Дамуға деген ынта

3 августа 2017
0
1779

Біз тамағымызға зиянды қоспалар, дәм күшейткіштер және басқа да химиялық қоспалар қосылмаған табиғи азық-түлікті жиі пайдаланамыз ба? Сұрақ қиындау, өйткені сауда орындарынан біз өзімізге ненің ұсынылып жатқанын, және белгілі бір азық түрінің құрамына қандай ингредиент кіретінін әркез біле бермейміз. Алайда Оралдықтар сенім артатын жергілікті тауар өндіруші бар, оны тек Орал қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа қалалары мен Ресей тұрғындары да жақсы біледі. Есімі – Сергей Каверин. Оның өндіретін сары майын, ірімшігін кез-келген дүкеннен сатып алуға болады.

Сергей Каверин мамандығы тауартанушы бола тұра, осы бизнеске, дәлірек өндіріске бірте-бірте келді, бұрын мұндай жұмыс туралы білмейтін.

Адыгей Сергей үшін Ресей Федерациясы құрамына кіретін географиялық картадағы жәй бір республика ғана емес, осы мемлекеттің арқасында ол «сүт өзені» жағалауына тап болды. Он тоннадан астам сүтті «Каверин» ЖК өндіреді, онымен қоса тұрғындар сұранысындағы сары май, чечел ірімшігін шығарады.

Жігерлі, ізденімпаз адам ретінде, Сергей Қазақстанмен шекаралас ресейлік қалалардан автокөліктің қосалқы бөлшектерін тасып, фастфудтар дайындайтын бірнеше дүңгіршектер ашып, сауда бизнесінің әр түрін бастап көрді. Бірақ, бір күні РФ-да тұратын досы ірімшік шығарумен айналысу туралы ой тастады, өйткені Қазақстанда бұл бизнесті дамытуға жағдайда, жайылым да, мүйізді ірі қара да бар. Сергейге бұл ұсыныс ұнағандай болып, оны жүзеге асыру туралы көп ойланды.


«ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарында» ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндіру, бірінші кезекте ет пен сүтті және ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту бойынша «КазАгро» басым инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекет кепілдік беретін ФАА қарызын алуға екпін жасалған.


Көп ұзамай Адыгейге тәжірибе алмасуға барады. Бір кәсіпорынға, содан соң екінші кәсіпорынға жұмысқа орналасып жұмыс істегенімен, чечел өндірудің қыр-сырын ешкім тіс жарып айта қоймады, құпия болатын. Десек те, ол технологиялық процесті ұғына бастады. Содан соң ірімшік өндірісін ашуға белін бекем буып, еліне оралды. Бұл бизнесті ашудың оңай емес екенін де түсінді, өйткені құрал-жабдық жоқ, қаржы жеткіліксіз. Тек шикізат табу ғана жеңілге түсетіндей – ауыл тұрғындары сүтті көтерме саудагерлерге тапсырады – келісуге болады.

«Жеңіл» деген істің өзі «шымыр жаңғақтай» болды: қожайындары сүтті тапсыруға зауықсыз екен, бұрынғы сатып алушылар арзанға алып, дұрыс есептеспеген жағдайлар жиі болған. Бір сөзбен айтқанда, Сергей Михайловичке үй аралап, Зеленов ауданына қарасты елді мекендермен байланыс орнатуға тура келді.

Қаржы құралдарының жетіспеуі үлкен кедергі болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың кіші және орта бизнесті дамытуға арналған «Агробизнес-2020», «ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары» сынды бірқатар құжаттары көп көмегін тигізді.

«Шындығын айтқанда, мемлекеттің субсидиясы маған көп көмектесті, – деп ағынан жарылды Сергей Михайлович. – Алғашында біз сүттің сатып алу құнын литріне 70 теңге етіп белгіледік, сосын күн салқындаған кезде біртіндеп 100 теңгеге жеткіздік, ал бұрын бізге дейін сүттің сатып алу бағасы 50 теңге болатын. Мұнің барлығы жеке шаруаларды бізбен әріптестік қарым-қатынасқа шақыру үшін шаралар еді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту аймақтық қордың қолдауымен он екі миллион теңге көлемінде несие алынды».

