«Нұржанар» АҚ: өсудің жаңа мүмкіндіктері

3 августа 2017
0
2095

1971 жылы Орал сыра зауыты ретінде негізі қаланған «Нұржанар» АҚ Батыс Қазақстандағы сусын өндірісі бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі. Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкімшіліктерінің, БҚО кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдау көрсетуінің арқасында кәсіпорын банкротқа ұшырамай, дамудың сапалы жаңа сатысына көтерілді.

Қиындыққа қарамастан

Зауыттың экономикалық дағдарыс жағдайындағы ең қиын кезеңі көбінесе оның бұрынғы басшыларының кәсіпорынды банкротқа ұшырата жаздаған тиімсіз қызметімен байланысты. 2014 жылы басшылық өзгерген соң зауыт қайта жандана бастады: квас, лимонад, ішетін су өндіру және т.б. өнімдердің көлемі ұлғая бастады.

2006-2007 жылдары зауыт заманауи автоматты желі бойынша өндірістік жабдықтың кешенді модернизациясынан өтіп, алдыңғы қатарлы технологиялар ендіріле бастады. Алайда, содан кейін зауыттың дамуына қызығушылық танытушы акционер зауытты сатып алып, құрал-жабдықты шекті межедегі ахуалға жеткізді, ал ол шығарылатын өнім сапасына кері әсерін тигізді.

Дағдарыстан шығып, кәсіпорынды қайта қалпына келтіру үшін қомақты қаржы қажет болды. Ол үшін компания барлық банктерге жүгініп, ақыр соңында нарықта бәсекеге және төлем төлеуге қабілетті екенін көрсете білді.

Алынған несиенің арқасында зауыттың тоқтап қалуына жол бермей, дағдарыс жағдайынан шығудың негізін жасауға мүмкіндік алды.


Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.

Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан. 2017 жылғы 31 қаңтар


Кәсіпорынның қайта жандануы, жаңа қуатты импульске ие болуы 2016 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алынған жеңілдікті несие арқылы мүмкін болды. Алынған қаржыға қосымша сауда жабдықтары алынып, өнімді тарату көлемін ұлғайту мүмкіндігіне қол жеткізді.

Сауда бөлімінің жасақталуы Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласында өнімнің сатылуын ретке келтірді, содан соң Қазақстан мен Ресейдің шекаралас: Атырау, Ақтөбе облыстарында, Орынбор, Саратов және Самара губернияларында өтім жақсара түсті.

Жоғары білікті мамандар қызмет ететін зауыт басшылығы арқылы сусындарды өткізу нарығын зерделеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, яғни тұтынушылар сұраныстары туралы ақпарат жиналды, олармен байланыс орнатылып, «Нұржанар» АҚ өнімін шұғыл жеткізу мәселелері шешілді.

Ұжымы аса жауапкершілікпен, ептілікпен кәсіпорынды түлету мәселелерін шешуде. «Зауыт тоқтайтын болыпты» деген қала тұрғындарының алып-қашпа сөздері шындыққа жанаспайды: тіпті ең ауыр кезеңдердің өзінде зауыт өз жұмысын тоқтатқан жоқ.

Жаңа ұсыныстар және технологиялар бойынша

Сол жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпорынға Канададан маркетинг бойынша кеңесші келді.

Мұндай тәжірибе бүгінде жер-жерде таралуда: нарықтық экономикасы дамыған елдер жұмысы тәжірибесі әркез талап етіледі және Қазақстанда, Ресейде, басқа да ТМД елдерінде табысты түрде қолданылуда. Осы жолы да солай болды. «Нұржанар» АҚ жұмысын егжей-тегжейлі зерттеген Канада маманы өнімді сату және зауыт жұмысының басқа да мәселелері бойынша құнды ұсыныстар берді.

