Дамудың жаңа әлеуеті

29 июня 2017
0
2080

В.И. Чапаев атындағы кеме жөндейтін-кеме жасайтын зауыт нарықтық реформа дәуірінде «Судоремонтный завод» ЖШС болып өзгерді. Тәжірибелі өндіріс маманы  Владимир Самсоновтың жетекшілік етуімен кәсіпорын шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында табысты түрде жұмыс жасауда. Кәсіпкерліктің ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етілуін де қарастыратын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында, кәсіпорын жергілікті бизнес-құрылымның көмегімен қолайлы банк тауып, сол банк арқылы жолаушылар кемесін жасау үшін несие алып, жаңа өндірістік деңгейге шығуға мүмкіндікке ие болды.

1928 жылы негізі қаланған зауыт кеңестік кезеңде Қазақ КСР-на белгілі кәсіпорын ретінде танылған болатын. Оның стапелінен жүк көтергіштігі 300, 600, және 1000 тонна болатын құрғақ жүк таситын және мұнай тасымалдайтын баржа, «Речной» типті жолаушылар теплоходы және «ПС», брандвахталар, карчекрандар, 1736 жобалы теңіз баржалары өтті.

КСРО-дағы және әлемдегі 90-шы жылдың аяғында 2000-ші жылдың басындағы экономикалық жағдайдың өзгеруі кезінде оралдық кеме жасаушылардан нарық жағдайында жұмысқа жаңаша түрде кірісу қажеттігі талап етілді.

Жайық өзені бойынша кеме қатынасының қысқартылуына байланысты кеме жөндеу және кеме жасау көлемінің азаюы «Судоремонтный завод» ЖШС-ін банкротқа ұшырата жаздады. Алайда, зауыт қызметкерлері Қазақстанның батыс өңіріндегі кеме жасау және кеме жөндеу қажеттілігін зерделей отырып, кеме жасау ставкасын жасауға бел буды.

Алғашқыда бұл қатерлі қадам болды: бар болғаны 37 адам қызмет еткен зауыт экономикалық дағдарыс кезеңінде кеме жасауды қайта жаңғырта ала ма?

Алдымен зауыт қызметкерлері материалдық-өндірістік базаны нығайтты. Механикалық цехта жабынды ауыстырып, шатырды жөндеді, басқарма корпусын заманауи кеңсе техникасымен жабдықтады… Бірақ ең бастысы – зауытқа бұрынғы, уақытпен тексерілген кадрлар қайтарылды және, әрине, олардың негізі сақталды.

Ең алдымен өзен кемесін жасауда аты аңызға айналған Владимир Чижов туралы айтпай кетуге болмас. Оның бригадасы кеңестік кезеңде кәсіпорынның еңбек жетістіктеріне ауқымды үлес қосты. Чижовтың бай тәжірибесі кәсіпорын ұжымына өндірістік процесті жақсартуға үлкен көмегін тигізді.

Бүгінде акцент теорияға емес, тәжірибеге жасалады, өйткені өзеншілерде оқу комбинаты жоқ. Зейнеткерлік жасындағы Владимир Николаевич: «Демалуға әлі ерте, қаншама іс бізді күтіп тұр!» дейтін үнемі.

Самсонов пен оның әріптестері үшін 2014 жылы 24 қыркүйек күні суға жайлы жолаушылар теплоходының түсірілгені ең үлкен оқиға болды. Теплоход «Судоремонтный завод» ЖШС арқылы Р118 «Фонтанка» кеңес жобасы негізінде жасалып, жобаланған.

Бұл жобамен жасалған кеме тарихи және мәдени ескерткіштерге бай Ленинградтың орталық бөлігіндегі жұмысқа арналған. Оралдықтар Жайықтың ерекшеліктерін ескере отырып, бірқатар жаңалықтар енгізді: кеменің ұзындығы 25 метрге, ені 5,5 метрге, бортының биіктігі 1,5 метрге дейін ұлғайтылды, жылдамдығы 20 км/ сағ., суға шөгуі 0,5 метр болды, үш каюта, санитарлық торап бар, 65 орындық жолаушылар салонынан тұрады, жолаушылар сыйымдылығы – 100 адам. Теплоход қуаттылығы 250 ат күші болатын суатар қозғағыш арқылы қозғалады. Бұл Жайық үшін тамаша кеме!

«Фонтанканы» түсіру – зауыт директорының орынбасары Николай Свитичтің, өндіріс басшысы Юрий Терешонковтың, жұмысшы Александр Шукуровтың, ұста Петр Арбузовтың, слип шеберлері Александр Смирнов пен басқа да көптеген зауыт қызметкерлерінің үлкен еңбек жеңісі.

Теңізшілер мен өзеншілердің байырғы дәстүрі бойынша техникалық бюро басшысы Тамара Сайгакова бортқа шампан бөтелкесін ұрып, сындырды. Түсіру табысты өтті. Буксир-итермеші «БТМ-3» кемені тапсырыс берушіге – Атырау облысы әкімшілігіне тапсырды.

