Көшбасшылар қатарында

7 сентября 2017
0
1657

Орал сауда-өндірістік компаниясы – Қазақстанда 1600 миллиметрлік диаметрмен полиэтилен құбырлар шығаратын жалғыз компания. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік су, газ және кәріз жүйелеріне арналған құбырлардан өзге металл жабынқыш, пішінделген қаңылтыр беттер, жол белгілерін және халық тұтынатын тауарларды шығарады. «Сапалы да уақтылы қызмет көрсету» – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барып көрген кәсіпорын ережелерінің бірі.

Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы 1981 жылдан бері жұмыс жасайтын пластмасса бұйымдары зауытының негізінде 2003 жылы құрылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын өндіру мен сатудың төрт бағыты бойынша жұмыстануда. Су және газбен қамту үшін, телекоммуникациялар мен өзге де технологиялық жүйелер үшін қажет полиэтилен құбырлар, пішінделген төсемдер мен «Каскад» металл жабынқышы, сондай-ақ қосымша элементтер. Жол белгілері мен қауіпсіздік техникасы бойынша белгілер және халықтық тұтыну тауарлары.

Шығарылатын өнімнің жоғары сапасының дәлелі ретінде көптеген конкурстар мен көрмелерден алған дипломдар мен алғыс хаттарды айтуға болады: «Алтын Сапа», 2015 ж., «Парыз», 2016 ж., «Қазақстанның үздік тауарлары», 2013, 2014, 2015, 2016 жж. және тағы басқа конкурстар. Үстіміздегі жылдың маусым айында зауыт өнімі «Қазақстанның үздік тауарлары» облыстық көрмесінде тағы да бірінші орын алды, енді Астанадағы республикалық деңгейдегі конкурсқа қатыспақ.

Өндірістік кешен заманауи құрылғылармен жабдықталған 12 цехтан тұрады. Полиэтилен құбырлар өндіретін цехта «KraussMaffei Berstorff» атты неміс фирмасының құрылғылары орнатылған. Зауыт жұмысшылары «мемлекет үшін 1600 миллиметр диаметрлі құбырды шығарып отырғандарын» мақтан етеді, олай ететін жөні де бар, себебі «ОСӨК» ЖШС – осыншалықты үлкен диаметрлі құбыр шығаратын Қазақстандағы бірден-бір өндіріс орны.

Сонау 2009 жылы Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зауытқа келген сапарында бұл жерде сапалы және бәсекелестікке қабілетті тауарлар шығарылады деп айтқан болатын. Мемлекет басшысының бағасымен сол жылы зауытқа келген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің сөзі үйлесім тапты. Үкіметбасы зауыт қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын, ал кәсіпорынның тұрақты жұмысы жақсы сападағы өніммен қамтамасыз етіп отырғандығын айтқан болатын. 2017 жылғы мамырда кәсіп-орынға ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев ат басын тіреген болатын. Ол да кәсіпорынның жоғары әлеуетін атап өтті.


Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

«Бизнестің жол картасы-2020»


Зауыт директоры Валерий Крылов айтып ескертті: «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «1600 мм-ге дейін диаметрлі полиэтилен құбырларды өндіру үшін жабдықтар мен құрамдас бөлшектерді сатып алу» инвестициялық жобасы іске қосылғандығын айтып берді. Ұсынылған келешегі бар жобаның арқасында кәсіпорын ҚР Халық банкі арқылы аймақтық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры желісімен жеңілдікті несие алды. Зауытқа заманауи неміс жабдықтары мен автоматтандырылған өндірістік желілері сатып алынды. Кәсіп-орынның өндірістік қуаты – жылына 30 мың тонна полиэтиленді қайта өңдеуден өткізеді. Полиэтилен Ресей, Оңтүстік Корея мен Еуропа елдерінің жетекші фирмаларынан сатып алынады».

Құбырларды өндіруде «Krauss-Maffei Berstorff» фирмасының алты экструзиондық желісі пайдаланылады. Ол желі мөлшерлеудің гравинометрикалық жүйесімен жабдықталған, оның «New Omar» (Италия) сияқты шикізатты жалпылама салу мен кептіру камералары бар. Сумен және газбен қамту құбырлары халықаралық, мемлекеттік стандарттарға және денсаулық қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес.

