Келешекті көру

22 июня 2017
0
1775

Орал қаласындағы Шевченко көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында  кеңестік дәуір кезеңінде кафе болғаны және онда адамның көп болатыны, үнемі шулы болатыны әлі есімде, өйткені мен бұл кафеге жиі бас сұғатынмын. Содан соң ол жабылып, қоғамдық тамақтандыру жүйесіне еш қатысы жоқ мекемелер орналасты. Соңғысы – жергілікті бір банктің филиалы болатын.
Бірақ соңғы уақытта бұл жерге тәтті тамақ ішіп, жақсы музыка тыңдап, тынығу үшін келушілер саны жиіледі. Шындығында, менің байқауымша, осыдан 20-30 жыл бұрын болғандай  адам саны өте көп емес, бірақ кафе-пиццерияның директоры Азат Тілеповке құлақ түрген кезде ол:

– Біздің ашылғанымызға көп болған жоқ, бар болғаны бірнеше ай ғана. Алайда келушілер аз деп те айта алмаймыз. Біз туралы тұрғындар хабардар, өзіміздің тұрақты келушілеріміз пайда болды. Иә, мұнда келетіндер әр түрлі жастағы – кішкентай баладан бастап, шаштарына ақ түскен аталар мен әжелерге дейін немерелерімен жиі келеді. Біздің пиццерияның форматы – отбасылық.

Мен жаңадан ашылған кафеге қызметкерлері бірінші келушілерді қабылдауға дайындалып жатқан уақытта – таңертеңгі мезгілде бардым. Үстел үстері, кіретін әйнек есіктері айнадай, мұқият сүртіліп жатты. Ал көп ұзамай зал бірте-бірте адамдарға тола бастады. Міне, жігіттер мен қыздар тобы – Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушылары да келіп жетті. Олардың бұл күні қаланың орталық алаңында өткен спорттық-мерекелік шараға қатысып, үйлеріне қайтар жолда жаңа пиццерияға келе жатқан бойы болатын. Кафе алаңға тиіп тұр. Қайсібірі бұл жерде бұрын да болған, өздеріне ұнаған соң басқа да сыныптастарын ертіп келуде.

Шевченко көшесіндегі пиццерияны франшиза жүйесі бойынша жұмыс жасайтын біздің қаламыздағы «алғашқы қарлығаш» десе де болады. Басқарушы компания «Додо Пицца» Коми Республикасының астанасы Сыктывкар қаласында орналасқан.

Компания әлі де болса жас, 2011 жылы ашылды, бірақ бүгінде тек Ресейге ғана емес, оның шегінен тыс жерлердің өзіне танылып үлгерген. Ресей Федерациясынан  басқа «Додо Пиццаны» ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан нарығында игерілуде, оның пиццериялары Прибалтика елдерінде, ал былтыр Қытай мен АҚШ-та пайда болды. Компанияға басшылық ететін ресейлік кәсіпкер Федор Овчинников 2020 жылға қарай тамақтану орындарының санын әлем бойынша екі мың жарымға көбейтуді жоспарлайды.

– Франшиза бойынша жұмыс ең алдымен барлығының да жоғары сапалы болуын көздейді, – дейді Азат Таңжарбайұлы Тілепов. – Біз өз қызметімізді «Додо Пицца» құрастырған қатаң стандарттар бойынша іске асырамыз. Әр апта сайын пиццерия жұмысы тексеріліп тұрады. Біз кейде білмей де қаламыз. Қарапайым тұтынушы кейпіндегі адам келіп, пиццаға тапсырыс береді. Егер өнім сапасы орнатылған критерийлерге сай келмесе, бірден Сыктывкарға хабар жетеді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын жұмысына ұпай беріледі. Егер соңғы он екі тексеріс қорытындылары бойынша сексен бестен төмен ұпай жиналса – лицензия кері қайтарылып, пиццерия өз қызметін тоқтатады. Бізді, – деп сөзін жалғастырды сұхбаттас, – қазымыр тексерушілер назардан тыс қалдырмайды, аздаған ескертулер болды, бірақ критикалық сипаттағы емес,  тапсырысты орындау уақыты, дайын өнімнің сыртқы формасы бойынша болды.

Оның үстіне, өзі айтып өткендей, бұл «ревизорлар» пиццерияны, оның ішінде ас үйдің жұмысын өз пиғылдарын жасырмастан,  түгел тексереді. Және кафе қызметкерлерінің бірі де компания басшылары жіберген сырттан келген адамдарға күмәнданбайды.

Мен бастапқы кездері аса сене қоймайтынмын, барлығы да шындыққа жанаспайтындай көрінді. Бірақ Азат Таңжарбай-ұлы, мені алдағысы келмеген сыңайлы.

