Кәсіпкерлік көзі – ауылда

17 августа 2017
0
2618

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдары құрылған болатын. Мақсат – ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және ауылдық жерлерде шағын несиелеудің тиімді жүйесін дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту. Қор жұмысының қорытындысы туралы қордың Батыс Қазақстан филиалының директоры Арыстан Айсұлтанұлы Арсланбаев айтып берді.

– Арыстан Айсұлтанұлы, қордың мақсаттары мен мүдделері қандай?

– Оның мақсаты ауылдық жерлердегі қаржылық қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Қор өз ісін ашып, өз ауқаттарын арттыруға тырысқан ауыл тұрғындарына шағын несие беру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешеді.

Ауылдағы тұрғындар мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін, басқа ауылдық кәсіпкерлерді несиелеуді қор 2005 жылдан бастап қолға алды. Он жыл ішінде 12,1 миллиард теңге несие берілсе, 9,7 мың адам қаржылай қолдауға ие болған.

– Қаржыландырудың қандай бағдарламалары бар?

– Бүгінгі таңда қор мен оның филиалдары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы» сияқты бағдарламаларды іске асыруда. Несие мөлшері 8 000 АЕК дейінгі соманы құрайды. Мерзімі – 6,5 жылға дейін, мөлшерлемесі – 6% деңгейінде. 18 айға дейін жеңілдік мерзімі бар. Ақша мал өсіру, өсімдік шаруашылығы және саудадан басқа кәсіпкерлік түрлеріне бөлінеді.

«Береке» бағдарламасының да шарттары осыған ұқсас (ауыл шаруашылығы малдарын бордақылау). Сатып алынатын ірі қара малының аналықтарының жас шамасы 9-дан 24 айға дейін.

«Ынтымақ» бағдарламасы арқылы ӘКК үшін жабдықтар алуға және айналымдағы қаржыны толықтыруға болады. Заем сомасы 50 млн. теңгеге дейін, мерзімі 7 жылға дейін, жеңілдік мерзімі 9 айға дейін.

– Бизнесті бастау үшін алдымен банкке кепілдеме, яғни кепіл зат керек екені белгілі.

– Расымен де солай. Көбіне-көп кепілдемеге жылжымайтын мүлік, үйлер алынады. Бірақ біздер кепілдемеге тек қала территориясындағы емес, ауыл аймақтардағы нысандарды да ала береміз. Жылжымайтын мүлікті бағалау деген бар. Мысалы, егер үй екі миллионға бағаланса, біз бір миллионға дейін несие береміз. Неге кепіл талап етеміз? Кепілсіз несие алған тұтынушы банк алдында еш жауапкершілікті сезінбейтін жағдайлар болғаны есімізде.

– Олай болса, несиеге сұраныс өсіп келе ме?

– Несиеге сұраныс жылдан жылға өсуде, қаржыландыру сомасы да үнемі артуда.

– Несие алуға мүмкіндігі бар қарыз алушыны сипаттап бере аласыз ба? Алдымен кімдердің артықшылығы бар?

– Бизнесті дамыту мақсатындағы несиені педагогикалық жұмысымен қатар ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін мұғалім де, өз ісін бастағысы келетін үйі бар жұмыссыз да ала алады. Шағын дүкені бар, мал өсіргісі келетін отбасы да қолдауға ие бола алады.

– Банк кез келген идеяны іске асыруға ақша бөледі ме?

– Ақшаны бермес бұрын мамандар экономикалық қорытындысын шығарады, яғни барлығын есептеп алады. Мысалы, ауылда сұлулық салонын ашу тиімді болады ма? Алдымен ауданның бағытына сай бөлінеді қаржы. Көбінесе бұл ауыл шаруашылығын дамытуға, мысалы ірі қараны бордақылауға бөлінеді.

– Ал облыстың қай ауданы бұл бағдарламаны ең белсенді қолданады?

– Біз қаржымызды барлық аудандарға үлестіруге тырысамыз. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, ең белсенділері қала маңындағы аудандар.

– Белгілі бір қарыз алушының пайыздық мөлшерлемесін азайту мен көбейту туралы банктің шешіміне қандай факторлар әсер етеді?

– Бізде тұрақты пайыздық мөлшерлеме 6% – бұл қаржы институттары арасындағы ең төмен мөлшерлемелердің бірі. Менің білуімше, кейбір несиелердің жылдық мөлшерлемесі 20%-ға дейін жетеді. Бұл жерде тағы бір маңызды фактор – бұл банктер ауылдық жерлерге несие бермейді немесе аз көлемде береді.