Мамандар полиэтилен құбырлардың артықшылықтары туралы айтып берді, олардың коррозияға қарсы қасиеттері мен химиялық тұрғыдан төзгіштігі мықты. Оларда қақ пен тұнба қалыптаспайды, сұйықтықтың қату жағдайында құбырлардың бұзылу мүмкіндігі төмен. Салмағы аз, сондықтан оларды тасымалдау мен орнату оңай. Осы факторларға қоса кепілдеме уақытын – 50 жыл – есепке алсақ металл құбырлардың қасында оларға деген сұраныстың артатынын түсінуге болады.

Металл жабынқыш та сұраныстан кенде емес. «Каскад» осы сияқты құрылыс материалдары арасында ең үнемді пішін болып табылады. Себебі айқастырылғанда ең аз коэффициентке ие. Сырт көрінісі де көркем, үйлесімді. Пішінделген қаңылтыр беттер де құрылыста кеңінен қолданылады. Олардың механикалық төзімділігі жоғары, ал оларды түрлі түстерге бояу арқылы ең батыл дизайнерлік шешімдерде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл материалдарды да тасымалдау және олармен жұмыс жасау жеңіл. Төбе жабатын материалдардың түсіне сәйкес зауыт қосымша элементтерін де шығарады: бұрыштамалар, жақтаушалар, су ағызбаларын және т.б.

Ал жол белгілері мен қауіпсіздік техникасы белгілеріне келер болсақ олар 3М, Nikkalite жарықты қайтаратын пленкамен дайындалады, олардың жеке жобалар бойынша да дайындалуы мүмкін.

Зауытта ауыз су мен шаруашылық үшін қажет су құбырлардың, газ құбырларының физико-химиялық көрсеткіштерін анықтайтын тәжірибелік зертханасы жұмыс жасайды, сондай-ақ түрлі тұрмыстық бұйымдарды – шелек, табақ, саптыаяқтарды өндіреді. Зауытта мынадай қалжың бар: «Біздің шелектеріміз сізге ұзақ қызмет етеді, сынбайды да. Тек сізді шаршатуы мүмкін».

«Жақында сынақ зертханасында біздің зауыт шығаратын ыстық суға арналған полиэтилен құбырлардың параметрлері зерттелді, нәтижесі қуантарлық. Жылу трассалары мен ыстық су жүйелеріне полиэтилен құбырларды қолданған тиімді екені айтпай-ақ түсінікті, олар коррозияға ұшырамайды, қызмет ету мерзімі де ұзағырақ, себебі пластиктің ыдырау мерзімі 300 жылға жуық, – деп жалғастырды Валерий Юрьевич. – Жаңа өнімге сәйкестік сертификатын алдық – ыстық суға арналған құбырларды өндіруді бастамақпыз. Онымен қоса, біз бұнымен тоқтап қалмаймыз, болашақта өндірісті жаңғыртып, құрылысшылардың жұмысын жеңілдететін жаңа өнім түрін өндіріске енгіземіз, бұл сұрақтарды шешуде мемлекет көмегіне жүгінеміз».

«Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС-де кәсіби ұжым, тек сауда залында ғана бес менеджер қызмет көрсетеді. Құпияларымен бөліскен олар: «Біздер тауарды сатып, тезірек тұтынушыдан құтылуды ойламаймыз. Ол тек құрылыс материалын алуға келген жоқ, ол түбегейлі проблеманы да түсінгісі келеді. Сондықтан біздің мақсатымыз – жеке-жеке қызмет көрсетіп, тиімді шешімді табуға көмектесіп, оған керегін табу. Егер оған барлығы ұнаса, ол таныстары арасында да біз туралы айта жүреді, осылайша клиенттер тұрақты тұтынушымызға айналады» деді.

Компанияның орналасу орны да маңызды рөл ойнайды. Зауыт қала ішінде орналасқан, аялдама да жақын. Қоғамдық көлікпен де жетуге болады, өнімді таңдап, тапсырыс берсеңіз, көлікпен қажет мекенжайға жеткізіп береді. Айтпақшы, «ОСӨК» ЖШС сайтынан өнім түрлері, бағалары т.с.с. ақпаратты алуға, компания жаңалықтары туралы да біліп отыруға болады.

Суреттер «ОСӨК» ЖШС-нен берілді
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top