Кеме түсірілген соң Владимир Самсонов автормен әңгімелесе отырып, былай деді:

– Біз тек «Фонтанканы» емес, сонымен қатар «Москва» типті теплоход та жасай аламыз, тек тапсырыс берушілер мен қаржы болса болғаны. Егер қажет болса штатты да көбейте аламыз. Менің ойымша, мұндай кемелер Оралға қажет, өйткені жолаушы-экскурсиялық тасымалдау түріне сұраныс көп.

Р51 және Р51Э типті «Москва» жобалы теплоход жасау зауыттың барлық мүмкіндіктерін мобилизациялауды талап етеді және оның дамуында қуатты ынта бола алады. Өйткені мұндай жұмыс – сапалы жаңа деңгей. Бұл жобалар кемелері қай-қайдағы жерлерде емес, Мәскеу кеме жасайтын орындарында жасалып, Еуропа елдері мен Египетке экспортқа шығарылды.

«Судоремонтный завод» ЖШС дамуында үлкен мүмкіндіктер Батыс Қазақстан облысы нарығын игеруде жатыр. Өйткені қажеттілік тек жайлы жолаушылар кемелеріне ғана емес, сонымен қатар сорғы бекеті мен паромға да сұраныс көп. Сол себепті Самсонов пен оның әріптестері өтім нарығын өз өнімімен кеңейту бойынша жұмыстанып, әлеуетті тапсырыс берушілермен байланыс орнатуда.

Екі жақ та олжалы бола алады: тапсырыс беруші сапалы өнімге ие болса, зауыт – өз дамуында жаңа қуатты импульске қол жеткізеді. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар.


Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауынан. 2017 жылғы 31 қаңтар


Тек 2013 жылдың өзінде кәсіпорын өз жобасы бойынша өнімділігі сағатына 2000 кубометр болатын екі сорғы бекетін, өнімділігі сағатына 30-100 кубометр болатын жыл бойы жұмыс жасайтын алты шағын сорғы бекетін салды. Үлкен және шағын сорғы бекетін салу ісі әлі де жалғасын тауып келеді.

Айта кеткен жөн, соңғы уақытта зауыт құмды-қиыршық тас қоспасын алуға, өзендер мен басқа да су қоймаларының түбін тереңдетуге арналған, өнімділігі топырақ бойынша 800-ден 1800 кубометрге дейін балшық сорғыш кемелер шығаруды игерді, ал бұл болса тек өндірістік емес, сонымен қатар табиғатты қорғау міндеттерін де атқарады.

Бүгінгі таңда «Судоремонтный завод» ЖШС – барлық қажетті жабдыққа ие болған заманауи кеме жөндеу-кеме жасау кәсіпорны.

Зауыт территориясында, В.И. Чапаев бөгеуінде кемелерді көтеріп, түсіретін керемет құрылыс – Г-150 слипі бар.

Жайықтағы қазіргі кеме қатынасының төмендеуі – уақытша құбылыс. Өйткені өзен қатынасына деген объективті қажеттілік баршылық: құмды-қиыршық тас қоспасы, азық ракушкасы, Қарашығанақ пен Солтүстік Каспий қайраңы мұнай-газ кен орнына арналған ірі габаритті конструкциялар. Жайық флоты жаңартуды қажет етеді, және бұл ретте «Судоремонтный завод» ЖШС салмақты үлес қоса алатынын айта кеткен жөн.

Қазір кәсіпорында көршілес жатқан атыраулықтар тарапынан болған тапсырыстар бойынша екі балық аулайтын теңіз және өзен кемелеріне жөндеу жұмыстары, Атырау қаласының ЖЭС-на арналған пластинаны өңдеу жұмыстары, отбасылық демалысқа 10 адамға арналған катерлер және – назар аударыңыз! – «Фонтанка» типті екінші жолаушылар теплоходын жасауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолы зауыт қызметкерлері оны әлеуетті тапсырыс берушілерге өздері ұсынуға дайын. Батыс Қазақстан облысының атқарушы органдарының әрекет етуі арқылы жолаушылар теплоходтарын және зауыттың басқа да өнімдерін жасатуға түскен тапсырыстар зауыттың алдағы уақытта дамуының сенімді негізі болады.

Бұл жобаларды орындауда адамдар жетіспейді, сол себепті жуыр арада «Судоремонтный завод» ЖШС-нің штаты 70 және одан аса адамдарға көбейтілетін болады.

Кәсіпорынның болашағын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадам тұрғысынан қарастырған жөн.

№65 қадамда айтылғандай: «Қазақстанның халықаралық көлік-коммуникациялық ағыны интеграциясы. «Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз» мультьмодельдік көлік дәлізін құру жөніндегі жобаны іске қосу Қазақстан территориясы арқылы Хоргостан Ақтау портына дейін, әрі қарай Каспий теңізі бойынша Әзірбайжанға, содан соң Грузия арқылы кедергісіз жүк транзитін жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Теңіз баржасы құрылысын жаңарта отырып, кәсіпорын осы және басқа да көлік дәліздерінің әлеуетті қатысушысы бола алады.

Автордың суреттері
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top