Мемлекет қолдауы болса, дағдарыс қорқынышты емес

20 июля 2017
0
2032

Бизнес-ортаны жақсартып, кәсіпкерлерді қолдаудың түр-түрімен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес саласын қызығарлықтай, ең бастысы – өте табысты салаға айналдырып шығаратындай жолды айқын көрсетіп берді. 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің ел Жалпы ішкі өнімге салымы 50 пайыздан кем болмауы керек. Кәсіби мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуге ғана емес, тұрғындардың, әсіресе ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға көп септігін тигізіп отырған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы белсенді жұмыс жасап тұр. Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жергілікті жерлерде кеңестік және ақпараттық көмек көрсетеді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құжаттар жинақтауға, бизнес-жоспар құруға көмектеседі.

Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Әнуарбек Қабашевтің айтуынша, мемлекет биыл да жаңа іс бастап жатқан кәсіпкерлерді тиімді шарттармен қолдауды жалғастырмақ. Олар үшін 18 млн.

теңгеге дейін несиелер қарастырылған. Несиенің жылдық мөлшерлемесін 6% деңгейінде, өтеу мерзімі 5 жылға дейін. Биылғы жылы несиелердің қол жетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір жаңа шара – несиелерді кепілдендіру механизмін енгізу: жаңа іс бастаған кәсіпкерлерді 85%, бұрынғылардың 50%-на дейін. Жаңадан келген кәсіпкерлерді «Бастау – Бизнес» ҰКП арқылы кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді. Арнайы тренерлерді және табысты бизнесмендерді және іскер адамдарды шақыру арқылы.

Оралда несиелендіру мәселелері бойынша 300 адамға кеңес берілген, олардың 205-і бағдарламаларды шынымен де тиімді деп тапты. Мемлекет қолдауының арқасында өз ісіңді бастауға болады және солай жасау керек те.

– Шағын несиенің максималды сомасы 8 мың АЕК. Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6%-дан артық емес. Мемлекеттің көмегі ауқымды, ең бастысы оны пайдалана білу. Қарыз берушінің шешімімен негізгі қарыз бен үстеме ақыны өтеу мерзімін несиелеудің жалпы уақытының үштен біріндей шамаға азайту жеңілдігін беру мүмкіндігі бар, – дейді Әнуарбек Бақтыгерейұлы.

Бауыржан Ғабдолов – жұмыс жасап жүрген кәсіпкер. Бірнеше жыл бұрын ғана ол жұмыс іздеп жүргенді. Нәтижесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын кәдеге асырды.

– Немен айналыссам екен деп көп ойландым. Қай сала табысты болар екен деп. Шағын наубайхана ашуды жөн көрдім. Бизнесті жұбайым Сәндігүл Есенғазиеваның атына рәсімдедім.

Жұмысы жаңа басталған шақта біз оның өндірісінде болып едік.  Бауыржан жұбайы екеуі жұмысқа алынған көмекшілерімен тең дәрежеде еңбектеніп жүрді. Артық уақыты жоқ-ты. Бір жұмыс ауысымында 300 бөлке нан пісіретін. Таң ата салысымен тауарды дүкендерге жеткізетін. Сапалы өнімді сатып алушылар ұнатты.

– Наубайхана ашуды көптен армандаушы едік. Туыстарымыздың наубайханасында жұмыс жасаған кезде пісірудің қыр-сырын үйрендік. Артық қоспасыз, тек ұн, су, тұз бен ашытқы қосылған үй рецептурасы бойынша нан пісіру, – деп құпиясымен бөлісті кәсіпкер.

24 шаршы метрлік шағын цехта күн қақтағандай ыстық болатын. Алайда Сәндігүл ханым бұл ыңғайсыздыққа қарамастан қамыр салынған формаларды пешке салып жатты. Үстелдерде формаларда «көтерілген» аппақ нан.

Бауыржан сол кезде шаруасын ысырып қойып, қиын болғандықтан көмекшілер алғанын айтқан еді.

Жұбайының мамандығы – ағылшын тілінің мұғалімі. Ақтөбе қаласында гимназияда сабақ берген. Содан декреттік демалысқа кетті. Бауыржанның өзі БҚАТУ-ды бітірген соң мамандығы бойынша жұмыс жасаған емес.

– Жұмыс болмады, – деді ол. Жақында басқа іске кірісті.

– Нан пісірген тиімді, бірақ әйелім көмектесе алмай жүр. Баламыз ауырып қалып, бар уақытын баламен өткізеді. Айналымда біраз қаржым бар болатын, қандай іспен шұғылдансам деп ойлай бастадым. Мемлекеттен несие алған соң, оны қайтару да керек қой. Міне, сол кезде дипломым да пайдаға асты. Мен ветеринармын ғой, ауыл шаруашылығымен жақсы таныспын. Және ауылда өскен баламын, мал шаруашылығымен жете таныспын.

Ол Тайпақта туып-өскен. Сол жерге барып, мал шаруашылығымен айналыспақшы болды. Онымен қоса наубайханасын да қалдырмады. Қозғалмайтын мүлік сатып алып, ірі қара мен қойларды қораға кіргізді. Алдымен өзі үшін ғана деп ойлады. Ал қазір бордақылауға арнап тайыншалар өсіруде. Шағын ғана фермасында бірнеше көмекшісі бар. Бауыржан оларды азық-түлікпен қамтамасыз етеді, жалақыларын төлейді.