«Біз бәріміз де ауылдан шыққанбыз, Қазақстанның 40-45%-ы ауылдық жерде тұрады. Ауылды бүгінгі таңда дамыту үшін Үкімет үлкен қаражат бөлуде. Соңғы жылдары 8 млн. тонна астық, оның ішінде 45%-ы ұн экспорттап, экспорт бойынша біз әлемде бірінші орынға шықтық».
«Біз ет экспорттайтын елге айналуымыз керек. Бұл үшін бізде барлық жағдай бар, жайылымдар жеткілікті. Дән бар жерде, мал да болуы керек дегендей. Біздер мал басы мен түрін көбейту үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Сіздер айтпақшы, асыл тұқымды мал қоры болса, 6 мың литр сүт сауылатындай сауын сиыр мен етті бағыттағы ірі қараны өсіруге болады. Бұл сіздердің жұмыстарыңыз, аграрий-ғалымдар».

Н.Ә. Назарбаев. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің
студенттерімен және профессорлық-оқытушылық
құрамымен кездесуде сөйлеген сөзінен


– Несие рәсімдеуді неден бастау керек?

– Ең бірінші, кепілдеме қажеттігін, салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыз болмауы, оң несиелік тарихы болуы, мал ұстауға ыңғайлы ғимараттың болуы, азықтық қамтамасыз етілуі керектігін білу қажет. Және де ауданның ветеринарлық-санитарлық саулығы да ескеріледі.

Одан соң жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып, толық ақпаратты алуға болады.

Көбіне кепілдікке қойылатын жылжымайтын мүліктің құжаттарымен қиындықтар туындап жатады. Азаматтар үйге қосымша жалғап құрылыс салады да, оны рәсімдемейді. Әр ауданда филиалы бар аймақтық кәсіпкерлер палатасына да баруға болады.

Жеке меншік мүліктің көшпелі бағалауы жасалады.

– Несие алып, өз істерін табысты бастағандар бар ма?

– Ондайлар қатарында Зухра Құрбанбаеваның шағын тігін цехы бар. Мамандығы бойынша ол – құрастырушы-дизайнер. Өзбекстанда тұрған. 2010 жылы Қазақстанға оралған. Өзбекстанда Зухра 17 тігінші жұмыс жасайтын ательені басқарған. Оралға келісімен аз көлемде ұлттық нақыштағы кәдесыйлар, ұлттық киімдегі қуыршақтар жасайтын бизнесін бастап кетті. Соңынан киімге кірісті, оның ішінде, оқушылар мен би ұжымдарына арналған киімдер де бар.

Несиенің көмегімен тігін цехын ашып, төрт машина сатып алып, екі көмекшіні жұмысқа алды. Бір тағылымгер бар. Қала мектептерінен мектеп формасын тігуге тапсырыс түсіп тұрады. Несиесін уақытынан бұрын жауып тұрады.

Ғарифолла Қадыралиев бізге келгенде Желаев ауылында шағын өндірістік цехы болды. Несиені мерзімінен бұрын жауып, жаңа жабдық сатып алуға қайтадан несие алды.

– Төлемдер мен қайтарым бойынша жағдай қалай болып жатыр?

– Мәселе бар, әдетте, қарыз алушылар өз қаржылық мүмкіндіктерін есептей алмай, шамадан тыс көп қарыз алып қояды, кей бөлігін мақсаттан тыс қолданып қояды. Осының барлығы қайтарым мәселесіне әсер етеді.

– Кепілдеме мүлікті алып қоюға тура келген жағдайлар болды ма? Әлде мәселені шешуге мүмкіндік бересіздер ме?

– Біріншіден, бағдарлама бойынша жеңілдік мерзімі қарастырылған. Сондықтан жағдай жасалған. Мәселе туындап жатса, әрине, бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беріледі, төлем графигін өзгертіп деген сияқты. Жалпы, жағдайды түсінуге тырысамыз.

– Ауылдық ипотека деген не және бұндағы қордың ролі қандай?

– Ауылдық жерлерге жұмыс жасауға келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан «Ауылдық ипотека» бюджеттік бағдарламасы жасалды. Ол тұрғын үй сатып алуға немесе оның құрылысына бағытталған. Қор сендірілген агент ретінде белгіленген.

Жеті жыл бойы 1911 жас маманға 4 млрд. 499,3 млн. теңге несие берілген.

Тек былтыр ғана 360 несие 1 075 млн. теңгенің сомасына берілген.

– Несие алу үшін қайда бару керек?

– Орал қаласы үшін 24-15-68, 24-15-21 телефондары бойынша, ал аудандар үшін тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары немесе аудандық кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек.

– 2016 жылдың қорытындысы қор үшін қандай болды?

– Батыс Қазақстан филиалы қаржыландырудың барлық бағыттары бойынша, ауылдық ипотеканы қоса алғанда, 811 несие 2 332 млн. теңгенің сомасына берілген. Несие портфелі 4 500 млн. теңгеден асты. Облыстың барлық 12 ауданы мен Оралдың ауылдық тұрғындары түгел қамтылған. 235-тен астам елді мекен шағын несие алып отыр. Белсенді қарыз алушылардың жалпы саны 2 140 адамды құрап отыр.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top