– «Додо Пицца» жұмысы ашық түрде, тұтынушылардан ешнәрсені жасырмастан жүргізіледі, – деді ол. – Келгісі келген кез келген адам пиццерия ұжымының ішкі жұмысымен танысқысы келсе, біздің менеджерге келіп, алдын ала өзіне ыңғайлы уақытқа жазылуына болады. Біз оған барлығын да айтып, түсіндіреміз, сүйікті тағамның дайындалу процесімен таныстырамыз. Экскурсия жасамастан жұмыс кезінде ас үй қызметкерлерін ас ішетін залдағы орнынан тұрмастан «қарап қоюға» болады. Ас үй мен зал арасында әйнек қалқа бар, сондықтан да бәрі көрініп тұрады. Бұдан басқа, интернетке тиісті сайтқа кіріп, нақты уақыт режимінде сүйікті тағамның дайындалу процесін бақылауға болады.

Азат Таңжарбайұлы осының барлығын өзінің мобильді телефонынан көрсетті. Бірер минутта экранда Өскемен қаласындағы біздегідей пиццерия пайда болды. Үлкен пештердің жанында әбігерленіп жүрген қызметкерлер – алақанда тұрғандай көрінді. Содан соң өз қаламызға ауыстық, енді міне, әйнек қалқаның ар жағынан көрген көріністі, енді осы мобильді телефонның экранынан көріп отырмын.

Пиццерия иесі, кешірім сұрай,  жұмыстарымен бірнеше минутқа шығып кетті, ал мен залда ілінген түрлі ірі, ашық, әдемі ақпаратты оқи бастадым. Пиццаның тәбет ашатын бейнелері, ал атаулары қаншама! Ет қосылған пицца, ірімшік қосылған пицца, Гавай пиццасы, итальяндық, пицца-қаусырма, пицца-чизбургер, көкөніс қосылған пицца, саңырауқұлақ қосылған пицца…

Пиццаға үйден немесе өз фирмаңның кеңсесінен шықпастан телефонмен де тапсырыс беруге болады. Оған қоса ереже мынадай: тапсырыс берушіге жеткізу алпыс минут ішінде. Ыстық, жаңа дайындалған күйінде. Бірақ егер тұтынушы уақытынан, тіпті бірер минутқа кешіктіріп алатын болса, ол тұтынушыға сертификат беріледі, өзі қалаған кез-келген уақытта – тегін –үлкен пицца алу мүмкіндігі ұсынылады.

Шикізат пен басқа да азық-түліктер Мәскеу қаласындағы федералдық маңызы бар ірі компания «Уренхольт» ЖШҚ арқылы жеткізіледі. Шындығында, барлығы емес, мысалы, балғын көкөністерді алыстан тасымай, отандық өнім жергілікті жерде сатып алынады.

Тұтынушылар үшін ыңғайлы жағдай туғызылған. Оны интерьерден де байқауға болады, барлығы да ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған, тіпті розетканың формасы мен түсіне дейін үйлесім тауып тұр.

Балаларға арналған ойын бөлмесі жұмыс жасайды: ата-аналары залда отырған кезде, балалары көрші бөлмеде өздеріне ұнаған іспен айналыса алады. Үлкен теледидар орнатылған, қарындашпен немесе фломастермен сурет салуға болатын маркерлік қабырға да бар. Әйнек қабырғаның өзі назардан бір минутқа да тыс қалдырмауға септігін тигізеді.

– Өзіміздің аймаққа тосын, жаңа істі бастауға қорықпадыңыз ба? – деп сұрадым А. Тілеповтен.

– Әрине, ондай ой болған, – деп жымиды ол. – Бірақ мені компания басшылары қолдап, үміттендірді. Ол жерде тек қатаң сұрап қана қоймайды, сонымен қатар серіктестермен жұмыс жасап, оларға сенім білдіреді. Оның үстіне, маған отандық, оның ішінде орта және кіші бизнеске  барынша қолдау көрсетіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты ұнайды. Сонда мен өзіме: «Байқап көрсе несі бар?» дедім.

Азат Тілепов – жас, өршіл, ертеңгі күнге көз тігетін азамат.

Бұрын бизнеспен айналыспаған, себебі, Алматы политехникалық институтын аяқтаған соң ұзақ уақыт бойы республикамыздың мұнай-газ саласында қызмет еткен. Қазір ол кәсіпкерлік ортаға сіңіп кетті, Орал қаласындағы КазИИТУ-дың магистратурасында оқиды. Болашақта кәсіби өсу үшін бұл білім қажет деп есептейді ол.

А. Тілепов өзіне лайықты команда жасақтай білді – өзімен бірге жас, белсенді, жігерлі, өз ісінің кәсіби шеберлері, жетекшісі секілді кәсіпорынның табысына қызығушылық танытатын он төрт адам жұмыс жасайды.

Осы жылдың бас кезінде кәсіпкер мемлекет тарапынан жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ретте оған «Даму» аймақтық кәсіпкерлікті дамыту қоры көмек қолын созды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ол Ресей Сбербанкі атынан жарты жылға бөліп төлейтін жиырма миллион теңге алды. Қаржы орнымен жұмсалды, ең алдымен Ақсай қаласында осындай пиццерия ашу үшін жұмсалуда, пиццерия жуырда, осы жазда ашылатын болады.

Бизнесте жолы болған Азат Тілеповтың алға қойған  жоспарлары көп, және ауқымды, және олар тек біздің ғана облысымызбен шектелмейді.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top