Бүгінгі таңда әлемде консерванттар мен қосындылар қосылған, тұтынушылар денсаулығына зиянды әсерін тигізетін күмәнді сусындар көптеп шығарылады. «Нұржанар» АҚ өз өнімін тек табиғи шикізаттан, консервантсыз заманауи технология бойынша дайындайды. Тұтынушылар адам денсаулығына қатысты мұндай істі тиісінше бағалап отыр: олар барлығы да «Нұржанар» шығаратын өнімді ынталана сатып алады.

Кәсіпорында ISO9001 халықаралық стандарттарға сәйкестік менеджментінің біріктірілген жүйесі және сапаны басқару жүйесі мен НАССР (Hazard Analysisand Critical Control Points) қағидаттарына негізделген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі енгізіліп, сертификатталған.

Отандық және батыстың жетекші компаниялары, оның ішінде «Нұржанар» АҚ сапа менеджменті жүйесінің енгізілуінің пайдалы жақтарын бағалады. Мұндай енгізуге кететін шығын – болашақта табыс көзін әкелетін инвестициялар.

Сапа менеджменті жүйесі компания қызметін тұрақты жақсарту, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруды арттыру және басқа да қызығушылық танытқан жақтардың талаптарын орындау, бизнес-процестерін халықаралық стандарттарға сай құру механизмін қалыптастырады, осының нәтижесінде компания қызметінің жалпы жағдайы жақсаруда.

Сапа мененджменті жүйесін ISO9001 сәйкестікке сертификаттай отырып, «Нұржанар» АҚ өзінің кәсіби құзіреттілігін дәлелдеп, беделі мен мәртебесін арттырды.

Қазақстанда Президент Нұр-сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз кәсібін сапа қағидатына құра білген кәсіпорындарға «Алтын сапа» сыйлығын табыстауы біз үшін зор қуаныш. «Нұржанар» АҚ өз қызметі арқылы сапалы өнім шығаруға және бүгін де, болашақта да бәсекеге қабілетті болуға дайын екенін көрсетуде.

Маман кадрлар бәрін де шешеді

«Нұржанар» АҚ – жарқын еңбек дәстүрлері қалыптасқан кәсіпорын. 80-ші жылдардың өзінде осы зауытта болып, қызметкерлерінің жоғары кәсіби сапасына көз жеткіздік. Нұржанар» АҚ-ның тұрақты сапасы мен талғамының құпиясы осы жерде жұмыс жасап жатқан адамдардың бойында. Сусын өндірісі басшысы Камал Сәбитқызы Ахметова 30 жылдан астам уақыт бойы осы кәсіпорында қызмет етіп, өндірілетін өнім сапасына аса назар аударумен келеді. «Нұржанар» АҚ бас технологы Айжан Сапарқызы Аюпова 20 жылдан астам уақыт бойы өндірілетін өнімнің сапалы болуына, әлемдік стандарттарға сай болуына жанын сала қызмет етуде.


Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл біздің экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отыр.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан. 2015 жылғы 30 қараша


Бүгінде кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері ізашарларының дәстүрін жалғастыра отырып, отбасы болып еңбек етумен келеді.

Жұмыс көлемінің және өнім шығарудың ұлғаюына байланысты жыл сайын кәсіпорын штаты өсіп отырады: 2015-2017 жылдары 80 жаңа қызметкер жұмысқа алынған. Олардың барлығы да қажетті біліктілікке ие және зауыттың еңбек жетістігіне лайықты үлес қосуда.

Қазіргі кезеңде «Нұржанар» АҚ – динамикалық түрде дамушы кәсіпорын, тек республикалық емес, сонымен қатар аймақтық бюджеттің ірі салық төлеушісі, үздік тауарлар көрмесінің тұрақты қатысушысы. Сапа саласы бойынша сансыз марапаттарға ие. Сондай-ақ «Нұржанар» АҚ әлеуметтік шаралардың белсенді қатысушысы және демеушілік көмек көрсетеді.

2017 жылы өндірілетін өнім көлемін екі есеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жергілікті атқарушы билік органдарының және бизнес-құрылымның қолдауымен зауыттықтар болашаққа сеніммен қарайды.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top