– Мен қай кезде де өз ісім болса екен деуші едім. Жанға жайлы, адамдарға пайда әкелетін, өзіме табыс әкелетін іспен, – деп бөлісті Бауыржан. – Лайықты өмір сүргісі келетіндер үшін бизнес бастауға кеңес берер едім. Оған қоса мемлекет те құр қарап тұрған жоқ, әжеп-тәуір қолдау білдіруде. Егер де ойламаған жерден менікі сияқты өміріңіз өзгерсе, жұмыс барысын да өзгертуге болады. Бастысы, өзің де жұмыс істе, өзгеге де мүмкіндік бер. Несие алғанымызға өкінбейміз. Қазір тәжірибе жинақтадық, көп нәрсені үйрендік. Шындығына келгенде, біреудің наубайханасында жасағанда, тәжірибелі маманның қасында барлығы да оңай көрінеді. Ал өздігімізбен жасаған алғашқы партиямызды қорқа-қорқа жасадық. Бірақ бәрі де сәтті болды. Ал мал өсіруде мен өз ортамдамын деуге болады. Бұл істің құпияларын ішінен білемін.

Нан пісіру – жағымды да игі іс. Кәсіпкер бір күндері нан пісіруді қайта қолға алатынына сенімді. Мемлекеттің көмегінсіз өз ісін ашу мүмкін болмайтындығын мойындайды ол. Жабдықтар мен шикізатқа, мал сатып алуға, мал азығына, жұмысшылардың жалақысына ақшаны қайдан табар еді.

Мемлекеттің қолдауымен жас отбасы жақында Деркөл ауылынан өз жер теліміне қол жеткізді. Сегіз сотық жерге олар 55 шаршылық үй салды. Қасына тағы бір құрылыстың іргетасын құйып қойды, мүмкін тағы да бір табыс көзі болатын дүкен ашып алар.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері азаматтарға түсіндіру жұмыстары барысында бағдарлама шеңберінде бизнесті жүргізу негіздеріне үйрену мүмкіндігі бар екендігін айтып жатады. Жұмысы жоқ адамдардың да семинарға қатысуларына болады. Курстар тегін,  және де стипендия беріледі. Еліміз бойынша жыл сайын 30 мыңдай адамды оқыту жоспарлануда.

Көптеген кәсіпкерлер дән риза. Президент қойған мақсаттар арасында бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шаралар алу бар. Бұл дегеніміз, мемлекет тарапынан, соның ішінде қадағалау-бақылаушы органдар жағынан тым артық, аса талаптар қысқартылған. Кәсіпкерлер қызмет көрсету саласында бизнес жүргізу барысындағы есеп берудің ұзақ процедурасына наразы еді. Тым артық бақылау кәсіпкерлер үшін тығырыққа тірелер іс еді, себебі қадағалау олардың ынтасына кері әсер етіп, нарықта жаңа ойыншылардың пайда болуына кедергі келтіретін. Ал қайта реттеу процесі бизнес субъектілерінің экономикалық бостандығын көтереді.

Мемлекеттік қолдау туралы Ғабдоловтар отбасы білсе де, соңына дейін сенбегендерін айтады.

– Мемлекет үлкен қаржыны беріп қойғанымен, қайтарымын сұрамайды, және де жеңілдік каникулдарын береді. Бизнес алғашқы табыс әкелгенше күте тұрады.

Қазір мен бастапқы бизнесті қолдауға арналған тамаша бағдарлама екенін сенімді түрде айта аламын. Ресімдеу кезінде де ешқандай қиындық туындамады. Бәрі реттелген. Басыңыз жасаса, қолыңызбен жұмыс жасаудан қорықпайтын болсаңыз, қорықпай тәуекел етіп, несие алыңыз. Кеңесшілер де бизнес-жоспар құруға көмектеседі. Экономистер нақты есебін жүргізіп береді. Кезінде мен де солай жұмыспен қамту орталығындағы мамандарға барған болатынмын. Мені қабылдап, шарттарын түсіндірді. Мамандардың сыпайы да білімді адамдар болғаны қуантады. Бұл да маңызды. Сен өзің қобалжып отырғанда, олардың биязы сөйлеп, барлық оң-терісін жаймен түсіндіргені қандай керемет.

Шынын айтсам, кепілдеме керек. Бізде сол кезде құрылысын бітірген үйіміз болды. Уайымдадық, жасыратыны жоқ. Қолымызға 3 млн. теңге алдық.

Бауыржан несиелеудің тағы бір бағдарламасы «Сыбаға» туралы да білді. Бұл несие ірі қараның аналықтары мен асыл тұқымды бұқалар сатып алуға қарастырылған. Бағдарламаның мақсаты шағын және орта бизнесті етті мал шаруашылығын дамытуға тарту, етті бағыттағы малдың үлесін арттыру, ірі қара нарығындағы бәсекелестікті ұлғайтып, инфрақұрылымды дамыту болып табылады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелер ірі қараның аналықтарын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге, асыл тұқымды бұқалар сатып алу мен шаруашылықтың айналма қаржысын ұлғайту үшін 2 жылға дейінгі мерзімге 6% мөлшерлемемен беріледі.

– Мемлекет басшысы айтқандай, азаматтарымыз, әсіресе жастар жағы тырысып, өз істерін ашу керек. Бұл сөзбен келіспеске болмас, және де қолдау да бар.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top