«Экспо» ЖШС: дамудың жаңа сатысы

17 августа 2017
0
1657

Орал өңірінде танымал көп бейінді кәсіпорын – «Экспо» ЖШС – Қазақстан тәуелсіздігінің таңы жаңа атқан шақта 1992 жылы құрылған болатын. Ол ақ-қағаз тауарларын, мөрлер, мөртаңбалар, сыртқы жарнама мен кәдесый өнімдерін дайындаумен, полиграфиялық қызмет көрсетумен, кеңсе тауарларын көтерме-бөлшек саудамен сату, мемлекеттік рәміздерді даярлаумен айналыса бастады. Батыс Қазақстан облыстық, Орал қаласының әкімдіктерінің, аумақтың мемлекеттік мекемелерінің тапсырыстарының арқасында, олар жалпы тапсырыстардың 80-85% құрайды, бүгінде кәсіпорын тұрақты жұмыс жасап тұр және экономикалық дағдарыстың салдарымен табысты күресуде.

Уақытпен жарыса

Көп жылдар бойы «Экспо» ЖШС-ін оның негізін қалаған Александр Наугольнов басқарды. 2015 жылы жаңа бас директор Монолита Аманбаеваның келуімен және «Экспо» және «Астана-дизайн» компанияларының бірігуімен компания дамудың жаңа деңгейіне шықты.

Ақ-қағаз өнімдерін өндіруде еш қиындық жоқ тәрізді көрінеді бір қарағанда: бары папка жасау ғана ғой… Алайда папкаларсыз, қағаз қабықшаларсыз, жарнаманы айтпағанда, заманауи өмір мүмкін емес. Ал бұл өнімдер асқан шеберлікпен орындалған болса, әдемі көрінсе, оны барлығы қолға алуға және сатып алуға тырысады.

Және де бұндай жұмыс – өте үлкен жауапкершілік, себебі мәселе мемлекеттік рәміздерді өнімдерде қолдану туралы. Бұл жерде қатеге, сапасыз орындауға тіптен мүмкін емес!

Әрине, осындай өнімдерді жасай алатын адамды сырттан қабылдауға болады. Бірақ бастысы жоғары сапалы өнімдер шығару үшін өз тәжірибесін, көпжылдық дағдыны, дәстүрлерді қолдануға болады. «Экспо» ЖШС-де мұндай дәстүрлер де, кадрлық негіз де бар.

Бас директордың орынбасары және тапсырыс бөлімінің меңгерушісі Наталья Сосюраның фирмада жасағанына 18 жыл, түптеу цехының басшысы Тимур Сахметовтың жасағанына – 25 жыл. Бас есепші Людмила Баулова мен дизайнер Алла Зрячкина «Экспо» ЖШС-не он жылдарын арнаған…

Басшылыққа Монолита Аманбаеваның келісімен құрылған жарнама бөліміне тағы төрт адам жұмысқа алынды, барлығы да осы сала бойынша тәжірибелі.

Монолита Жолдауқызының өзі тек әкімгер ғана емес, жаңа идеялар генераторы деуге боларлық жауапты да жігерлі адам. Бұндай басшылар әсіресе дағдарыс кезінде таптырмайды.

Компанияда барлығы 16 адам жұмыс жасайды. Бір қарағанда, жұмыс ерекшелігі мен үлкен тапсырыстар көлемін ескерсек, көп емес сияқты. Алайда дәл осындай ұжым дағдарыстың қиын кезеңін еңсеріп, төтеп бере алды.

Бұл жай айтыла салған даңғаза сөз емес. «Экспо» ЖШС-нің тапсырыс берушілерінің 85%-ы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының барлық деңгейдегі әкімдіктері мен мемлекеттік мекемелер екенін атап өткен болатынбыз. Осындай көрнекті тапсырыс иелері үшін мемлекеттік рәміздерді, бланкілерді, мөрлерді және сыртқы жарнаманы бір жерден және де барынша тығыз мерзімде алған маңызды.

Осы жағдайды ескере отырып, М. Аманбаева мен оның әріптестері бизнестерін тез әрі сапалы түрде қайта құрып алды: банктен несие алып, кәсіпорынды жаңғыртты. Клиенттердің тілектерін қанғаттандыру үшін сыртқы жарнама цехы іске қосылды, ресейлік, неміс және қытайлық жаңа станоктар сатып алынды…

Егер бұрын өнімдерге алтын зер салу үшін Алматыдан көмек сұраса, енді бұл шаруа осында-ақ тындырылатын болды.

«Экспо» ЖШС-де өнімнің сапасын арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Ресей мен Қазақстанның, өзге де елдердің осы салада жұмыстанатын кәсіпорындарының даму барысын мұқият қарап отырады, жаңа жабдықтар орнатып қана қоймай, заманауи технологияларды да енгізіп отырады.

«Экспо» – бұл бренд!

