«Мың бала»

22 февраля 2017
0
4596

Республикалық мәдени-ағартушылық жобасының бастау алуы

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Халықаралық ана тілі күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша елімізде «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы болып өтті.

Шара құрметіне Достық үйінде концерттік бағдарлама, «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбына дөңгелек үстел, тілдерді үйрену бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Достық үйінің лингвистикалық кабинеттерінде «Достық, келісім және толеранттылық» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.Кабинеттер тілдерді оқытуға арналған барлық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Сабақтар қазақ, орыс, ағылшын, татар тілдерінде өткізілді. Ашық сабақтарды қала мектептерінің жоғары санатты мұғалімдері өткізді. № 35, 38 лицейлері мен № 42 мектеп-гимназиясының оқушылары үш тілде сөйлей алатындықтарын көрсетті.

Сондай-ақ, Достық үйінде дөңгелек үстел өткізіліп, оның жұмысына Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, БҚО білім беру басқармасы басшысының орынбасары, БҚО тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Орал қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары, БҚО этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері қатысты.

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Х.Қапақов дөңгелек үстел модераторы болды.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Зауре Гумарова өз баяндамасында атап өткендей, 2013-2014 оқу жылы үш тілде оқыту облыстың 24 мектебінде енгізіліп, 1 278 оқушыны қамтыды. Облыс бойынша қазіргі уақытта үш тұғырлы тіл аясында 57 маман үш тілде сабақ береді. «2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамытудың жол картасына» сәйкес өткен жылы жергілікті бюджет есебінен Батыс қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің базасында 583 жаратылыстану-математикалық топтамадағы пән мұғалімдері үшін ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылды.

Болашақта пән мұғалімдері үшін тілдік курстар, педагогтар мен оқушылар үшін онлайн-кеңестер мен сабақтар өткізу, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінде педагогикалық тағылымдамалар өту, Қазақ-түрік лицейі мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін жинақтау және тарату және т.б. ұйымдастыру жоспарланған. Әзірге мұғалімдер оқып-үйреніп жатқан кезде көптеген балалар бүгінде бір-бірімен үш және одан да көп тілде емін-еркін тілдесіп жүр.

Баяндамаларды қорытындылай келе, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Х.Қапақов үш тілді білудің маңыздылығы туралы, оның бүгінгі уақыттың талабы екендігін, өйткені ағылшын тілі жаңа технологиялар, жаңа өндірістер, жаңа экономика тілі болып табылатындығынатап өтті.

– «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – бұл әртүрлі этникалық топтардың мыңдаған мектепке дейінгі бүлдіршіндері және мектеп оқушыларына қазақтың тілдік және мәдени ортасына сіңулеріне, мемлекеттік тілді үйренулеріне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін танып-білуге мүмкіндік беретін жоба болып табылады. Жалпы, байқауды өткізу әртүрлі этностар балалары арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген үлкен қызығушылықтарын тудырды. Шараға мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты, бұл осы тәрізді жобаларды өткізудің қажет екендігін көрсетеді, – деді Ғ.Х.Қапақов.

Фото: Рустам Адилов

ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top