шалайық.

Руслан Султанов,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл  имамы
Ярослав Куликтің фотосуреттері

ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top