Өзінің 25 жылдық тарихында кәсіпорын Қазақстандағы мыңдаған тапсырыс берушіге қызмет көрсетіп, Мәскеуде, Прагада, Лондонда, Сеулде және өзге қалаларда өткен көрмелерге қатысып, қаланың, облыстың, республиканың көлемінде «Үздік кәсіпкер» атағына лайық деп танылған. «Қазақстанның үздік тауарлары» алтын медалін, «Мінсіз» сапа белгісін және көптеген өзге де жүлделерді иемденді.

«Экспо» ЖШС деңгейінің жоғары екендігінің тағы бір дәлелі – Оралда өткен екі ел президенттерінің, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуін ұйымдастыруға қатысулары: компания қызметкерлері кездесу өтетін орынды кереметтей әрлеп, тақтайшалар мен кеңсе тауарларын әзірледі…


«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстан халқына жолдауынан


Фирма атауының қазір Астанамызда өтіп жатқан Халық-аралық көрме атауымен бірдей болуы «Экспо» ЖШС-нің халық-аралық деңгейде табысты қызмет көрсетіп жүргендігін еске салғандай. Кәсіпорынның әлі талай танымал саяси тұлғалар кездесуін ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндігі бар.

Өзінің нәтижелі еңбегімен фирма өткен жылдың дәстүрлерін жалғастырып, өз қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеп отырады. Бүгінгі таңда тіптен жаңаша сипаттағы мәселелерді шешуге тура келеді. Мысалы мемлекеттік сатып алулар мәселесі. Бұл сұрақта ағаттыққа жол жоқ, сондықтан салаға қатысы бар қызметкерлер сәйкесінше оқытудан өтті.

Тағы бір жағдайды айтпай кетуге болмас. Көбіне-көп жергілікті атқарушы билік органдарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың жүйелі тапсырыстары арқасында «Экспо» ЖШС тұрақты дамып келеді, жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, өз штатын кеңейтуде. Әкімдіктер мен мәслихаттарда компания өнімдерінің жоғары сапасы туралы жақсы біледі, сондықтан онымен тұрақты қарым-қатынас орнатқан.

Ол ол ма. «Экспо» ЖШС ұжымының жоғары кәсіби біліктілігін, Монолита Аманбаеваның дағдарыс жағдайында кәсіпорынның даму стратегиясын дұрыс айқындай білуін есепке алсақ, барлық Батыс аймақтарында өнімдерді сату аясын кеңіту мүмкіндігі әбден шынайы көрінеді.

Бұл болжамды кәсіпорында клиенттерге қызмет сапасын үнемі жақсарту бойынша жұмыстанып, олардың жеке тілектерін де табысты түрде іске асыруға тырысатындықтары растайды. Компания өнімдері тапсырыс берушілерді толықтай қанағаттандырса да, бұл жерде ешқандай дандайсу, мақтану деген атымен жоқ. Бұл ұжымның ұстанымы басқа: түстік өмірің болса, кештік білім жи.

Болашаққа жоспарлар

М. Аманбаеваның айтуынша, ол Астанаға барып, бизнес-курстарда өз білімін шыңдамақ. Елордамызда ол «Экспо» ЖШС-ін басқара бастаған шағында оқыған болатын… Ал ақ-қағазды өндірісіне жаңа технологияларды енгізу бойынша Мәскеудегі арнайы курстардан көп үйренуге болады. «Экспо» ЖШС басшысы оларға да қатыспақшы.

Әрине, дағдарыс жағдайында бизнесті дамыту мәселелері бір кесіп шешетін нәрсе емес. Бүгінгі таңда тек базаны жаңарту мен жаңа технологияларды енгізу ғана маңызды емес, сонымен қатар, өз өнімдеріңді өткізетін әлеуетті сатылым аясын біліп, клиенттердің тілектері мен ұсыныстарын ескере түскен абзал. Кәсіпорында осы және басқа да даму бағыттарында жұмыстар тоқтатылмақ емес. Жаңа станоктар сатып алу жалғасын табуда, технологиялық үрдістерді қолдану тәжірибесі сарапталып, оларды жақсарту мәселелері талқылануда.

Заманауи бизнес жүргізу ісінде сапалы сараптамалық жұмыс ерекше мәнге ие екенін айта кету керек, ол қателер жасамауға, ең дұрыс даму стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұндай тәсіл «Экспо» ЖШС-да қалыпты іске айналған.

Өз өндірістеріне көңіл бөлумен қатар, бұл жерде Ресейден сатып алынатын кеңсе тауарлары (кәсіпорында ол тауарларға да түрлі логотиптер мен суреттерді түсіре алады), кубоктар мен сыйлықтарды, спортшылардың мүсіншелерін, түрлі кәдесыйларды көтерме-бөлшек сауда арқылы сату мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Соңғы кезде «Экспо» ЖШС-дегі ұйымшыл ұжымның еңбек шарттары да жақсарды, еңбек-ақылары өсті.

Жергілікті атқарушы билік органдар қолдауымен дағдарыстың барлық қиыншылығын өткере отырып, «Экспо» ЖШС дамудың жаңа сапасының үлгісіне айналды және болашаққа сеніммен қарайды.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top