Ең жоғарғы деңгейде

7 сентября 2017
0
1870

Қаламызда «Отделстрой» компаниясы мен оның жетекшісі Валентина Павловна Михно туралы естімеген адам кемде-кем шығар. Кәсіпорынның қаладағы және ауылдардағы барлық әлеуметтік маңызды нысандарға тікелей қатысы бар: тұрғын үйлер мен перзентханалар, денсаулық сақтау, білім және мәдениет мекемелері және тағы басқа тұрғызған нысандары бұнымен бітпейді.
Валентина Павловнамен кездесудің өзі оңай емес: жұмыстардың көлемі интервью үшін уақыт табуға қиындық тудырады.
Алайда, оның орнына қаламыздағы сапалы тұрғызылған нысандар айта алады.

Былтыр облыста ұлтаралық достықты, толеранттық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратын БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының үйі салтанатты түрде ашылды. «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС қаламыздың жаңа шағын аудандарында орналасқан бірегей ғимаратты салуға тендер ұтып алды. Үш қабатты Достық үйінде 150 орынға арналған концерт залы, 80 орындық конференц-зал, хореография залы, этно-мәдени орталықтарының мүшелері жайғасқан 17 кабинет, және дөңгелек үстелдер, конференциялар, көпшілік шаралар өткізілетін көптеген өзге де орындары бар. Бұдан басқа тұрғын үйлер, балабақша және басқа ғимараттар пайдалануға берілді.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар тұратын отбасылық типтегі балалар ауылы сияқты әлеуметтік маңызды нысан көптен бері қолданыста. Бүгінде ол жер қиын жағдайда қалған балаларға қолдау көрсететін кәсіпкерлер мен түрлі мекеме басшылары көп баратын жерлердің біріне айналды. «Отбасылық үлгідегі ауыл» фирма тұрғызған жалғыз әлеуметтік маңызды нысан емес.

«Отделстройлықтар» ішін әрлеген орынжайлардың атын атап шықсақ та, олардың қандай сенімге ие екендіктерін, жұмыстарын қаншалықты сапалы жасайтындарын түсінуге болады. Олар құрылыс жұмыстарын, қалпына келтіру мен әрлеу жұмыстарын да жасайды. Олардың қолдарынан өткен ғимараттар қатарында аэробекет, автобекет, облыстық мәслихат, мәдениет институты, «Газжобалау» жобалық институты, «Қазақстан» мен «Достық» кинотеатрлары, «Қазақгаз» кеңсесі, «Оралқуат» ПСК, мектептер, балабақшалар, перзентханалар, тұрғын үйлер мен тағы да түрлі ғимараттар бар. ЖШС тарихы сонау 1974 жылдан бастау алады. Ол кезде «Отделстрой» құрылыс фирмасы деп аталды, қайта құру мен жекешелендіру басталған кезде жеке кәсіпкермен сатып алынды.


«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біртұтас бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты: Аймақтық кәсіпкерлік тұрақты да үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, бар жұмыс орындарын қолдау.

Жеке кәсіпкерліктің, бірінші кезекте шағын және орта бизнестің даму деңгейі мен жағдайына байланысты жалпы еліміздің тұрақты экономикалық дамуы қамтамасыз етіледі.

Экономиканы әртараптандыруда шағын және орта бизнестің рөлі маңызды. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында шағын және орта кәсіп иелерін жұмыс барысында қосалқы мердігер ретінде пайдаланатын ірі кәсіпорындар көптеп қалыптасады.


ҚКФ 7,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан, жұмысының негізгі бағыттары – құрылыс салу, құрылыс материалдары мен дайындамаларын жасау, ғимараттарды қалпына келтіру және күрделі жөндеу. Өндірістік базада бірнеше цех бар. Дәнекерлеу цехында металл құрастырылымдар, арматуралық тор, сәндік қоршаулар, торлар, сонымен қатар көлікжайларға арналған қақпалар мен темір есіктер, тұрғын жайлар мен іскерлік орталықтар инфрақұрылымында қажет заттарды дайындайды.

Ағаш цехында есік пен терезе жақтауларын, еден ернеуі, маңдайшалар, штапиктер, сәндік рейкалар сияқты әрлеуге арналған түрлі бойлық бұйымдарды дайындайды. Бүгінде интерьерде гипстен жасалған бұйымдар кеңінен қолданылады: гүлөрнектер, ернеулер, бұрыштамалар гипстік цехта дайындалады. Жонғыш цех та қарап тұрған жоқ. Автокөлік, шағын механикаландыру құралдарын, құрылыс инструменттерін жөндеуге арналған шеберханаларда да жұмыс жетерлік.

«Кәсіпорында құрылыс механизмдері мен автокөліктерінің мобильді паркі бар. Ауыр жүктерді тасуға арналған және аз тонналық машиналар, арнайы мақсаттағы техника, автокрандар, экскаваторлар, электрокөтергіштер және тағы басқалар пайдаланылады, – деді компания жетекшісі. – Құрылыс үрдісі сылақшы және бояғыш стансаларды, жоғары қысымды агрегаттарды, тегістегіш және сүргілегіш машиналар мен өзге де шағын механизациялау құрылғыларын қолдану арқылы барынша механикаландырылған.

Біз бұрын қалай жұмыс жасасақ, қазір де әлемдік дағдарысқа қарамастан солай жұмыстанудамыз. Біздің жұмысымыздың көлемі конкурстық негізде өткізілетін тендерлердің қаншасын ұтқанымызға байланысты, – деп назар аударды Валентина Павловна. – Бүгінгі таңда Зашаған кентінде 156 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы және сонымен бірге Дариян ауылында 300 орындық орта білім беретін мектеп пен 100 орындық интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде» (интервью тамызда болды).

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат орталығының мәліметінше, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына дейін республикамызда 70 мектеп пен балабақша салынып болуы керек. Оның сөзінше, 2017 жылы Ұлттық қордан 109 білім нысанының құрылысына (53 өтпелі нысан, 56 жаңа нысан) 71,7 млрд. теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 70 жаңа нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдедегі мәлімет бойынша, жергілікті бюджетке 30,4 млрд. теңге бөлінген, олар толықтай игерілген.

Білікті директордың басшылығымен ЖШС-де тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды, олардың көбінде бір ғана – осы құрылыс компаниясына қабылданғаны туралы жазба бар. Жоғары білікті инженерлік-техникалық мамандар еуропалық стандарттарға сай деңгейде орындалатын кез келген азаматтық құрылыс түрі бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді.

«Отделстрой» ҚКФ» ЖШС-нің жоғары сапалы жұмысын нысандарды пайдаланатын тұрғындар мен облыс және қала басшылығы жоғары бағалайды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салынып жатқан үйлер құрылысын жүргізген жұмысшылармен әңгімесінде, қазақстандықтардың болашағы үшін сапалы да төзімді құрылыстарын жалғастыратындығына сенетіндігін айтты.

Орал қалалық мәслихатының депутаты ретінде В. Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын құрылыс ұйымдары өкілдерінің арасында түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысады. Мемлекетпен бірлесе жұмыс атқара отырып, «Бизнестің жол картасы-2020», «Нұрлы жол», «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2015-2019 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы әрекет жоспары және де түрлі салаларды дамыту мен жаңғыртуға бағытталған өзге де құжаттар бойынша жұмыстанады.


2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту (қалпына келтіру және құрылысы), азаматтар үшін тұрғын үйлердің қол жетімділігін көтеру, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту;

– Кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекелестікке қабілетін арттыру.


Суреттерді түсірген Ярослав Кулик және «Отделстрой» ҚКФ» ЖШС архивінен
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top