Өлкетану мұражай: руханилыққа алғашқы саты

23 ноября 2017
0
11443

Қазақстанның дамуында, оның рухани нығаюында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үлкен маңызға ие. Бағдарламаның «Қазақстанның киелі жерлері» бағытында «мәдени-географиялық белдеу» туралы, осы белдеудің рөлі мен оған енетін орындар туралы жат идеологиялардың әсерінен қорғаныс ретінде, ұлттық мақтаныш ретінде әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажеттігі туралы айтылған. Мұндай оқу-ағарту жұмысында өлкетану мұражайларының орны ерекше.

Ұрпақ сабақтастығы

Білім беру ошақтарындағы музейлер елжандылық пен азаматтықты тәрбиелеу орталығы, барлық халықтар үшін де «тарихи естелік кітабы» болып, оқу-тәрбие жұмысында маңызды орын алады. Бұл туристік-өлкетану жұмыстарына қатысты.

Өз өлкеңнің тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет. Өткеннен қалған зор тарихи-мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ал тәрбие құралы ретінде музей жұмыстарын да қолдануға болады. Музей тарихқа деген қызығушылық туғызып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдырады.

Бұл құр түрлі заттар мен жәдігерлер жиынтығы ғана емес. Білім ордасындағы музей – тірі ағза, яғни оқушылардың, ұстаздардың ертеңгі күнге ұмтылған күнделікті шығармашылық жұмысы. Оны аз ғана уақытта өткен онжылдықтарға сапар шегуге мүмкіндік беретін «сиқырлы уақыт машинасы» сияқты көруге болады. Ол жай өткен мен бүгінгіні көрсетіп қана қоймайды, болашаққа да көз салуға мүмкіндік береді. Осы ретте мектеп музейлері Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі мен экология орталығымен біріге отырып, ауқымды тәрбие жұмысын жасап отыр.

Сонау Кеңес кезінде де ең үздіктердің бірі болып Чапаев орта мектебінің музейі танылғанды. Алайда балалар туризмі тарихының басты музейі Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі мен экология орталығында орналасқан.

Оның экспозициясы ұстаздар мен оқушылардың іздестіру-өлкетану жұмыстары кезінде жасалды. Олар өлке тарихын зерттеп, ардагерлермен кездесіп, іздестіру жұмыстарын жүргізіп, экскурсиялар мен экспедициялар ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда музей қорында 800-ден астам экспонат бар. Олар «Жайық өңірі – балалар туризмі өлкесі» және «Менің Отаным – Қазақстан» атты екі залда орналастырылған, сондай-ақ қоймада сақталған.

Музей экспонаттарын жасау – жай ғана жинақтау емес, арнайы жоспар бойынша мақсатты жинақтау. Музейде Жайық өңірі оқушыларының туристік өлкетану жұмыстарын сипаттайтын түпнұсқалық көрнекі-суреттеме және графикалық материалдар, құжаттар, альбомдар мен бейнелі немесе жазба түрдегі дереккөздер бар. Сондай-ақ аймақтағы балалар туризмінің дамуына өз үлестерін қосқан жекелеген тұлғаларға арналған экспозициялар мен стендтер ресімделген.

Олардың арасында – Халық-аралық балалар мен жасөспі-рімдер туризмі және өлкетану академиясының құрушысы жә-не алғашқы президенті, профессор, тарих ғылымдарының докторы А.А. Остапец-Свешников, республика бойынша туризм мен өлкетану ісінің негізін қалаушылар Т. Жездібаев, С. Абдамбаев, педагогтар, Жайық өңіріндегі балалар туризмінің бастамашылдары К. Жұбаншалиев, А. Панченко бар. Музейде түпнұсқа құжаттар, фотосуреттер, туристік жорықтар, экспедициялар мен экскурсиялардың жол сызбасы, ол жорықтардың қатысушыларының жеке заттары, туристік-өлкетану және экологиялық шаралардың материалдары, өлкенің туризм, өлкетану және экологиясы тарихынан сыр шертетін журналдар мен кітаптар орын алған.

Музей экспонаттары туризм мен өлкетану ардагерлері туралы, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі мен экология орталығының шығармашылық ұжымы туралы, жарты ғасырға жуық уақыт бойғы Орал өңірінің педагогтарының бірнеше буындарының мақсатты да баянды жұмыстарының нәтижесі болып табылатын жетістіктері туралы баяндайды.

«Туған өлке табиғаты» атты диорама облыстағы жүргізілетін барлық туристік-өлкетану және экологиялық жұмыстар мен аймақ табиғатын керемет сипаттайды.