Ұйымдастыру-қаржылық мәселелерді шешу өз алдына, өндірістік цикл көп жұмысты қажет етеді, азық-түлікке қатысты болғандықтан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тіпті үнемі қаусырма, торт немесе басқа да ас мәзірін дайындайтын әйелдің өзінде кей-кездері жұмысы оңға баспай жатады: бір нәрсені жетістірмей салады немесе бір нәрсені артық салып қояды, солай астың дәмі келмей жататын кездер болады. Ірімшік жасауға алғаш кіріскен ер адамның жәйі белгілі ғой. Сергей Михайлович цехта қона жатып жұмыс жасап, бүкіл процесті жаңадан бастады: ірімшік массасы біресе созылып, біресе жайылып, бұрымша етіп өру қиынға соқты. Олай болады да, жергілікті сүт Адыгейде сауылатын сүтке қарағанда өзгеше. Жиырма тонна шикізат бүлінді. Әрі қарай жұмыс жасауға қызығушылық та азая бастағандай болды. Дей тұрғанмен, Каверин табандылық танытып, жұмысты жалғастыра берді. Істі аяғына дейін жеткізу оның ерекше қасиетінің бірі болатын.

Ірімшік пен сары майды өндіруде құрғақ қоспасыз, тек табиғи сүт қолданылады, бұл «Каверин» ЖК басты ерекшелігі. Бүгінгі таңда сарымай-ірімшік зауыты сүтпен жабдықтаушы жеке тұлғалармен жұмыс жасайтын «Батыс сүт» ауыл шаруашылық кооперативімен бірлесе қызмет етеді.

42 адам жұмыс жасайтын өндірістік кешен Дариян ауылында жуырда ғана іске қосылды, бұған дейін ғимаратты жалға алып отырған. Бұрынғы иесіз қалған нан зауыты ғимаратын сатып алып, қайта жасап, жабдықтап, Сергей Михайлович шикізатты және Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Самара, Казань қалаларына жеткізілетін өнім өндірісін сатып алу көлемін елеулі түрде ұлғайтты. Сары май брикеттері Астанада жақсы өтеді. Табиғи өнім болғандықтан бағасы да тиісінше, алайда мемлекеттің субсидиялау есебінен арзандау бағамен сатылады.


«АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру»: сый-ақы мөлшерлемесін төмендету арқылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қаржылық міндеттерін, пайызды төлеуді субсидиялау, несиені қайтару мерзімін ұзарту, негізгі қарызды өтеуді, айыппұлды, өсімақыны, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығаруды және т.б. жеңілдетеді.

«АӨК субъектілеріне арналған тауар, жұмыс және қызмет түрлерінің экономикалық қолжетімдігін арттыру» ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қажетті шикізат тауарларына және агроөндірістік кешеннің неғұрлым тиімді дамуына қажетті құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Агробизнес-2020» агроөндірістік кешенді
дамыту бойынша бағдарлама


Сергей Михайлович бізге өзінің цехын көрсетті. Үлкен күбілерде сұйық ірімшік шикізаты бар, оның бір бөлігі бірқатар технологиялық қимылдан соң өрілетін жіңішке ұзын «жіпшеге» айналады. Әрі қарай олар 40-50 градус температурада сағат бойына қақталатын камераға жіберіледі. Бөлшектеп өңдеу үстелінде оны буып-түйіп, герметикалық дәнекерленген полиэтилен мини-пакеттерге қаптайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында жұмыс сапарымен Зеленов ауданына келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Каверин өндірісін басқаға үлгі боларлықтай екенін, осы ауданның дамуына 3,5 миллиард теңге бөлінгенін айтып өтті.

– Сары майдың бір килограмының өзіндік құны екі мың теңгеден асады. Алайда біз осы бағамен сатамыз. Мемлекет субсидиясы бағаны көтермеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ литрі 80 теңге тұратын сүт сатып алуға кеткен шығынды өтейді, осының барлығы бізге үлкен көмек және бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді кәсіпкер. – Тонна ірімшік және 400-500 кг сары май шығарамыз. «Мактамак» маркалы біздің майымыздың зауыттық қаптамасын алып тастап, басқа қаптамаға орап, қымбатырақ сататын жағдайлар да кездеседі. Тек чечел емес, басқа да өсімдік – сары май спредін, қатты ірімшіктер шығарғымыз келеді, оны тек өндірісті кеңейткен кезде ғана жүзеге асыра аламыз.

Суреттерді түсірген Ярослав Кулик
ВСЕ РАЗДЕЛЫ
Top