Музейдің барлық экспонаттары құнды, себебі олардың барлығы да туристік шараларға қатысқандардың, олардың туысқандары мен жетекшілерінің сыйға тартқан жәдігерлері.

Сондай-ақ музейде өткен ғасырдың айғағындай патефон, «Альфа» кинокамерасы, «Урал» репортативті радиостансасы, ротаторлық көбейткіш машинасы, түрлі тұрмыстық заттар, Азаматтық соғыстан қалған қарулардың бөлшектері, пионер ұйымының барабаны мен кернейі, таңбашалар, шақыру билеттері, жалаушалар, түрлі құжаттар да кездеседі. Түрлі замандарда түрлі адамдармен түсірілген көптеген фотолар өткен күндердегі оқиғаларға қатысқан оқушылар мен ұстаздар туралы сыр шертеді.

Патриоттар тәрбиелеу

Оқу мен тәжірибені, өткен мен бүгінгіні ұштастырып, оқу-тәрбие жұмысында ұстаздарға септігін тигізетін бірден бір көпір – ол музей.

Бұрынғы Кеңестің әр тарабынан келген қонақтар да мұны бағалады. Пікірлер кітабында қалған жазулар: «Туризм музейін жасақтау – керемет идея, және де ол идея табиғатқа деген сүйіспеншілікпен, тамаша көркемдік талғаммен, мұқияттылықпен іске асырылған», – деп жазды Мәскеуден келген Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының президенті А.Я. Миндель. «Сіздерден менің көргенімнің барлығы да данышпандық!» – деп есептейді А.А. Остапец-Свешников атындағы «Родина» балалар мен жасөспірімдер туризмі және экскурсиялар үйінің директоры В.В. Казанцев, ол да мәскеулік қонақ.

Аймақтың 100-ден астам оқу орнында ашылған өлкетану музейлері Жайық өңіріндегі балалар туризмі инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды. Бұл музейлердің экспозициялары оқушылардың жорықтары мен экскурсияларының нәтижесін көрсетеді, олардың өз туған өлкесінің тарихын тереңірек білуге, табиғатымен жақынырақ танысуға ұмтылдырады.

Осы жұмыстарды БҚО аудандарында қолдау мақсатында мектеп музейлері жетекшілерінің лауазымы мектеп штатына енгізіліп, олардың еңбегі төленетін болды. Іздестіру-зерттеу жұмыстарын кеңейтуде «Әр оқу орнына – музей» атты облыстық акциясы маңызды рөл атқарды. Ол акцияның өлкетану жұмысын, бұрын болмаған жерлерде музей экспозицияларын қалыптастыруда рөлі ерекше болды. Мыңдаған оқушылар іздестіру жұмыстарына араласып, өткеннің іздерін сараптап, зерттеуге машықтанды.

Бұл ұсақ-түйек нәрсе емес! Еліміздің әр аумағында өзінің ұмытылмас тарихы бар, рухани, мәдени, тарихи киелі жерлері бар. Олармен танысу өз өлкеңнің тарихы мен мәдениетін, осының негізінде бүкіл Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңірек білуге мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан Мемлекет басшысының өз бағдарламалық мақаласында «Өз Отаныңа – туған еліңе деген махаббат өзіңнің шағын отаныңа – ауылыңа деген махаббаттан басталады» деп ерекше атап өтті.

Одан әрі Нұрсұлтан Әбішұлы «Біз – ұлан-ғайыр жерді алып жатқан рухани тарихы бай елміз. Кей кездері біздің үлкен аумағымыз тарихта түрлі рөл атқарды. Бірақ халық арасында осы рухани-географиялық белдеудегі байланыс ешқашан үзілген емес. Алайда бар тарихымыз барысында осы мәдениет пен киелі жерлердің рухани мұрасы тұрғысынан маңызды сәттердің біртұтас тізбегін құра алмадық» деді. Сондықтан да ең танымал ескерткіштерді (мысалы, Бекет-Ата қорымы, Тараздың ежелгі кешендері) және көптеген өзге жерлерді «ұлттық санада бір жерге біріктіру» қажет. Олардың барлығы, мақалада көрсетілгендей, «біздің ұлттық бірегейлігіміздің негізін құрайды».

Бұл тұрғыда өлкетану музейлері сол бастапқы «кірпіш», бастапқы буын болып табылады, сол кірпіштер негізінде аймақтарда қолжетімді әдістермен рухани-мәдени санамыз бен елжандылығымыз қалыптасады. Сондықтан да барлық аймақ тұрғындары ол жерлерді балаларымен бірге барып көруі керек, сол арқылы балаларда өткеннің тарихи және мәдени, рухани құндылықтарына деген сыйластық сезімін қалыптастырамыз.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top